Алаш үні

Қазалыда Абайдың барлық өлеңдерін жатқа білетін оқушы бар

  • Қазалыда Абайдың барлық өлеңдерін жатқа білетін оқушы бар

    Қазалыда Абайдың барлық өлеңдерін жатқа білетін оқушы бар

Қазалылық оқушы Аяулым Азен ақын Абай Құнанбаевтың өлеңдерін түгел жатқа біледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Әйтеке би кентіндегі №170 мектептің 8-сыныбына аяқ басқан Аяулым Хәкім Абайдың барлық өлеңдері мен 35 қара сөзін жатқа айтады. Ұлы ақынның өлеңдеріне құмартқан ол аудандық, облыстық «Абай оқулары» сайыстарында жүлдеге қол жеткізген.


Ал осы жылы «Өлең - сөздің патшасы, сөз - сарасы» атты облыстық Абай Құнанбаевтың өлеңін жатқа айтушылардың жарысында бірінші орын иеленді.


«Әкем Абай атаның өлеңдерін жаттасаңдар, жаман болмайсыңдар деген. Сіңлілерім де менімен жарыса өлең жаттауда», - дейді Аяулым. Аяулымның зеректігін аңғарған ұстазы Майра Омарованың да айтары бар.


«Мен Аяулымның сынып жетекшісімін. Ол өте ұқыпты. Мәселен, Абайдың өлеңдерін бөліп-жармай, кітабының алғашқы бетінен, соңғы парағына дейін жаттаған. Сондай-ақ, Аяулым есепке де жүйрік», - дейді ұстазы.


Бұдан бөлек, Аяулым Абайдың қара сөздерін айтушылардың арасында өткен республикалық байқауда үшінші орын алған.



«Аяулым - қыздарымның тұңғышы. Әр ата-ана баласының жетістікке жеткенін, биіктерден көрінгенін қалайды. Мен де қызымның сабаққа деген ынтасын арттыру мақсатында көп қадағаладым. Әдепкіде математикаға деген құштарлығын ескеріп, осы бағыттарда жұмыс жасадық. Одан кейін, Абай атамыздың өлеңдеріне ден қойғыздым. Өз басым Абайдың қара сөзін, өлеңдерін білген жанның жаман болмайтынын білемін. Өлең-жыр кез келген жанға жігер мен шабыт сыйлайтыны анық. Бір жағынан есте сақтау қабілетінде арттырады», - дейді Аяулымның қара өлеңге қаршадайынан құмартуына себепкер болған әкесі Жеңісбек Аралбаев.


Сәрсенқұл Назар


 




Көрілген: 1514    Пікірлер: 0

сенбі, 28.07.2018, 15:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде 2017
    Алашшыл азамат
    12 Шілде 2017
    Генерал жолы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31