Алаш үні

Кейкі батыр кесенесінің құрылысы аяқталуға жақын

  • Кейкі батыр кесенесінің құрылысы аяқталуға жақын

    Кейкі батыр кесенесінің құрылысы аяқталуға жақын

Кейкі батыр кесесінің құрылысы аяқталуға жақын. Бұл туралы бүгін елордадағы «Сәтті» мейрамханасында Қостанай мен Торғай өңірінен шыққан белгілі азаматтардың басын қосқан кездесуде Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов айтты, деп хабарлайды inform.kz


«1 ғасырға жуық уақыт бойы жат жерде сақталған Кейкі батырдың бас сүйегі елімізге оралды. Қазіргі уақытта кесенесінің құрылысы жүріп жатыр. Қыркүйек айында Амангелді ауданының аумағында, Арқалық қаласында Елбасының тапсырмасына сәйкес Кейкі жатырдың бас сүйегін жерлеу рәсіміне байланысты бірқатар шара өтеді. Бұл шараларға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі басшылық жасауда. Оған бізде қатысудамыз. Жалпы кесене құрылысы аяқталуға жақын», - деді облыс басшысы. 


Оның айтуынша, Қостанай мен Торғай өңірінен шыққан білікті дәрігерлер бүгінде ауылдарға барып, жергілікті тұрғындарға медициналық көмек көрсетуде. Ал тілші қауымы өскен өңірінің тыныс-тіршілігі жайында танымдық репортаждар жасаса, спортшылар туған ауылдарында спорттық шаралардың өтуіне мұрындық болып, жастарды спортпен айналысуына себепкер болуда. 


«Арамызда «Астана Операның» басты солистерінің бірі Роза Нүркей Қостанай мен Арқалық қалаларында концерт беріп, түскен қаржының барлығын науқас балаларға көмек ретінде арнайы қорға аударды. Бұл да үлгі боларлық іс деп білемін», - деді Архимед Мұхамбетов.


 




Көрілген: 2472    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жексенбі, 06.08.2017, 15:47

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
26 Шілде, 14:07
Алашшыл азамат
12 Шілде, 11:51
Генерал жолы

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
желтоқсан
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31