Алаш үні

Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінің түпнұсқасы табылды

  • © 24.kz

    © 24.kz

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне Түркияның Стамбул қаласынан яссауитанушы ғалым, Қожа Ахмет Ясауидің жиырма жетінші ұрпағы, «Yesevi ocaklari» журналының бас редакторы Исметулла Ясауи келді.


Қорық-мұражайда өткен Наурыз мерекесіне арналған мәдени іс-шара барысында Исметулла Ясауи салтанатты түрде Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» қолжазбасының түпнұсқасын «Әзірет Сұлтан» қорық музейінің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлына табыс етті.


Кітап 1212 жылы шағатай тілінде жазылған.


Ясауитанушының айтуынша, жеті ғасырға жуық сақталып келген құнды жәдігердің түпнұсқасында жарыққа шықпаған қаншама дүниелер мол. Алдағы уақытта аталған құнды жәдігерді Астана қаласындағы Ұлттық сирек кітаптар мен қолжазбалар орталығында аударма жұмыстарын жасату жоспарлануда.


Салтанатты шара Наурыз мерекесін атап өтуге ұласты.


Маңызды басқосуға жиналған халық музей ұжымы дайындаған наурызкөже мен дастарханнан дәм татып, концерттік бағдарлама тамашалады. Ұлыстың ұлы күнімен барша қызметкерлерді құттықтаған мекеме басшысы Нұрболат Қадырұлы ясауитанушы Исматулла Ясауиға «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық мұражайы атынан арнайы сыйлықтар табыс етті.


24.kz


 




Көрілген: 2966    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.03.2018, 13:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 22:28
    «МЕНІҢ ЖӘНІБЕГІМ!»
    15 Қаңтар, 13:05
    Нар тұлғалы Ноғаев
    14 Қаңтар, 11:47
    Бір әйелдің тағдыры
    8 Қаңтар, 12:29
    Хан Кененің қаруы
    3 Қаңтар, 11:43
    Қазақтың «обалы»
    26 Желтоқсан 2018
    Өмірді өзгерткен хат
    25 Желтоқсан 2018
    Атақ сатыла ма?
    20 Желтоқсан 2018
    Колбиннің ит өлімі ...
    15 Желтоқсан 2018
    Анамның хаты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28