Алаш үні

КСРО қанша миллион халықтың көзін жойды?

  • КСРО қанша миллион халықтың көзін жойды?

    КСРО қанша миллион халықтың көзін жойды?

  Кеңес Үкіметінің зардабы әлі күнге дейін толық зерттелмеген тақырыптардың бірі. Оған өте көп факторлар бар. Мұрағаттағы ақпараттардың жабықтығы мен деректердің бұрмалануы, дәйектердің қасақана жойылуы және т.б. Алайда осы күннің өзінде-ақ оның сұмдық қылмыстары тарих бетінен қалқып шығуда. КСРО-ға өкпесі қара қазандай халықтың саны тым көп. Ол түсінікті жайт. Өйткені 70-жылдың ішінде КСРО кей халықтарды жер аударып, қысым көрсетсе, енді біріне геноцид жасап, жер бетінен жойып жіберудің барлық әрекетін жасады. Сонымен нақты статистикалар не дейді? Ғалымдар мен демографтардың ақпараттары қандай мәліметті бізге бермек?


Сталиндік-Лениндік кезең қанша халықты қырды?


Аталмыш тақырыптағы тарихи тартыс тоқтаған емес. Бірі КСРО-ның саясатын жақтаса, енді бірі лағнет айтумен келеді.


1953 жылы «Павлов анықтамасы» жарыққа шықты. Онда 1921-1953 жылдар аралығында КСРО-да бар-жоғы 800 мың адам атылған, саяси қудаланған деп жазылған. Ал қалған халық мамыражай күй кешіпті-мыс. Анықтамаға КСРО-ның ІІМ-індегі арнайы 1 бөлімнің полковнигі Павлов қол қойғандықтан, солай аталып кеткен.


Бұл құжаттың шындыққа жанаспайтынын, тіпті күлкілі екенін барлық тарихшылар мойындайды. Тіпті коммунистік саясаттың сарқыншағын қолдайтындар да. Алайда осы өтірік анықтама көптеген жанның «КСРО-періште» деген уәжде басты дәлелдері ретінде келтіретін фактілері.

Енді осы анықтамаға тоқталсақ. «Павлов анықтамасында» 1921-1953 жылдар аралығында КСРО бойынша 799455 адам атылған деп көрсетіліпті. 1937-1938 жылдары 117763 адам, 1941-1945 жылдары 42139 адам атылған деп жазылыпты. 1921-1953 жылдары большевиктік саясатқа қарсы әр елдегі көтерілістерде жиыны 75624 адам атылған. Тек қана 37-жылдары Сталин бірнеше есеге ату санын халық жауларын жою мақсатында арттырған деп тайға таңба басқандай көрсетілген. Анықтамада қызыл террор мен Троцк дәуіріндегі сұмдық кезең, миллиондап қазақ пен украинды, қарапайым орыс пен КСРО-ның өзге де халықтарын қырған қылмыстар көрсетілмеген.


Ал енді шынайы статистикаға келсек. Онда төбе шашыңыз тік тұрып, жағаңызды ұстайсыз. Статистика мынадай:


«Қызыл террор» құрбандарын зерттеу комиссиясы 1917 жылғы «қызыл террордан» 1,7-2 млн адам көз жұмды дейді.

1918-1922 жылдары ауыр әлеуметтік жағдай мен соғыстан туындаған қиындық салдарынан тараған эпидемиядан 6-7 млн азамат ;

1917-1923 жылдардағы азамат соғыс кезінде З.Купцовтың зерттеуі бойынша 2,7 млн адам, ал А.Александровтың зерттеуі бойынша 8,1 млн адам;

1921-22 жылдардағы қолдан жасалған аштықтан Д.Поляков 1 млн, А.Александров 4,5 млн адам;

1921-23 жылдардағы шаруалар көтерілісін басу кезінде 0,6 млн адам (КСРО-ның ішкі санау жүйесі);

1928-1932 жылдардағы күштеп ұжымдастыру салдарынан 4 млн адам;

1930-33 жылдардағы екінші қолдан жасалынған аштықтан Александров 6,5 млн адам, Р.Андреев 14,4 млн адам;

Саяси қуғын-сүргін құрбандары 1,8 млн адам;

1930-жылдары Александров бойынша қамақта қаза тапқандар саны 2 млн адамды;

Фин соғысында қаза тапқандар саны 136 мың адам;

Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар саны ресми дәйек бойынша 27 млн адам, Ресей статистика мекемесі бойынша 38 млн, демограф Б. Курганов бойынша 41 млн адамды құрайды екен.

Бұл статистикалардың өзі азайтылып алынған сандар екенін естен шығармаңыздар. Әлі күнге дейін статистикаға 1920-40 жылдары КСРО аймағында болған 900-ден астам көтеріліс құрбандарының бірі де кірмеген. Мысалы аштық жылдарында елімізде орын алған 300 көтерілістің есепке алынбағаны тағы бар. Сталиндік-лениндік саясаттан жер ауып, босып кеткен халықтың саны бірнеше миллион. Соғыс жылдарында күштеп депортацияланған және қоныс аударылу барысында қаза тапқандардың саны тағы бірнеше миллионды құрайды. 1945 жылдан бастап орын алған қырғи-қабақ соғыс кезінде түрлі әскери қимылдарға, сынақ алаңдары мен тың игеру, ядролық қаруды сынау, экологияның нашарлауынан зардап шеккен халықтың саны әлі күнге дейін есептелген емес.


Енді аз-кем ой тарқатсақ. Большевиктердің қылмысын зерттеудің арнайы комиссиясы 1918-19 жылдары 1766118 ресейлік, оның ішінде 28 епископ, 1215 шіркеу және мешіт қызметкері, 6775 профессор мен мұғалімдер, 8800 дәрігер, 54650 офицер, 260000 сарбаз, 355250 зиялы қауым өкілдері, 193350 жұмысшы, 815000 шаруа өлтірілгенін дәлелдеп шықты.

Мысалы 1921-23 жылдары болған бір ғана Тамбов көтерілісінде 240 мың адам қаза тапқан. Көтерілісті басуға атсалысқан чекист Гольдин: «Біз кімді атқымыз келсе соны атамыз. Ешкім оны зерттеп, не тергеп, қазбаламайтыны анық. Қанша адам өлтірілгенін өзіміз де білмейміз. Санынан жаңылыстық» деп айтқаны мұрағаттардан табылған. Бір ғана көтерілісте 240 мың адам. Тіпті одан да көп болуы мүмкін. Енді КСРО-да қаза тапқандар саны есепке алынбаған 900-ден астам көтерілістің әрқайсысында кемі 10 мың адам өлтірілді деп есептесек, 9 млн адам шығып тұр. Бұл бірнеше есе азайтып есептегеннің өзінде.


КСРО-ның Мемлекеттік статистика комитетінің минималды есебі бойынша большевиктердің саясатының кесірінен көз жұмған адам саны – 31 млн. 1990 жылы статистика маманы О.А.Платонов: «1918-53 жылдар аралығында өз ажалымен емес, ату, аштық пен қуғын-сүргін, соғыс салдарынан КСРО-да кемі 87 млн адам қаза тапқан. Ал енді аурудан қаза тапқандар мен қоныс аударғандар және өмірге келуі мүмкін ұрпақ есебін салыстырмалы түрде есептесек, онда адам шығыны 156 млнды құрайды» деп, сұмдық статистиканы алға тартты.


Ресей философы Иван Ильин “Орыс халқының саны» атты еңбегінде: «Осының барлығы тек қана соғыс жылдарында. Соғыс жылдарында біз 36 млн адамды жоғалттық. Ал жалпы 72 млн адам революцияның кесірінен, большевизм салдарынан азаппен өлді»-дейді.


А. Иванов «Ресей мен КСРО-ның демографиялық шығыны» атты мақаласында адам шығынын үш кезеңге бөліп көрсетеді:


1917-29 жылдардағы кеңестік биліктің орнауы кезінде 30 млн адам;

1930-1939 жылдары Ұжымдастыру мен саяси-қуғын-сүргін сәтінде 22 млн адам;

1940-1950 жылдары соғыс пен соғыстан кейінгі қиын кезеңде 51 млн адам қаза тапты дейді. Жиынтығы 103 млн адам деп көрсетеді.

Француз ғалымы Э.Тери 1948 жылы КСРО-да демократиялық билік болғанда кемі 343 млн адам болуға тиіс еді, алайда 170,5 млн ғана халық бар деп жазды.


Қорыта айтқанда, КСРО-ның сұмдық саясаты миллиондаған халықты жойды. 4 млн қазақты аштықтан қырып, 125 мың зиялы қауым өкілдерін атып тастады. Шығынның бұдан бірнеше есе көп екені анық. Мұрағат ашылғанда, санның еселеп артуы ғажап емес.


Асхат Қасенғали




Көрілген: 3155    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.02.2018, 20:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде 2017
    Алашшыл азамат
    12 Шілде 2017
    Генерал жолы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30