Алаш үні

КСРО кезінде 1 сомға не алуға болатын еді?!

  • КСРО кезінде 1 сомға не алуға болатын еді?!

    КСРО кезінде 1 сомға не алуға болатын еді?!

Өткен кезеңдерді еске алып отыру дұрыс шығар. Бұл да бүгінгілер үшін қызғылықты дерек. Бірақ өткенді аңсау емес. ХХ –ғасыр әлемде КСРО секілді алып мемлекеттің дүниеге келіп, құрдымға, тарих қойнауы кеткен ел ретінде жұртшылықтың есінде қалды. Бірақ нарығы социалистік жоспарлы жүйеге құрылған мемлекеттің ғұмыры ұзаққа бармады. Қайта құру бәрін құртты. Шикізатқа байланған ел халқының еңсесі түсіп, қаржысы құнсызданды. Бірақ еске алып көрелікші, КСРО дәуірінде 1 сомға не сатып алуға болатын еді?! Сонымен…



  1. Әрқайсысы 25 тиыннан тұратын ақшалай-заттай 4 лоторея билеті.

  2. Бағасы 1 тиын болатын 100 қорап сіріңке.

  3. 12 парағы бар 50 дана дәптер.

  4. Көшедегі телефон-автоматтан 50 рет қоңырау шалу. Әр қоңырау 2 тиыннан тұрды. Көшедегі телефон-автоматтарда адамдар кезегі үзілмейтіні жұртшылықтың көз алдында қалған шығар.

  5. 90 тиын тұратын қалайы, темір шелек.

  6. Троллейбусқа билет –4 тиын, автобусқа билет – 5 тиын тұрды. Бір соммен бүкіл қаланы айналып шығуға болатын еді.

  7. 10 тиын тұратын 10 стакан томат сусыны.

  8. 2 медаль іспетті жасалған 2 шоколад (50 тиыннан).

  9. Бағасы 50 тиын болатын екі қорап орыс пельмені.

  10. 1 тиын тұратын 100 стакан газсыз сироп және бағасы 3 тиын болатын 33 стакан сироп сусыны.

  11. Әр данасы 16 тиын болатын 6 чебуреки.

  12. Еті бар он тиындық – 10 пирожки

  13. Егер қоғамдық көлікте билетсіз жүрсең, 1 сом айыппұл төлейсің.

  14. Капуста, картоп, күріш пен жұмыртқа қосылған етсіз 25 пирожки.

  15. 5 тиындық билет құнымен Мәскеуде метромен 20 рет ары-бері бағытқа жүріп тұруға болады.

  16. Екі литр қайың шырынын алуға болады. Оның бағасы 10 тиын тұрды.

  17. Шаштаразға 5 рет кіріп-шығуға мүмкіндік бар. Оның бағасы балалар үшін 20 тиын шамасында.

  18. Бір сомға 2 тиын қосып, бір бөтелке шарап алуға болады.

  19. 20 тиындық 5 пломбир балмұздағы

  20. Бағасы 99 тиын болатын бір бөтелке күнбағыс майы.

  21. Құйылмалы он бес кружка квас. Бағасы- 6 тиын.

  22. 33 тиындық үш кішкентай майонез банкасы.

  23. Үш литр сүт, әр литрі – 28 тиын.

  24. Бес батон ақ нан, бағасы – 20 тиын.

  25. 10 келі картоп.

  26. Жиырма литрлік канистрге А-72 бензинін алуға болады (90 тиын)

  27. Ересектерге арналған 10 билетпен киноға кіріп-шығуға болады.

  28. Бір қорап ««Мальборо» темекісі.

  29. Екі қорап Кеңес Одағында жасалған сағыз (50 тиын)

  30. 10 октябрят жұлдызшасын алуға 1 сом жетеді.

  31. Маркасы жапсырылған 25 конверт

  32. Құйылатын автоматтан 5 кружка сыра.

  33. Бағасы 90 тиын тұратын 10 жұмыртқа.

  34. Сонымен қатар түскі асқа (комплекс) 1 сомға бірінші, екінші, салат, булочка мен компот алуға болады.

  35. Техникумда стипендия -30 сом, инстутта- 40 сом, ал старосталар мен оқу үздіктері одан жоғары алды.

  36. Еңбекшілердің орташа жалақысы 90 – 120 сом аралығында болды.


… Келмеске кеткен Кеңес Одағында нарық бағасы солай болған, осылай да өмір сүргенбіз.


Берік БЕЙСЕНҰЛЫ


aikyn.kz




Көрілген: 2036    Пікірлер: 1

сенбі, 13.05.2017, 23:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде 2017
    Алашшыл азамат
    12 Шілде 2017
    Генерал жолы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30