Алаш баласы, айнаңа қара!

m.alashainasy.kz
сейсенбі, 30.05.2017



Алаш үні

Қырғыз ақындары қазаққа соғыс ашуды насихаттады...

  • Қырғыз ақындары қазаққа соғыс ашуды насихаттады...

    Қырғыз ақындары қазаққа соғыс ашуды насихаттады...

Азамат Болғонбаев пен Аалы Туткычев. Екеуі де қырғыз ақыны. Қазақстанға талай келіп, Жүрсін Ерман жүргізетін Халықаралық айтыстарға қатысқан. Тіпті жүлдеден қанжығалары бос қайтқан емес.

Жуырда әлеуметтік желіде дәл осы екі ақынның Ыстықкөлдегі айтысы жария болды. Бейнежазбаның жарияланған уақытына қарасақ, айтыс 2016 жылы болған. Онда сөзінің бісмілләсін «оңбаған қазақ» деп бастаған айтысын "маңқа қазақ" деп аяқтап, екеуі қазақ халқына, оның ұлттық құндылықтарына, мәдениетіне тіл тигізген. Айтыс сахнасынан ауыздарына келгенді айтқан екеудің бұл «ақындығы» қазақ-қырғыз қарым-қатынасына сызат түсіріп, халықаралық, қала берді ұлтаралық даудың білтесін тұтатар түрі бар. Сондықтан да, біз сөзді көбейтпей видео-жазбаны толық жариялай салғанды жөн көріп отырмыз.



Жә, дау шақырмақ ойымыз жоқ. Әуелі қырғыздың Азамат пен Аалы дейтін екі ақынының Қазақстандағы айтыстарына бір назар аудара кетейік.

Азамат Болғанбаев әріге бармасақ та, былтырғы жылы Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған айтысқа қатысты. Сол айтыста қазақтың орақ тілді жас ақыны Шұғайып Сезімханмен айтысып, «екі елдің ынтымағын жырлайық» деген Азамат иығына қазақтың шапанын киіп, қалың қазақтың шапалақ қошеметіне бөленіп, ақыры айтыстың үшінші жүлдесін иемденіп кеткен еді. (https://www.youtube.com/watch?v=oTOhl5lueYI)

Біз Азамат пен Аалының айтысына байланысты Шұғайыпқа хабарласып едік, ол даулы айтыстың ертеректе болғандығын айтты. Дегенмен, Жүрсін Ерман басқаратын одақ қызметкері болған соң Шұғайып, қырғыз ақындарының Қазақстандағы айтысқа қалай келгендігін әңгімелеп, Азамат пен Аалының біздің елде өтетін айтысқа бұдан былай қатыспайтынын айтты.

Айтпақшы, Қырғызстанда болатын айтысқа жиі қатысып жүрген ақын Серік Қалиев Азаматтың былтыр күзде Талдықорғанда өткен Сүйінбайдың 200 жылдығына арналған айтыста да жүлделі қайтқанын есімізге түсірді. «Мен ол екеуінің айтысын әлі көрмедім. Бірақ, естуім бар. Азамат былтырға дейін Қазақстандағы айтысқа қатысып жүрді. Тіпті, Талдықорғанда ол жүлделі болған. Бұл дұрыс емес, әрине. Ұят болған екен», - деді.

2014 жылы Астана төріндегі аламан айтысқа қатысқан Аалы Туткычев Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлынан бастап, Қазақстан мен қазақ халқын асыра мақтады. Сол кезде от ауызды, орақ тілді Ринат Заитовпен айтысып, одан оңбай ұтылған еді. Алайда, Аалы мен Ринаттың айтысы өте тартымды болып, ол айтысты Мырзатай Жолдасбеков бастаған марқасқалар «XXI ғасырдағы Сүйінбай мен Қатағанның айтысы болды» деп баға берді (https://www.youtube.com/watch?v=bAzZmMXj9Uo). Одан бөлек Аалы, қазақ ақындарынан Серік Қалиев, Балғынбек Имашеев, Ханша Райысқызы, Айнұр Тұрсынбаевалармен бірнеше мәрте айтысқан еді. Онда да араға қылау түсірер еш әңгіме айтылмаған. Алайда Аалының қазақ ақындары мен қазақ халқының тарихы туралы айтқандары әлеуметтік желіні шарлап жүр. Аалының мұнысын батырып айтқан Ринат еді. (https://www.youtube.com/watch?v=mMo4nx62zpo)



Айтыскер ақын Болатбек Оразбаев Азамат пен Аалының айтысы туралы ойын көпшілікпен бөлісіп, «Қырғыздармен айтысқанда батырыңқырап айтсаң бағаңды төмендетіп, "қырғыз-қазақ бауырмыз, ұлтаралық мәселе қозғадың" деп бірінші айналымнан-ақ ұшырып жіберетін қазылар алқасы бір көріп алсын осыны. Сосын қырғыз-қазақ бауыр дей бермесінші. Ит пен бөрі қашан ұялас болып еді?!» деді.

Осыдан кейін екі ақынның Қазақстандағы айтысқа қалай келіп жүргендігін білмек болып, Жүрсін Ерманға хабарластық. Жүрсін аға сырқаттанып жатқанын және ол екеуінің айтысын көрмегенін айтты.

«Бір енеден ала да туады, құла да туады» демекші, біз бұл арада күллі қырғыз халқының аузындағы сөз Аалы мен Азаматтың аузындағы сөз деген ойдан аулақпыз. Тек Қарқара жайлауын даулап, қазақ халқына тіл тигізген Аалы мен Азаматтың сөзін шолақ белсенді саясаткерлер қоздырып әкетсе, түркітілдес екі елдің байланысына сызат түсуі әбден мүмкін.

Геосаяси әм тарихи жайттарды да әркез ескерген абзал. Қазақ дәл қазір Кенесары мен Наурызбай батырлардың басын даулағысы келсе, шамасы әбден жетеді. Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Шыңғысұлы қырғыздың Манас жырын бірінші болып хатқа түсірді. Кеңес одағы тұсында сол Манасты өктем билік жоққа шығарғанда, Манасты қорғайтын бір қырғыз табылмағанда, қазақтан Мұхтар Әуезов қорғап қалмап па еді? Қала берді Шыңғысты Шыңғыс (Айтматов) еткен де Мұхтар Әуезов еді. Аалы бастап, Азамат қоштаған қырғыз ақындары мұны естен шығармағаны жөн.

Алдағы уақытта Рүстем Қайыртайұлы бастаған қазақ ақындары «Abai.kz» порталы арқылы үн қатып, қырғыздың екі ақынына жауап беретін болады.

Мұның сыртында біздің Сыртқы істер министрлігі де қарап жатпай, қазақты қорлаған ақындардың қателегін ресми Бішкекке ескертуі тиіс. Себебі, бұл екі ақын халқымызды мазақтап қана қоймай, қазақ пен қырғыздың ортасына от жағып, екі ел арасында соғыс ашуға ашық насихат жасап отыр.


Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz 




Көрілген: 3165    Пікірлер: 4
Пікірлерді оқу (4) preloader

сейсенбі, 10.01.2017, 18:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қаңтар, 11:27
    Момышұлы серіппесі
    23 Желтоқсан 2016
    Ерболдың ерлігі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31