Алаш үні

Латын әліпбиіне көшу кезінде құнды деректердің жоғалып кетпеуін ойластыру қажет – тарихшы

  • Латын әліпбиіне көшу кезінде құнды деректердің жоғалып кетпеуін ойластыру қажет – тарихшы

    Латын әліпбиіне көшу кезінде құнды деректердің жоғалып кетпеуін ойластыру қажет – тарихшы

Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жайы қазіргі таңда қоғамда кең талқыланып жатыр. Baq.kz тілшісінің деректердің сақталуына қатысты сұрағына жауап берген Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары Амангелді Қашқынбаев құнды еңбектердің жоғалып кетпеуін алдын ала ойластыру қажет деді.


«Латын тілінің маманы болмасам да, қандай да бір жаңарту процестері жүрген уақытта қауіптердің болуы мүмкін деп айта аламын. Біз соған дайын болуымыз керек. Тарихи деректердің жоғалып кетпеуін біз алдын ала ойластырып, қазірден бастап аудармасын дайындауымыз қажет. Тарихи деректердің құндылығына мән беруіміз керек. Мысалы, біз 30-шы жылдардың әдебиеті немесе 50-ші жылдардың тарихи еңбектері бар дейміз. Олардың саны жүздеген, мыңдаған. Бірақ солардың бәрін сақтау қажет пе, әлде, құндыларын ғана сақтап, ұрпақтан ұрпаққа беруіміз керек пе? Менің ойымша, тарих, әдебиет, техника және тағы басқа салалардағы ең құнды деген деректерді анықтап алып, ішіндегі ең қажетті, ең құндыларын аударып, сақтап қалуымыз керек», - деді А.Қашқынбаев Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жайында.


Амангелді Қашқынбаевтың айтуынша, Мемлекет тарихы институты қазіргі кезеңнің тарихымен айналысады. Институт бүгінгі, тәуелсіздіктің 25 жылындағы тарихты қағаз бетіне түсіреді. Ал «кешегі» тарихпен басқа институттар мен ғылыми орталықтар айналысады.


Еске сала кетсек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру керектігін айтқан болатын.


Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ


baq.kz



Көрілген: 522    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 14.04.2017, 11:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде, 14:07
    Алашшыл азамат
    12 Шілде, 11:51
    Генерал жолы
    19 Қаңтар, 11:27
    Момышұлы серіппесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30