Алаш үні

Майдан даласында жайылған дастарқан

  • Майдан даласында жайылған дастарқан

    Майдан даласында жайылған дастарқан

шапағаты 100 жасқа аяқ басқан қос қарулас өміріне қуат


Алдын-ала хабарласу бойынша аяңдап таныс үйге бет алып келеміз. Шыдамсыздана күтіп тұрған сәлем арналушы адам анадайдан қалбалақтап қарсы алды. Біреуі қаңбақтай, біреуі нардай ақсақалдар айқара төс түйістіріп, жанарларына жас іркіліп, біразға дейін құшақтары жазылмады. Сырт қарағанда бірі 95-тен, екін­ші­сі 92-ден асып, 100-ге қарай қа­дам басқан ескі достардың аман-есен қауышуларын тәубе еткен қуа­ныштары көңіл елжітерлік еді.




Алпан Итжановты да, нар­дай Кәмекеңді, Камали Дүйсем­бе­ковті де дүйім ел-жұрт біледі деу­­дің артықтығы жоқ. Сонау соң­­ғы жаһандық қанқұйлы соғыс­тың арамызда селдіреп қал­ған куә­герлері, әрі кеуделері марапат­тар­ға қайысқан, ерліктері аңызға ай­нал­ған ардагерлер. Ал 1943 жыл­дың қақаған қысында Сталинград май­данында ойда жоқта бастау ал­ған достықтарының тарихы тө­мендегідей.

– Сталинград қоршауын бұзар алдындағы сәл саябыр күндердің бірінде, – дейді Алпекең, – батальон командирі қолтықтас дивизияның осындай бөлімше командиріне арналған құпия мәліметті жедел жеткізуді тапсырды. Аттылы барлау­шы ретінде мұндай бұйрықтарды орындауға әрдайым тастүйін дайынмын. Хатты қойныма тығып шаба жөнелдім. Міндетті мүлтіксіз атқарып, қайта ор­ғытып, оралып ке­ле жат­қанымда жол­дағы қар басқан окоп­­тардың бі­рі­нен сырт­­қа сыр­ғыған түр-тү­сі тым ыстық боз­бала көзіме от­тай басыла кетпес пе! Жал­ма-жан жанына жетіп бардым. «Қазақпысың» деп едім, «қазақпын» деп сенер-сенбес болып аңырайып тұр. Аттан секіріп түсіп, құшақтай баурыма бастым.

veteranОсы арада сөзге араласқан Кәмекең: – Көзімнен жастың қалай ытқи жөнелгенін білмеймін. Бірден шайқастың нағыз қантөгіс ортасына тап келіп, 18-ге жетер-жетпестегі көкөрім шағымда ажал аузында жүргенде ауылдан ағам іздеп жетіп, алдымнан шығып, бауырына алғандай сезіндім. Сондықтан босаңсуым басылмай, құшағынан айрылмасам керек «Тұлғаңа қарасам дәу жігітсің. Жауынгерге жасық болу жарас­пайды. «Ер не көрмейді, ер көңіл есе бермейді» деген бабаларымыз. Бәріне үйренесің. Міне, мен бірер жылда-ақ бүкіл қиындыққа көндігіп қалдым» дегенде ғана барып дереу тіктелдім. Бойымды серпілткен жігер сөзі жүрегімде орнығып, қайратымды қайраған еді, – деді де, Алпекеңді көкірегіне тағы бір қысып қойды.




Соғыстың отына бұрынырақ шар­пылумен бірге екі-үш жас ша­масында үлкендігі бар оның сон­дағы ағалық қолдауы жас май­дангерге өміріне зор қуат бе­ре­ді. Ұзамай «Даңқ» орденінің үш бірдей дәрежесі омырауында жарқырайды. Ал екі мәрте «Қызыл Жұлдыз», «Отан соғысы» ор­дендері мен «Сталинградты қор­ғағаны үшін», «Кенисбергті алғаны үшін», «Ерлігі үшін» медальдері кеудесін көркейткен Алпан атаның ерліктері де ерен болғанға ұқсайды.

Мұндай кездесуде қазақ қайда бол­­са да, қандай жағдайда да қа­­зақтығын танытар қалыппен, асы­­ғыстығына қарамастан, тағ­дырлас бауырмен кеңірек сөй­ле­су­ге взвод командирінен жарты са­ғатқа мұр­сат сұ­­рап алып, қа­лың қар­дың үс­ті­не дас­тар­хан жай­­ып ж­і­береді. Қор­­жы­нын­да­ғы­­ са­ры май­дай сақ­таулы қа­зы­дан, шақтаулы азық­тан дәм татырады. Үскірік аязда бой жылы­тар­лық майдандық тиесілі не­сі­беден де алдыртып қояды. Орайы ке­ліп қал­ғанда Кәмекеңнің осы күнде кей­де «Ауыздандырған өзіңіз еді­ңіз. Қалыс қалуыңыз қалай?» дей­тін қалжыңына «Мені кінәлі қы­­луын қоймауын қарашы. Өйт­пе­ген­де татып өтпестей ме ең» деп ол да іні­сін ілмей қалмайды.

Бұдан кейінгі кездесулері ұзақ­қа созылмайды. Соғыс бары­сын күрт өзгерткен жеңістен соң соққы берер бағыттары жаңаша белгіленген армиялар құрамындағы екеуінің майдандық жолдары Қырым мен Белоруссияда жалғасады. Камали Дүйсенбеков аталған түбекті қайтару шай­қас­тарының бел ортасында жүрсе, бұл кезде Алпан Итжанов батысқа қарай шабуылдап бара жатады. Кәмекең Севастополь іргесінде ауыр жараланып, елге ертерек орал­ғанда Алпекең майданды Кенисбергте аяқтайды.

Тоғысқан тағдырдың маң­дай­­ларына жазғаны шығар, екеуі со­д­ан соң туған жерде тағы табы­сады. Елеулі еңбектерімен та­ны­лып, айтулы азаматтар атана­ды. Әрқайсының шаңырағы шү­пірлеген бүлдіршіндердің қы­зы­ғына бөленеді. Қос қария бүгін он-он баладан өрбіген не­ме­ре-шө­берелерінің, одан қалды шөп­шек­терінің шат-шадыман өміріне қуа­нышты. Соған сергіп, серпіліп қа­лады.Олар аталарына қарап өсіп, өн­е­ге түзеп келеді. «Тәңірдің ұзақ ғұ­мыр сыйлаған кеңшілігіне ризамыз.Өзімізден кішілерге үлгі бола білдік. Қазірде де қадіріміз қашқан жоқ. Елге сыйлы ақсақал атануымыз да бір бөлек бақыт» дейді.


Айқын НЕСІПБАЙ,

Қазақстанның құрметті журналисі

ҚАРАҒАНДЫ

etjendi.egemen.kz 



Көрілген: 888    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 31.01.2017, 12:23

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
26 Шілде, 14:07
Алашшыл азамат
12 Шілде, 11:51
Генерал жолы

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30