Мұхтар Әуезов мұраларына оралсақ қайтеді?

Мұхтар Әуезов мұраларына оралсақ қайтеді?

Биыл – 1916 жылғы көтерілістің 100 жылдығы. Бір ғасыр! Алыста жатқан қазақ ауылдарынан ақ патшаға ашық қарсы шығып, тарихта «Албан көтерілісі» деген атпен қалған осы оқиғаға қалай қарап жүрміз?
Халқымыздың «Елу жылда – ел жаңа, жүз жылда қазан» деген ғажап сөзі бар. Шынында, елу жылда ел жаңарды. Жүз жыл ішінде ақ патшаң да, қызыл патшаң да қазан болды. Уақыт көлеңкесінде қалып қойған сол заманның елес-сұлбасы жадымыздан шығып та барады. Осы тұста қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің 1916 жылғы оқиғаға айрықша назар салуы неліктен екен деген ойға табан тіреп те қаламыз.
«Мен өз өмірімде үш түрлі қоғамдық формацияны бастан кешірдім. Олар: феодализм, капитализм, социализм» деп жазған екен Мұхтар Омарханұлы. Қазақтың арғы-бергі үш дәуірінде жазушы «Абай жолы» арқылы эпопеялық ғаламат туынды қалдырса, «Хан Кене», «Қилы заман» атты шығармалары арқылы қазақ халқының тағдыр-талайлы кезеңдерін суреттеп, қалыптап кетті.
1916 жылы патшаның жазалаушы жендеттері 673 000 адамды қырып салды. Ел ішін үрей биледі. «Жұт жеті ағайынды» дегендей, аштық пен жұт, түрлі қиыншылық, үркіншілік орын алды. Тап сол тұста Міржақып Дулатов «Абай» журналына «Алашқа» деп аталатын мақала жазыпты. «Аштық, жалаңаштық, өлім... Бұл оқиғаны Жетісу қазақ-қырғыздары басынан кешіріп отыр. Енді бұл күнде Сырдария облысының қазағы ашаршылыққа, қырғынға ұшырай бастады. Осы екі облыстағы аш-жалаңаш қазақ-қырғыз байырларға жұрттан жеткілікті жылу жинап, рулы елімізді өлімнен сақтап қалу мақсатымен Семей облысының Алаш қаласында қазақ комитеті һәм жастардың «Жанар» атты ұйымы басшылық етіп қауым жасады. 5 наурызда қауым ортасынан іс басқаратын бес кісілік комитет сайлап шығарды. Қауымның бастығы Әлихан Бөкейханов, жай бастығы, көмекшісі Мұқаш Поштайұлы болды. Комитет төрағасы – Міржақып Дулатов, орынбасары – Жүсіпбек Аймауытов, хатшысы – Мұхтар Әуезұлы, қазынашы – Абдолла Қоскейұлы. Мәжілісте 7000 сомдай жылу жиналды» деп жазады Міржақып Дулатов.
Осы бір алақандай үзіндіден Алаш арыстарының елдік мәселеде қандай бірауызды бірлікте болғанын көруге болады. Сол кезеңдегі «Оқудағы құрбыларыма» деген публицистикалық мақаласында жазушы: – Бірінші – сол оқығандардың бірлік берекеде болып шоғырланбағы шарт. Екінші – істері маңызды, орнықты, табанды болуы үшін әрбір оқығанның ақтығы, екпіні, білімі шарт, – деп қазақ оқығандарының алдына үлкен міндет қояды.
Отарлық жүйеге қарсы ХVI ғасырдан 1916 жылға дейін 300-ге тарта Ұлт-азаттық көтерілісі болған екен. Соның ішіндегі ең ірі екі көтеріліс – Кенесары мен Қарқара көтерілісіне Мұхтар Әуезов айрықша назар аударды. Мұхтар Әуезов 1927 жылғы 22 қарашада Қызылордадағы Смағұл Сәдуақасовқа былай деп хат жазған екен: «Жақын күндерде пьеса жазуды ойластырып жүрмін, 1916 жыл оқиғасы ойымнан шықпайды, жазатын болармын»...
Жазушы осы идеясына 1934 жылы ғана қайта оралып, «Түнгі сарын» пьесасын жазды. Кенесары көтерілісін терең зерттей келе «Хан Кене» атты пьеса жазды. 1916 жылғы көтеріліске арнап «Қилы заманды» 1928 жылы, «Түнгі сарын» пьесасын 1934 жылы дүниеге әкелді. Бұл шығармалары жазушының басына әңгіртаяқ болып тиді. 1930 жылы сол үшін түрмеге қамалды. Алдындағы Алаш арыстары атылып кеткесін, Мұхаң еріксіз айла-шарғыға барды. Түрмеде жатып Голощекинге «жаздым-жаңылдым» деген тұрғыда хат жазып, онда «1926 жылдан кейін баспа бетін көрген жалғыз шығармам – «Қилы заман» повесі, ол тарихи шығарма болғандықтан, бүгінгі күнге жамау болып кірікпеді» деп көз майын тауысып жазған шығармасы туралы амалсыздан теріс пікірін айтты.
1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілісінің маңызы мен мәнін жас ұрпақтың зердесіне салып отыру керек. «Елдігінің жоғалып бара жатқандығы қазақтың бесігіндегі баласының көзіне де елестегендей еді» деп Мұхаңның өзі айтқандай, содан бері де 100 жыл өтті. Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың мұрындық болуымен осы жүзжылдық жақын күндері Қарқара жайлауында аталып өтіледі. Ас беріледі. Өткенге салауат айтылады.
Мәселе тек сол шарамен біте ме? Осы ретте тәуелсіз қазақ елінің театрлары ұлы Мұхаң мұраларына мойын бұрар ма екен?!.100 жылдық құрметіне жаңа қойылым қояр ма екен, қоймас па екен деген сұрақты кесе-көлденең қойғымыз келеді.
Мұхаңның «Хан Кене» пьесасының түпнұсқасы негізінде жаңа қойылым жасаудың қиындығы бар ма? Сол тәрізді «Түнгі сарын» пьесасын бастапқы нұсқада қайта қойсақ, айып па?!. Ақыры сөз еттік, сол бір қиын-қыстау заманда Жетісу қазақтары үшін шырылдап, жұрттан жылу жинаған Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы Жетісу өлкесінде неге аталып өтпеске?! Ол бір өңірдің ғана Әлиханы емес, Алаштың Әлиханы ғой!
Қысқасы, осы мерейлі даталарға орай ұлы Мұхтар Әуезов мұраларына қайта бір оралу артықтық қылмайды.

aikyn.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста