Алаш үні

Мұхтар Әуезов неге өкінді?

  • © qazaqadebieti.kz

    © qazaqadebieti.kz

Көзінің тірісінде белгілі жазушы, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтың өзінің өмірлік тәжірибесі негізінде драматург Софы Сматаевқа өзінің басты үш ақылын айтқан. Мұқаң айтқан ақылдар әлі күнге дейін өзекті болып тұр. Ендеше оқиық!


«Сарыбала, сен жазушы боламын деп жүрсің ғой. Сол болашақ тірлігіңе демеу болар үш тарау ақылымды айтайын. Қабыл алсаң, қапы қалмассың.


Арақты әу баста ем-дом үшін шығарған.


Аздап ішсең — дәру, көп ішсең — у.


Жөнімен тата білсең, артықтық етпейді ол. Ал қатаң ескертерім, темекіге жолама! Адам ағзасын арылмас дертке ұшырататын кесірлі кеселдің ең зияндысы. Бұл бір.


Жазушының өте бір баға жетпес құндысы — уақыты. Осы құндының аса қас жауы — карта дейтін азарты мол ойын. Ол немең — уақытыңды ұрлаумен қоса достарыңнан ажырататын зәндемінің өзі. Өйткені, ұтылсаң — ақша болмай, бере алмауың мүмкін.


Ұтсаң — қолма қол ала алмай, араларың суысып кетуі ғажап емес. Сондықтан картадан аулақ бол.


Үшіншіден, біздің жасаған қателіктерімізді қайталамаңдар. Жоғары оқу орындарында оқып жүргенімізде қазақ қыздары орталау мектепті де бітірмейтін еді.


Содан ба «тең теңімен» дегенге әулекіленіп, «қолымыз жеткеніміз» орыс қызына, одан кейінгілеріміз татарға, басқа ұлт бойжеткендеріне үйлендік.


Ұлттың ұлт боп ұйытылуы бесіктен басталарына мән бермеппіз.


Ал ұлттың ұлылығын сақтау үшін өз жұртыңның аруымен бас қосудың аса қажеттігін кеш сезіп, сан соғып жүрміз. Сендер елден алыста жүрсіңдер. Бүгінде қазағыңның оқыған қаракөздері жеткілікті. Біздің қателігімізді түзетуге тырысыңдар.


Солай, Софы балам. Кеңесіме құлап түспесе де, құлақ асар ұрпақ болса дейтін тілегімнің бір парасы осы.


Мәскеу, 1961 


365info.kz




Көрілген: 4079    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.03.2018, 11:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде 2017
    Алашшыл азамат
    12 Шілде 2017
    Генерал жолы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30