Алаш үні

Мысырдағы әйгілі Александрия кітапханасында «Көшпенділер» трилогиясы таныстырылды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

7 сәуір күні әлемге әйігілі Александрия кітапханасында танымал қазақ жазушысы Ілияс Есенберлиннің араб тіліне аударылған «Көшпенділер» трилогиясына арналған әдеби кеш өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Мысырдағы елшілігіне сілтеме жасап хабарлайды.


Романды аудару ісі Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің бастамасымен қолға алынған болатын. Әлемдегі ең ежелгі әрі ең үлкен кітапханадағы халықаралық кітап көрмесі аясында ұйымдастырылған кешке, қазақ классикасының шедеврін талқылау үшін мысырлық ақындар, жазушылар, сыншылар, тілшілер мен оқырмандар қауымы жиналды. Кештің ашылуы барысында елші Арман Исағалиев «Заманауи қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде» атты жобаны жүзеге асыру Қазақстан мен Мысыр арасындағы мәдени байланыстарды арттыра түсетіндігін айтты. Ол сөзінде әлемдік классикалық туындылардың ажырамас бөлшегіне айналған І.Есенберлиннің «Көшпенділер» романы қазақ мәдениеті мен әдебиеті үшін ерекше маңызды еңбек екендігін атап өтті. Туындыда 550 жыл бұрын құрылған Қазақ хандығынан кейінгі кездерден бастап, Хан Кене басқарған ұлт-азаттық көтеріліске дейінгі қазақ халқының өмірі суреттеледі. Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев І. Есенберлиннің еңбектерінің арасында әйгілі «Көшпенділер» романының орны бөлек екендігін айтқан.



Сонымен қатар Арман Исағалиев екі арасындағы мәдени байланыстарды нығайту ісіне әрі романның араб тілінде жарық көруіне үлес қосқан танымал Мысыр меценаты, доктор Хусейн Шафииге «Қазақстан Республикасының дипломатиясына 20 жыл» атты естелік медалін тарту етті. Сондай-ақ романды аударған мысырлық аудармашы, Танат университетінің профессоры, доктор Мұхаммед Риядқа романды аударғаны үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хаты табысталды.



І.Есенерлиннің трилогиясын талқылау ісіне белсенді үлес қосқан мысырлық әдебиетшілер оған әлемдік классикалық әдебиеттің шедеврі әрі Қазақстан тарихының оқулығы деген баға берді. Сыншылар Қазақ хандығының қалыптасу жылдарын қамтитын тарихи романның сол уақыттағы дара тұлғалар мен қазақ халқының даналығын оның бостандық жолындағы күрескерлігін танытатындығын айтты. Шараға қатысушылар І.Есенберлинді тіпті әйгілі мысырлық жазушы, Нобель сыйлығының лауреаты Нагиб Махфузбен де салыстырды.



Кештің қатысушылары І.Есенберлиннің еңбегіндегі образдарды, батырларды қазақ халқы үшін ғана емес қатар әлем үшін де үлгі бола алатындығын айтты. Ұлт-азаттық қозғалыстың символына айналған Кенесары хан туралы көптеген ақындар мен жазушылар айтып өткен. Олардың арасында әйгілі француз жазушысы Жюль Верн де бар. Сондай-ақ айта кететін мәселе трилогияның үшінші бөлімі бойынша түсірілген «Көшпенділер» фильмі де елшіліктің бастамасымен араб тіліне аударылып, мысырлық телеарналардан таратылуда. Осы кезде «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Қазақ хандығы» сериалын да араб тіліне аударып, оны араб әлеміне ұсыну көзделіп отыр.


 




Көрілген: 2746    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.04.2018, 11:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде 2017
    Алашшыл азамат
    12 Шілде 2017
    Генерал жолы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30