Алаш үні

Сейфуллиннің жарын көріп, адам сенгісіз тағдырлармен таныстым – журналист

  • © Сергей Пятаков

    © Сергей Пятаков

Өмірінің 50 жылдан астамын журналистика мен редакциялау жұмыстарына арнаған Раиса Ағыбаева қуғын-сүргін құрбандарының ішкі жан дүниесін жақсы түсінді.


Өйткені, бұл кісі репрессияға қатысты бір емес, үш кітапты редакциялаған. Оның үстіне, ақын, жазушы, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің жары Гүлбаһрам Сейфуллинаны өз көзімен көрген адам.


"Бала кезімізде қазіргі Малиновка ауылының жанынан өтіп бара жатқанда жап-жасыл орман көретінбіз. Үлкендерден "жазықта пайда болған бұл қандай орман?" деп көп сұрасақ та, үндемейтін. Сөйтсем, ол жерде АЛЖИР лагері орналасқан екен. Менің ата-анам оқыған адамдар болды, өздері репрессия толқынына ілінбесе де, жақын туыстары қудаланыпты. Сондықтан, біздің отбасында қуғынға ұшырағандардың атын айтып, АЛЖИР туралы сұрауға болмайтын. Ол шамамен алпысыншы жылдар болатын", — дейді бізбен әңгімелескен Раиса апа.


"Ұзын бойлы, аққұба. Сейфуллиннің жарын алғаш рет алты жасымда көрдім"

Раиса Ағыбаеваның әкесі – Мұхамеди Ағыбаев Сәкен Сейфуллиннің жақыны екен. Сәкеннен бір жас үлкен ол жазушымен етене жақын араласып, адал дос бола білген дейді.


"Біз Қорғалжын ауданында тұратынбыз, бір күні үйге сыйлы қонақ келеді деді. Мен ол кезде алтыншы сынып оқимын. Үй жинап, қатты дайындалдық. Неге дәл біздің үйге келді десем, менің әкем Ағыбаев Мұхамеди – Сәкен Сейфуллиннің алыс жақыны екен. Әкем Сәкен Сейфуллиннен бір жас үлкен адам еді. "Тар жол – тайғақ кешу" кітабын қолынан тастамай, қызыл қаламымен сызып, керек жерін түртіп отыратын. Әкем Сейфулиннің бүкіл өлеңін жатқа білетін, өмірінің соңына дейін досына адал кетті. Гүлбаһрам апа – ұзын бойлы, аққұба, көзі ұмытпасам жасыл әйел болатын. Ет түсірген соң, әрине, балаларды бір бөлмеге қамап қойды да үлкендер көп отырып, әңгімелескені есімде.


Раиса Ағыбаева 50 жыл ішінде әртүрлі басылымдар мен баспаларда редактор, аға редактор, бас редактор қызметін атқарған. Қызметінің соңғы он жылында басылымдарда автор болған екен. Журналистік қызметінде репрессия құрбандарының ұрпақтарымен көп кездесіп, көп әңгімелескенін айтып отыр.


"Бірден айтайын, мен ғалым емеспін, мен бұл тақырыпты терең зерттеген жоқпын. Көбіне репрессия құрбандарының үрім-бұтақтарынан сұхбат алып, қайғылы тағдырларды жаздым. Соның бірі Лариса Унденова Лидің тағдыры есіме түсіп отыр", — деді өткен күнді еске түсірген Раиса апай.


"Лариса Ли – жер аударып, Қазақстанда репрессияға ұшыраған Хван Унденов атты кәрістің қызы. Хван Унденов Қытайда туып, Корея, артынан Қиыр Шығысқа көшіп кеткен. Қиыр Шығыста алғашқы кәріс мектебін ашып, отбасын құрған. Қызы да сонда туған екен. Ларисаның жасы шамамен 16-ға толғанда Қиыр Шығыстағы кәрістердің бәрін Қазақстанға жер аудартып жіберген. Ал, Ларисаның әкесі репрессияға ұшырап, "Карлагқа" қамалады. Лариса Унденовананың айтуынша, оларды депортациялаған кезде буынып-түйіну үшін небары 48 сағат уақыт берген екен. Жол азабын айтқанда, көзіне жас алды. Жол ұзақ әрі азапты болған", — дейді Раиса Ағыбаева.


Раиса Ағыбаева берген сұхбатында Лариса Ли: "Қайдан кетіп, қайда келгенімізді білмедік. Бірақ, өзімізге ұқсайтын адамдарды көріп қуандық. Артынан қазақтар өмір сүретін ауыл екенін білдік. Кәрістерді Ақмола облысы Шортанды ауылына әкеп "төгіпті", — деп еске алған екен.


Раиса Ағыбаеваның айтуынша, Лариса Лидің әкесіне "58-ші" бап бойынша айып тағылған. Қиыр Шығыс Жапониямен байланысты болғандықтан, оны жапон тыңшысы деп таныса керек.


"Ларисаның айтуынша, әкесі ұзақ жылдар бойы түрмеде жатқан. "Күндердің бір күні кешқұрым үйде отырғанда, аяғының ұшымен ақырын басып, үйге бір адам кіріп келді. Қарасақ, әкем екен. Босап шығыпты" деп еске алған Лариса. Лариса Лидің әңгімесі арқылы Қазақстанға жер аударған қаншама кәрістің тағдырымен таныстым", — дейді ардагер журналист.


"Репрессия құрбандарының ұрпағы айтқан әңгімелерді көзіме жас ала, редакцияладым"

Раиса Ағыбаева дәл осы тақырыпта үш еңбекті редакциялаған. "Потомки помнят" атты үшінші кітапты редакциялағанда, репрессияға ұшыраған адамдардың айтса адам сенгісіз қиын тағдырларымен таныс болдым. Әсіресе, АЛЖИР-де жазасын өтеген әйелдер мен балалар туралы көп естелік оқып, көзіме жас алатынмын", — дейді сөз соңында Раиса Ағыбаева.


Естеріңізге сала кетейік, президенттің жарлығымен 17 жылдан бері 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып бекітілген. Тарихи деректерге сүйенсек, жалпы, 1921-1954 жылдар аралығында совет үкіметінде "контрреволюциялық" немесе "антисоветтік" деген жаламен 3 миллион 700 мыңнан астам адам сотталып, соның ішінде 642 мың адам атылған.


Sputnik


 


 




Көрілген: 2689    Пікірлер: 0

бейсенбі, 31.05.2018, 16:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде 2017
    Алашшыл азамат
    12 Шілде 2017
    Генерал жолы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30