Шәкәрім өзіне ұстаз тұтқан Ысмайыл Ғаспралы кім еді?

Шәкәрім өзіне ұстаз тұтқан Ысмайыл Ғаспралы кім еді?

Шәкәрім Құдайбердіұлы өзінің мәшһүр «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» еңбегінде: «Алдында өткен, тәрбиесін көрген Абайдан соңғы ұстазым – «Тәржіман» газетінің иесі Ысмағұлбек Гаспринский десем бек дұрыс. Анықтық үшін сол кісінің газетін оқып, бек көп пайдаландым», - деп ой толғайды. Ендеше, Шәкәрімге үлгі болған Ысмағұлбек Гаспринский деген кім еді? Соған тоқталайық...

Жалпы алғанда, Ысмағұлбек Гаспринский немесе Ысмайыл Ғаспралы есімімен жәдитшілдік егіз ұғым іспеттес. Жәдидшілдіктің қалыптасқан жері – Қырым, Еділ бойы болып саналады. Ал қалыптасқан уақытын зерттеушілер ХІХ ғасыр деп көрсетеді. Оны қалыптастырған осы өңірдегі татар жұртынан шыққан зиялы қауым өкілдері болатын. Жәдидшілдік уақыт өте келе өзі пайда болған жерден алысқа ұзап, өзге жұрттың, қазақ, өзбек, қырғыз секілді түркі мұсылман халықтары арасына кеңінен таралды.

Ысмайыл Ғаспралы жәдидшілдікті қалыптастырған Қырым татарларының арасынан шыққан.

Орыс әдебиеттерінде Исмайл Гаспринский есіммен танымал түркі әлемінің әйгілі ағартушысы һәм реформаторы Ысмайл Ғаспралы Қырымдағы соғыс өрті өршіп тұрған кезеңде, 1851 жылы 21 наурызда қазіргі Қырым автономиялы облысының Бақшасарай ауданынан екі сағаттық қашықтықтағы Ауджикой ауылында дүниеге келген. Әкесі өмірге келген Ғаспра ауылының құрметіне Ғаспралы тегін алғын Ысмайыл мырзаның балалық шағы түрік-қырым мәдениетінің бесігі болған Бақшасарайда өткен.

Он жасында-ақ медреседе тәлім алып, кейін «Ақмешіт» орыс мектебінен оқыған Ысмайыл Ғаспралы көп өтпей Воронежтадағы әскери мектепке оқуға түседі. Онда да көп тұрақтамай, Мәскеу екінші әскери гимназиясына оқуға қабылданады.

Жас Ғаспралының бұл мезгілде өзі түсіне алмаған және санасына мүлдем сіңіре алмаған бір ісі бар еді. Ол орыстардың бүкіл түркілерге қарсы панисламистік саясаты болатын. Осы саясатқа қарсылық білдірген Ысмайыл мектепен қол үзеді.

Мектептен қол үзгеннен кейін, Бақшасарайға қайта оралған ол Зінжірлі медресесіне орыс тілі пәнінің оқытушысы салауатымен қызметке орналасады. Бір жарым жылға созылған оқытушылық қызметі барысында көптеген материалдармен таныса отырып, орыс әдебиеті және пікір алауындығы туралы жан-жақты мәліметтерге ие болған Ғаспралы саяси жаңалықтар мен Ресейдің ішкі-сыртқы саясаттарына тіптен қаныға түседі. Өмірінің дәл осы кезеңінде жас Ғаспралы өзінің болашақта зерттеу түйіні болатын социялизм идеясымен жақсылып таныса түсті. 1869 жылы айлығы 600 рубльге көтеріліп, Ялтадағы Дерекой мектебіне ауыстырылады. Онда екі жылдай тұрғаннан кейін, Бақшасарайға қайта оралып, Зінжірлі медресесінде қайтадан сабақ бере бастайды.

Осы уақытқа дейін, Ғаспралы жүрегіне сақтаған, санасында жетілдірген «жаңа формасын» тұңғыш рет Зінжірлі медресесінде ортаға шығаруға тырысты. Яғни, діни, схоластикалық бағыттағы мұсылмандық оқу орындарында зайырлы қоғамға тән пәндерді – математика, жағрафия, тарих, биология, физика секілді т.б. сабақтарды өткізуге көшу керектігін Ғаспралы бірден жақтап шықты. Сонымен қатар жас баланың тәрбие алатын орны – мектепті түзеп, ұлттық тәрбиені мектептен бастау керектігін насихаттады. Ол осы мақсатта алдымен араб әліпбиін түркі халықтарының тіліне лайықтап, дыбыстық естілу ерекшеліктеріне сәйкес бір ізге түсірілген жазу ісін – ескі «қадымшылықтан» «усул-жәдидке» көшіруді ұсынды. Сонымен бірге, медреселердегі дәстүрлі оқыту жүйесін үнемі сынап отырды.

Осы кезеңдегі Ғаспралының басты арманы Стамбулға барып әскер болу еді. Әскерлік өмір білім алуына кедергі боларын сезген ол алдымен оқуын аяқтауды мақсат етті. Осылайша білім қуған Ысмайыл 1871 жылы Парижге келеді. Парижде оқуын аяқтаған соң, арманындағы Стамбуға келеді. Алайда Стамбулдағы өмір ол ойлағандай болмайды. Әскер болу арманы орындалмайды, тіпті көңілден шығар жұмыс табу да қиынға соғады. 1875 жылы Қырымға қайтқан Ысмайыл 1878 жылы Бақшарасайдың әкімдігіне сайланғанға дейін, тек оқумен, үйренумен және түркі мәдениетін зерттеумен ғана шұғылданды.

1878 жылы Ысмайл Ғаспралы Бақшасарай ауданының әкімі болып тағайындалды. Қызмет қолайлығын пайдаланып, көкейіндегі тың ойларды іске асыруды ойласа да, Ғаспралының жолы үнемі кесіле береді. Қарапайым халыққа арнап аурухана, мектеп салдырып, қаладағы төк, су мәселелерін шеше жүріп, өз арманын да ұмытпайды. Сөйтіп, 1879 жылы газет шығару үшін ресей үкіметіне арнайы арыз ұсынса да, қбалднбайды. 1881 жылы «Жас молла» деген лақап атпен кейін кітап болып шыққан «Орыс мұсылмандығы» тақырып аясындағы мақалаларын жазып, Ақмешіттегі (Симферополь) «Таруридда» гезетінде жариялай бастады. Онда Ресей өкіметінің орыстандыру саясатын, білім беру жүйесін сынға алып, Ресей империясы мұсылмандарының рухани өсуіне мүмкіндік беруді талап етедеді.

Газет ашу рұқсатын ала алмаса да, райынан қайптайды. Арманын іске асыру үшін 1181 жылдан бастап, «Ай», «Күн», «Жұлдыз», «Жаңа әйнек» қатарлы түрлі тақырыптағы шағын өлеңдерін жариялай бастады. Алайда, өлеңдер халыққа толық таралмай жатып, басылуы тоқтатылады.

Осылайша, газет ашу құқығына ие болу үшін Ғаспралы толық төрт жыл күреседі. Ақыры, 1883 жылы түрікше бөлімі толығымен орыс тіліне аударылу шарты астында, «Тілде, пікірде, істе – бірлік» деген ұранмен «Тәржіман» газетін шығару құқығын алады.

«Тәржіман» газеті Ресейде басылған алғашқы түркі газеті болса да, кеңінен таралуы және атқарған ролы тұрғысынан өте маңызды болды. 1903 жылы апталық, 1903-1912 жылдар аралығында аптасына 2-3 санмен, 1912 жылы қыркүйекек айынан бастап күндік газет болып толық 33 жыл шығарылады. Тек 1916 жылға келгенде бұйрықпен толқтатылды.

Төрт беттік формада шығарылған «Тәржіман» газеті сол кезеңнің шарт-жағдайы және оқырман-жазушылардың санымен салыстырған өте жоғары деуге боларлықтай таралды. Кавказ, Қазан, Сібір, Орта Азия, Қытай, тіпті Иран мен Мысырларда сатылған «Тәржіман» газетінің ең үлкен жетістігі- Ғаспралының тек Ресей түріктерін ғана емес, барлық мұсылмандардың мәселелеріне айырықша көңіл бөлетіндігін көрсетіп отырды.

«Тәржіман» газеті қазақ мәдениетіне өз үлесін қосты. «Тәржіманда» қазақ халқының мәдениеті мен тарихына, экономикасына қатысты көптеген материалдар жарияланды. «Қазақтар», «Торғай һәм Орал облыстарындағы қазақтардың жағдайы», «Орыс қоныстанушылары мен жергілікті қазақтардың құқы», «Қазақтар және отарлау саясаты», «Тұтас халықтың қырғыны» сынды мақалалары Ғаспралының қазақ халқының тағдырына бауырластық жанашырлықпен қарағанын танытады.

Ағартушы салауатымен Ғаспралы ер-әйел теңдігі мен бала тәрбиесіне де қатты мән берді. Соның нәтижесінде ол ілгерінді-кейін болып «Алем-и нисван» (әйелдер әлемі) және «Алем-и субьян» (балалар әлемі) журналдарын шығарды. Бұдан бөлек Ғаспыралының жалпы халыққа арналған «Милет» (ұлт) және «Ха-ха» сатиралық журналдары да шығып отырған.

«Тәржіман» газетіннің аясында, тілі бірлігі идеясымен бірге, усул жадид мектебін құрған және дамытқан Ысмайл Ғаспралы 1905 жылы "Ресей мұсылмандарының ынтымағы" арманымен шақырылған үш реткі құрылтайда маңызды рөл ойнады. Ағарту, білім беру ісін арнайы талқыға салған 1906 жылғы үшінші құрылтада «тіл бірлігіне» байланысты көзқарастарын бүкіл Ресей мұсылмандарына ресми түрде қабылдатты. Осы жылдар арасында жәдитшілдік оқуына арналған Ғаспралының көптеген оқу құралдары мен оқулықатары, сондай-ақ, көптеген романдары арт-артынан баспадан шығып, күллі түркі әлеміне жол тартып жатты.

Усул жадид (жәдитшілдік) қозағалысының жетістігі, қазан төңкерісінен кейінгі мұсылмандарға келген еркіндік, «мұсылмандар бірлігі» мақсатында шықырылған құрылтайлар - Ғаспралыға үлкен жігер берді. Оның жүргізген әрбір әрекеті, түрк бірлігінің бейресми жоғары сатысы саналатын ислам бірлігін дәріптеуі оның тек түркі ұлтшылы ғана емес, ислам дінінің де білгірі екендігін көрсетті. Ол 1907 жыл Каирде «ислам құрылтайының» шақырылуына үлкен үлес қосты. 1910 жылы Үндістанға барып, Бомбайдағы «Анджумани исламия» құрылтайына қатынасып, баяндама жасады.

Бақшасарайдағы кезінен бастап, Түркия түріктерін өзіне жақын тартып, Түркияға қарсы жазылған мақалаларға сын айтып отырған Ысмайыл Ғаспралы 1909 жылы Түркияға келгенде үлкен салтанатпен қарсы алынады.

Көзі тірісінде де, қайтыс болғаннан кейін де Түркі әлемінің ірі тұлғасына айналған, саясаткер, ағартушы, реформашыл Ысмайыл Ғаспралы 1914 жылы 11 қыркүйекте Бақшасарай ауданында қайтыс болады.

Ғаспралы қазасы күллі түркі мәдениеті мен мұсылман жұртшылығы үшін ауыр қаза болды. Қазақ халқы да күңіренген халықтың ішінде болды. Ш. Құдайбердіұлы жоғарыдағы айтылған сөзді осы кезде айтып, қазаға деген өз күйіншін білдірді. Сондай-ақ, Қазақтың көрнекті қайраткері М. Дулатұлы: «Ресей мұсылмандарының ұстазы, мұсылмандардың жақсылығына сүйініп, жамандығына күйініп отыратын Исмағилбек Гаспрински» десе, С. Шорманов: «Ысмағылбек Гаспрински жәнаптары «Тәржіман» газеті жарыққа шыққаннан бері қарай қазаққа «Қала бол, сол уақытта өнерге аяқ басарсың» деп неше түрлі сөзбен артықшылығын көрсете келеді» деп бағалады.

ЮНЕСКО 2014 жылды «Исмаил Гаспыралы жылы» ретінде жариялады.

slam.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста