Алаш үні

Шәкір Әбеновтің Елбасыға кигізген шапаны Алматыға жеткізілді

  • Шәкір Әбеновтің Елбасыға кигізген шапаны Алматыға жеткізілді

    Шәкір Әбеновтің Елбасыға кигізген шапаны Алматыға жеткізілді

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы ұйымдастырған көшпелі көрме Алматыдағы жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Көрмеге қойылған экспозициялар жас мемлекетіміздің құрылуы мен Тұңғыш Президенттің еңбек жолынан сыр шертеді.


Көрме қонақтары үшін залда Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке қорынан алынған 800 ерекше экспонат пен архив құжаттары, фотолар мен шет мемлекеттер табыс еткен наградалар қойылған.


«Бұл жерде баға жетпес құнды архив құжаттары қойылған. Елбасының жас кезі мен 30 жастағы хроникаларын көруге болады. Елбасының белсенді комсомол кезінен көшбасшыға айналғанға дейінгі өмір жолымен танысуға болады», - деді ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы директорының орынбасары Күлайша Ақтаева.


Көрмедегі құнды экспонаттардың бірі - Бөлек батырдың дулығасы. Отбасылық құнды жәдігер 2004 жылы Тұңғыш Президент мұражайына табыс етілген.


Көрмеге 1991 жылы алғашқы инаугурация кезінде ел ақсақалы Шәкір Әбенов Елбасына батасын беріп, иығына жапқан шапан қойылған.


Елбасыға табыс етілген халықаралық наградалар да көрме төрінен орын алған.


Көрменің ашылуында сөз сөйлеген Алматы әкімі Бауыржан Байбек Елбасы басшылығымен қолға алынған ауқымды шаралардың маңыздылығына тоқталды.


«Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен бүгінгі жетістігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты. Мемлекет басшысының жетекшілігімен жүзеге асып жатқан ауқымды саяси, экономикалық және рухани жаңғыру бағдарламасы Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына қосады», - деді Алматы әкім Бауыржан Байбек.


Көрме Алматыда екі айға жалғасады. Кейін көшпелі көрме Қарағанды мен Шымкент қаласына жол тартады.


Автор: Алмас Мұқашұлы 


 




Көрілген: 2138    Пікірлер: 0

жұма, 10.11.2017, 20:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде 2017
    Алашшыл азамат
    12 Шілде 2017
    Генерал жолы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30