ШҚО-да «Абай әлемі» кітаптар топтамасының тұсаукесер рәсімі өтті

ШҚО-да «Абай әлемі» кітаптар топтамасының тұсаукесер рәсімі өтті

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Шығыс Қазақстан облысында «Абай әлемі» кітаптар топтамасының тұсаукесер рәсімі болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлы Абай есімін иеленген театр қабырғасында өткен іс-шараға академик Ғарифолла Есім, Қазақстан жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетов, археолог, т.ғ.д. Зейнолла Самашев, жазушы Әлібек Асқаров пен Борис Щербаковтар және «Абай әлемінің» редакциялық топ жетекшісі, белгілі сәтбаевтанушы, жазушы Медеу Сәрсекеев қатысты.

Қала жұртшылығы мен қонақтарға археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде мол тарихи мұрамызды қалыптастырған «Ұлы даланың алтын жәдігерлері» мен қазақ зергерлік өнерінің өткені мен бүгіні туралы мол мағлұмат беретін «Күміс сиқыры» зергерлік өнер көрмесі ұсынылды.

«Арт Заман» жобасы аясында облыстың көркем сурет қорын байытқан Жантай Шарденов, Салихитдин Айтбаев, Мағауя Амандолов, Бахтияр, Азат Тәбиевтер және тағы басқа суретшілердің қолынан шыққан туындылар семейліктердің туған өлкенің тұмса табиғаты, өткен тарихы, ұлттар достығы мен жарқын болашағы туралы танымын кеңейтті.

Кеш барысында облыс әкімі Даниал Ахметов шығысқазақстандықтарды еліміздің басты мерекесі - Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Театр сахнасында «Абай әлеміне» енген шығармалардан театрландырылған көріністер қойылды.

Өңір басшысы тұғырлы Тәуелсіздігімізге қолымыз жеткен күннен бастап, қазақ халқы өзінің бірегей дәстүр-салтымен, рухани қазыналарымен қайта қауышқанын айтты. Ұмыт болған - ұлы есімдер қайта оралғанын атап өтті.

«Біз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасын жас ұрпақ, көзі қарақты оқырманға жеткізу үшін, арнайы кітаптар топтамасын шығаруды қолға алдық. Абай - елімізді жеті қараңғы түнде адастырмайтын темір қазық! Ұлы Президентіміз әрқашан хакім сөзін бойтұмарға балап жас ұрпақты, бұқара халықты ізгілік жолына шақырып отырады. Сол себепті, жобаның «Абай әлемі» атануы, Абайдан басталуы орынды шешім, заңды құбылыс деп есептеймін!», - деді ол.

Кітаптар топтамасының алғашқы басылымында ұлы Абай, кемеңгер Шәкәрім, дана Мұхтар, Федор Достоевскийдің бұрын-соңды жарияланбаған шығармалары жарық көрді.

Бұдан басқа, жинаққа «Амре в Париже» естелік кітабы, Төлеу Көбдіковтың «Атандым өз тұсымда Ақын Төлеу», Марат Қабанбаевтың «Туған жердің төрт мезгілі», Анатолий Ивановтың «Тени исчезают в полдень», Медеу Сәрсекенің «Жарылыс» және «Көмбе», Борис Щербаковтың «Шығармалары» енді.

Барлық кітаптар облыс кітапханаларының қорларына, ал оның электрондық нұсқасы қазақ ұлттық электрондық кітапханасының сайтында орналастырылатын болады.

Келесі жыл жастарға арналғандықтан, екінші басылымды жастар шығармаларымен толықтыру жөнінде шешім қабылданды.

Осылайша, 2019 жылы «Абай әлемі» сериясымен Шәкір Әбенов, Сапарғали Бегалин, Семен Анисимов, Иса Биназаров, Меңғали Мусин, Дмитрий Черепановтар сынды отыздан астам автордың шығармаларын жариялау жоспарланды.

«Келешекте біз Қазақстан Жазушылар Одағына мүше болған жерлестеріміздің үздік туындыларын шығаруды жалғастыратын боламыз. Бізге жас дарындардың жинақтарын шығаруды қолға алу керек», - деді Даниал Ахметов өз сөзін қорытындылап.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста