Алаш үні

Сұлтан Бейбарыс мешітінің жөндеу жұмыстарына Қазақстан 4,5 миллион доллар бөлді

  • © Сурет ҚР СІМ баспасөз қызметі

    © Сурет ҚР СІМ баспасөз қызметі

Каирде Сұлтан Бейбарыс мешітінің қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мысырдың Ескі заман министрі Халед әл-Анани археологиялық және архитекторлық зерттеу нәтижесінде жерасты жұмыстары мен іргетасын көтеру шаралары аяқталғанын хабарлады.


Ары қарай күмбезді бөлмелер, дәліздер, мұнаралары, орталық алаңы және сыртқы қабырғаларын көтеру жұмыстары қарастырылады. Техникалық бақылау жұмыстарын мысырлық археологтар мен тарихшылардан құралған арнайы комиссия атқарады.


Осы комиссия бұрындары қызыл кірпіштен көтерілген ішкі колонналардың орнына түпнұсқаға ұқсас жоғары сапалы гранит пайдаланылатынын айтты.


Қазақстанның Мысырдағы елшісі Арман Исағалиев Сұлтан Бейбарыс мешітінің қайта қалпына келтіру жұмыстарына қанағаттанарлық баға берді.


"Мысыр басшылығының жалпы ұлттық құндылығымызды сақтау мақсатында шаралар жүргізіп жатқанын жоғары бағалаймыз. Мысырды бүкіл әлемге мұсылман орталығына айналдырған әрі Аббасид халифатының астанасы еткен ұлы Сұлтан Бейбарыстың дәуіріне тиесілі бұл тарихи ескерткіш таяу уақытта қайта қалпына келтіріліп, аса маңызы бар және Мысырдың мұсылман әлемі мен Таяу Шығыста беделін көтереді", - дейді қазақстандық дипломат.


Мешіт құрылысына жалпы мөлшерде 12 миллион доллар жұмсалады. Оның қайта қалпына келтіру жұмыстарына Қазақстан 4,5 миллион доллар (Мысыр шамамен - 5,6 миллион доллар бөліп отыр) бөлді.


Болжаммен, қайта қалпына келтіру жұмыстары 18 айдан соң аяқталады.

 




Көрілген: 1101    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.10.2018, 16:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде 2017
    Алашшыл азамат
    12 Шілде 2017
    Генерал жолы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30