Алаш үні

Тарихшы: «Головкин 37 жекпе-жегінің бәрін жеңсе, кезінде Қабанбай 103 шайқастың бірде-бірінде жеңілмеген»

  • Тарихшы: «Головкин 37 жекпе-жегінің бәрін жеңсе, кезінде Қабанбай 103 шайқастың бірде-бірінде жеңілмеген»

    Тарихшы: «Головкин 37 жекпе-жегінің бәрін жеңсе, кезінде Қабанбай 103 шайқастың бірде-бірінде жеңілмеген»

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті Гуманитарлық факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты Амангелді Төлемісов Қабанбай батырдың 103 шайқасқа қатысып, оның бәрінде жеңіспен оралғанын мақтанышпен айтты. Бүгін Талдықорғанда батырдың 325 жылдық мерейтойына орай «Дарабоз батыр – Қабанбай» атты ғылыми конференция өтіп, ғалымдар батырға қатысты тың деректерін ортаға салды.


Ғылыми шара басталмастан бұрын оның қатысушылары Қаракерей Қабанбай батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Ал, конференцияның өзі І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында өтті. Келушілердің арасында Қаракерей Қабанбайдың ұрпақтары да бар.



 


Конференцияда батырдың өнегелі өмірі рухты шақастары туралы аңызға бергісіз әңгімелер айтылды. Алыс-жақын қалалардан келген Кәкен Қамзин, Ахмет Тоқтыбаев, Нұрдәулет Ақыш, Камал Әбдірахман сынды ғалымдар баяндама оқыды. Тарихшы Амангелді Төлемісов Қабанбайдың ешбір шайқаста жеңіліп көрмегенін жұртқа мақтанышпен жеткізді.


«Біз бүгінгінің батыры Геннадий Головкинді 37 жекпе-жекте жеңіске жетті дейміз. Қабанбай бабамыз 103 шайқастың бір де бірінде жеңіліп көрмепті» - деді тарихшы-ғалым.


Сондай-ақ жиында Қабанбай батыр туралы фильм түсіру, ол туралы тың деректерді әлі де іздестіріп зерттеу туралы ұсыныстар айтылды. Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар бұл ұсыныстардың қаралып, жүзеге асырылуын қадағалайтынын жеткізді.


sn.kz


 




Көрілген: 2252    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 19.05.2017, 10:50

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
26 Шілде, 14:07
Алашшыл азамат
12 Шілде, 11:51
Генерал жолы

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
желтоқсан
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31