Алаш үні

Тәуелсіздіктің 26 жылы: Қандай белестерді бағындырдық

  • Тәуелсіздіктің 26 жылы: Қандай белестерді бағындырдық

    Тәуелсіздіктің 26 жылы: Қандай белестерді бағындырдық

Қазақстан халқы үшін желтоқсан айы өте ерекше әрі қастерлі екені мәлім. Себебі желтоқсанмен ата-бабаларымыздың азаттық туралы ғасырлар бойғы арманы, Ұлы Дала Елінің өркендеуі мен асқақ жетістіктері тығыз байланысты.


Сонау 1991 жылы 16 желтоқсанда азат қазақ елінің асқақ арманы орындалып, дербестігіміз жарияланды. Сондықтан Тәуелсіздік күні біз үшін қастерлі дата. Халық нақылында «Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді» деген қанатты сөз бар. Осы орайда келер ұрпақ ұлттың осы асыл мұратқа қол жеткізуінің қиын да сезімге толы жылдарын, осындай ұлы күннен кейінгі мемлекетіміздің гүлдене түскен тағдырлы кезеңдерін мейлінше жадында сақтап өсуі тиіс.


Биыл Қазақстанның өз алдына дербес ел болып, халықаралық деңгейде толыққанды мойындалған мемлекет ретінде өмір сүріп жатқанына 26 жыл толып отыр. Осы аралықта жүріп өткен ауыр да абыройлы жолымыздың мәні мен мағынасын тұтас ғасырға балауға болады. Экономикалық-әлеуметтік, қауіпсіздік, саяси, оның ішінде жаһандық‑өңірлік мәселелерге қатысты өз алдына дербес шешім қабылдауға қауқарлы, өз ұстанымын талап ететін Тәуелсіз мемлекет бола алатынымызды барлық қырынан мойындаттық. Осы орайда халықаралық бастамалармен бірге, әлемдік деңгейдегі шараларды, адамзаттық маңызды форумдарды да жоғары деңгейде ұйымдастыратын мемлекет екенімізді дәлелдедік. Шын мәнінде осының барлығы дербестіктің арқасы екені анық.


Естеріңізде болса, Қазақстан Тәуелсіздігін жариялаған кезде батыстық кей мамандар Қазақстанның ішкі нәзік жағдайларына байланысты ұзаққа бармайтыны, өзін-өзі басқара алмайтыны туралы негізсіз жорамалдар жасаған еді. Бірақ олар қателесті. Мұны өткен 26 жыл дәлелдеп отыр. Атап айтқанда, Қазақстан халықаралық деңгейде аса маңызды жұмыстарды атқарды, беделді мәртебеден көрінді.


Өткен ғасырдың 1991 жылғы 16 желтоқсанында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңынан егемендігіміздің дәуірі бастау алды. Тарихқа ден қоясақ, Тәуелсіздік атты қастерліміз бізге ХХ ғасыр басындағы Алаш арыстарының қанымен, жылдар бойы бодандықтан арылуды аңсаған аға ұрпақтың жанымен, одан қалса 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастардың ерік-жігері, көз жасымен келді. Сондықтан үлкен оқиғаларға толы болған 1991 жылдың қиыншылықтарын ұмыта алмаймыз.


«Тәуелсіздік дәуірі» - Қазақстан жолының шежіресі


16 желтоқсан күні қарсаңында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабының салтанатты тұсаукесері болып өтті. «Бұл кітап менің ұлы қолдаушым, кемел келешегіне өзінің қазақстандық жолымен қарыштаған жасампаз халқыма арналады!», - дейді Президент. Осы орайда бұл атаулы күн турасында Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты еңбегіне жүгінгенді жөн көрдік.


«Тәуелсіздіктің 26 жылы - адамзат өркениетіндегі ғаламат жаһандық өзгерістер дәуіріндегі біздің халқымыздың мықты мемлекет құру және бақуатты өмірге жету жолындағы күресінің шежіресі. Бұл жылдар таңғажайып құбылыс - тарихи уақыттың жылдамдауын көрсетті. КСРО кезінде көш соңында қалғандардың қатарында саналған бұрынғы кеңестік республика небәрі ширек ғасырдың ішінде қалыптасқан ұлттық мемелекеттілігі, тиімді нарықтық экономикасы, демократиялық қоғамдық құрылысы мен халықаралық жоғары беделі бар заманауи мемлекетке айналды. Осының бәрі - Қазақстанды түбегейлі жаңғыртудың күрделі де қарқын процесі, таптаурын ескі қағидаларды қиратқан батыл реформалар мен инновациялардың нәтижесі», - деп ойын жеткізді Мемлекет басшысы.


Бұл кітаптың І бөлімі Қазақстанның бірінші жаңғыруына арналып отыр. Бұл ретте Мемлекет басшысы Тәуелсіздікті жариялау кезеңіндегі естелігін егжей-тегдейлі баяндап өткен.


«1991 жылғы сайлаудан кейін бірінші жұмыс аптасында, өзім 1991 жылдың 16 желтоқсанында қол қойған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» заңның мәтінімен жұмыс істедім. Құқықтық тұрғыда әлемнің саяси картасында дәл осы күні жаңа тәуелсіз мемлекет - Қазақстан Республикасы пайда болды. Осылайша, тарихи әділеттік орнап, бабаларымыздың ұлы арманы орындалды. Бұған дейін декларация түрінде ғана болған мемлекеттік тәуелсіздік енді конституциялық негізге ие болды. Заңдағы 18-баптың біріншісі біздің елімізді ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілейтін және жүргізетін тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет деп жарияланды. Осы жерде аздап шегініс жасамақпын. Меніңше, Тәуелсіздік күні тек ресми бекітілген мерекелік дата ғана болуға тиісті емес. Бұл күннің одан анағұрлым маңызды үлкен мазмұны бар. Ол тәуелсіздік жолындағы күрестің нүктесін қоюмен бірге, оның басталған күні де болады. Бүгін әр қазақстандық оны өзінің жеке тәуелсіздігі мен табысты күні есебінде мерекелей алады», - деп жазады Нұрсұлтан Назарбаев.


Қорыта айтсақ, біз ғасырлар бойы қаншама ұрпақтың арманы болып өткен тәуелсіздіктің, ұлттық мемлекет құру мұратының жүзеге асқан дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Осы 26 жыл бойы біздің халқымызды бірлік ұғымы, яғни ортақ құндылықтардың, мақсаттар мен міндеттердің, тағдырымыздың бірлігін түсіну біріктірді. Ендігі күні іргетасы мығым қаланған мемлекетіміздің шаңырағы шайқалмай, Тәуелсіздіктің тұғырлы байрағы мәңгіге желбірей беретініне еш күмән жоқ. Біз өзімізге және бүкіл әлемге халық бірлігі болған кезде халықаралық қауымдастыққа үлгі болар мемлекет құруға болатынын дәлелдей алдық.


Руслан Ғаббасов


ҚазАқпарат




Көрілген: 1861    Пікірлер: 0

сенбі, 16.12.2017, 12:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде 2017
    Алашшыл азамат
    12 Шілде 2017
    Генерал жолы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31