Алаш үні

Түркі академиясы Моңғолияда халықаралық дала семинарын ұйымдастырды

  • © ult.kz

    © ult.kz

Моңғолияның Кентай аймағы Дэлгэрхаан сұмынында Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) мен Моңғолия Ұлттық музейінің қолдауымен ұйымдастырған «Кентайдан Ұлытауға дейін: тарихи жадының жаңғыруы» атты ІІІ халықаралық экспедиция аясында халықаралық дала семинары өтті. Бұл туралы Түркі академиясы халықаралық ұйымының баспасөз қызметі хабарлады.


Ғылыми шараға Академия басшысы Дархан Қыдырәлі, Моңғолия Ұлттық музей директоры Д.Сүхбаатар бастаған көрнекті тарихшы, археолог және түркітанушы ғалымдар мен екі елдің белді бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.


Халықаралық эскпедиция мүшелері семинар алдын Шыңғыс ханның туған жері - Бурхан Халдун тауына шықты.



Экспедициялық топ осы аймақтағы Хаяа Худаг және Гүнбүрд көне түркі ғұрыптық кешендеріне археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, жан-жақты зерттейді деп жоспарланған.


Моңғолия жеріне осымен үшінші рет ұйымдастырылған бұл экспедиция Қазақстан мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көтерілген қастерлі жерлер мен тарихи сананы жаңғыртуды мақсат тұтады.


Айта кетерлігі, экспедицияға қатысушылар Моңғолия мен Қазақстандағы көне түркі тарихы үшін маңызды жерлерді жүріп өтеді. Осылайша Бурхан Халдун тауынан басталған экспедиция Ұлытаудағы Алаша хан, Жошы хан кесенесіне дейін жалғасатын болады.


ult.kz

 




Көрілген: 2519    Пікірлер: 0

жұма, 18.08.2017, 11:36

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
26 Шілде 2017
Алашшыл азамат
12 Шілде 2017
Генерал жолы

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31