Түріктер телесериал сатып байып жатыр

Түріктер телесериал сатып байып жатыр

 Соңғы жылдары Түркияда қолында қаражаты бар бай–бағландар табысы мол деп, кино саласына инвестор бола бастаған. Құйған қаржысының қайтарымы жаман болмайтынын жақсы түсінгендей. Бауырлас елдегі кинокомпаниялар мен продосерлік орталықтардың мақсаты – телетауарларын 78 миллион көрермені бар ішкі нарықта ғана емес, сырт елдерге де экспорттау. Жоспарларының жаман болмағанын өзіміздегі отандық арналардан аңғаруға болады. 2002-2003 жж. Бразилия мен Аргентиналық сериалдар саябырсып, олардың орнын түрік сериалдары басты. Анна, Изабелла, Ракель деген қыздардың есімі ысырылып, Шехризат, Зейнеп, Бериван деп ат қою сәнге айналды. Ұлдарымыз «мен – Юсуфпын» деп мақтанып, біреуге ренжісе «сен – Қамбарсың» деп, кемсітіп жатты. Түрік актерларының есімін жеті атасындай жатқа айтатын жастар өскенін жасырмаймыз. Бұл мақтаныш емес әрине, айтпағымыз сериал сатып алу дәстүрі әлі үзілген жоқ. Ал, түрік ағайындар біз секілді сериалға «зәру» елдерге кино сатып, бұл саладан да кәсіптің көзін тапқандай. Мәселен, қазақ көрермендеріне жақсы таныс атақты «Сұлтан Сүлеймен» тарихи сериалы биыл 20 миллион доллар аса табыс түсіріп, түрік телеиндустриясында рекорд жасады. Кезінде еліміздегі телеарналардың бірінен көрсетілген «Көкжалдар мекені» (kurtlar vadisi) де қомақты қаржы тапқан тележобалардың бірі. 15 млн долларлық пайдасымен «Сұлтан Сүлейманнан» кейінгі екінші орында тұр. Бұлардан басқа да продюсерлік орталықтардың қоржынын қампайтып, ел қазынасына тамшылап болса да қаржы құйып жатқан сериалдар баршылық. Кино өнер ғана емес, табыс һәм идеология екенін түсінген түрік үкіметі кино түсіреміз дегендерге демеуші болып бастағанына бірнеше жыл өтті. Анадолы еліндегі статискикаға қарасақ, 2000 жылдардың басында барлық орталықтар жабылып жүріп бар-жоғы жылына 10 кино түсірген екен. Кейіннен мемлекет қолдау көрсетіп, соның арқасында 12 айда түсірілетін телеөнімнің саны 100-ден асқан. Барлығы сапалы демейміз, дегенмен, үкімет тіреу болып, қолға алынған жоба, әйтеуір жемісін берері анық. Осылайша, кез-келген тақырыпты сериалға айналдыра салатын түрік ағайын дәл осы кинотуындылары арқылы еліне келетін туристердің санын 16-18 пайызға арттырған.

Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі 2009 – 2012 жыл аралығында әлемнің 76 еліне 40 мың 675 сағат сериал саттық деп статистика таратты. Алушылар Балқан түбегі мен Азия және Орта Азия мемлекеттері. Ең көп табыс әкелген сериалдардың қатарында Қазақстанға жақсы таныс «Асау жүрек», «Көкжалдар мекені» бар.

Олар «тоқтама, әрі қарай кеттік» деген саясатпен 2011 жылдан бастап, Европа мен Америка елдеріне көз салды. Жоспарлары нәтижесін беріп, Грекия, Ресей тіпті Біріккен араб әмірліктерінен миллиондаған көрермен тартқан. Дәл осы елдерде «Merhaba», «nasılsın», «tamam» «teşekkurler» сөздерін жаттаудан басталған қызығушылықтың соңы түрік тілін үйренуге сеп болған. Нақты факт. Грекияда тоғыз, балқан елдерінде оннан аса түрік тілінің курсы ашылған. Сериалға құда түсішілердің бірі Ресей өздерінің «Домашний тв» кабелдік каналдарынан орын берген. Орекеңдердің сүйіп көргені соншалық «Сұлтан Сүлеймен» сериалын көршіміз аптасына 11сағат бойы эфирге қойғызған. Арабтың «Gulf news» басылымы соңғы жиырма жылда БАӘ Түркиядан 60 млн долларға жүзден аса сериал сатып алғанын жазыпты. Алыс жатқан Африка елдерін де дәл осы телетауар жақындастырғандай. Түріктердің Солтүстік және орталық Африкада 85 млн көрермені бар екен. Қысқасы түріктің сапалы һәм сапасыз телетуындылары қаржыдан басқа да жемісін беруде. Және «қайда барсам»? деп ойланып жүрген туристерге де Анадолы еліне деп карта сызып бергендей. «Deloitte Türkiye» зерттеу орталығы бөліскен ақпарат мынадай. Түркияда сериалдардан түскен қаражат 2013 жылы АҚШ-тың ақшасымен 200 миллионды құраса, 2015 жылы 350 млн болған. Түрік киногерлері 2023 жылға қарай сатылымнан келетін қаржыны 1 млрд долларға жеткіземіз деген меже қойып отыр. «Өй, ол мүмкін емес!» деп бас шайқайын десек, жыл өткен сайын расында өркендеп келе жатқанын көреміз. Мәселен, 2008 жылы сериалдар табысы 2 млн доллардан аспаған. Бірақ, қысқа уақыттың ішінде тез дамыған саланың бірі. Яғни, 3-4 жылда кіріс көлемі 70 пайызға артқан. Тағы бір стастика. Соңғы жүргізілген санақ бойынша, әлемдегі түрік сериалдары көрерменінің саны 400 миллионға жуықтайды екен.

Мәселен, өзіміз жақтан (Қазақстаннан) келетін демалушылардың көбісі Ыстамбұлға табаны тимей жатып, Сұлтан Сүлейменның сарайы мен Хюремнің гареміне баруға асығады. Ал ол жерге кіру ақылы, әрине. Сондай-ақ, біздікілер ғана емес, басқалар да түрік сериалдарынан көрген жеріне барсам деп құлшынады.

Самат Сүлей, Түркиядан

Halyknews.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста