Атыңнан айналайын, әз Айыртау!

Атыңнан айналайын, әз Айыртау!

Көк күмбезді аспан астында шалқып төгілген көгілдір көлдері мен кербез таулары кемерінен ас­қан сырға толы Көкшетаудың жері қасиеті мен кие­лілігі мол, құт дарыған дарқан мекен десек, қа­телеспейміз. Күн нұрына шағылысқан ақ бу­ра­ның бұйрат жалдарындай тіркескен таулары мен кү­міс көлдері тарихтың талай құпиясын үнсіз бүгіп, іші­не қат-қабат етіп, толтыра  сақтап келе жат­қандай. Осылардың бірі әрі бірегейі Айыртау өңірі жай­лы қанша жазсақ та, артықтық етпес деген пі­кір­деміз...
Кір жуып, кіндік кескен, құмында аунап, гүлін тер­ген бұл өлке, шынымен де, қасиеті мен киесі мол ға­жайып мекен дегенге иланбасқа амал жоқ. Себебі тұм­са табиғатпен үнсіз үндесіп, ерекше үйлесіммен алыс­тан-ақ көз тартқан Айыртаудың ай дидары неше ал­уан шежіре мен қызықты аңыз-әңгімелердің орда­сына айналғаны бүгінгі ұрпақты ертегідей жұмбақ әлемге тарта түседі.
Арғы тарих қатпарларын ақтармай-ақ, Алаш баласын етектен шалып,  бөрідей ти­ген ХVІІ-ХVІІІ ғасырдағы жоңғар шап­қын­шылығы жылдарында айыртаулық ағайын­дардың атқа  қонып, туған жері мен от­ба­­сы­­ның амандығы үшін ат үстінде таң атырып, күн батырған қайсар да батыр ұлдардың ту ұстап, тірек болғандығы жай­­лы ауыздан ауызға тарап кеткендігі белгілі.
Солардың бірі – Айыртаудың ақиық тұлғасы Ағынтай батырдың Қарасай батырмен тізе қосып, талай жаудың бетін қайырғаны Айыртау өңірінен шыққан ақын-­жазушылардың  өлең-жырлары мен қисса-дастандарының арқауына айнал­ған.
Бүгінде қос батырдың мемориалдық кесенесі дәл осы Айыртау ауданының іргесінде қаланып, келіп-кеткен туристер мен бүгінгі ұрпақ үшін мәңгі есте сақталар тарихи жәдігер болып отыр. Ханға да, қараға да батырлығы мен батылдығы өнеге болып, жаугершілік заманда есімі үш жүзге түгелдей ұранға айналған Қарасай мен Ағынтай батырлар­дың тап осы жерге жерленуі  де киелі жердің ұлылығын аңғартқандай.
Ұлы зерттеуші Шоқанды, ән мен жыр­дың серке шеберлері  Біржан сал мен Ақан серіні, Балуан Шолақ пен Үкілі Ыбы­райды дүниеге әкелген киелі жердің топы­рағы ежелден құтты болғанын сақа­лы  омырауы­на түскен  қариялар күні бүгінге дейін әңгі­ме­леп айтып отырады.
Айыртаудағы тағы бір ерекше мәнге ие киелі жердің бірі Сырымбет деп ата­лады. Шоқан Уәлихановтың балалық бал дәурені өткен бұл мекенде бүгінде ұлы зерттеушіге арналған мұражай орна­лас­қан. Шоқанның балалық шағынан бастап, тұтастай осы өңірдің тарихи оқи­ға­лары, Шоқанның зерт­теген еңбектері қамтылған бұл жәді­гер­лер Айыртау жай­лы жаңа мағлұматтарға қанықтыра түсе­ді.    
Тайлақ ЖАЛМҰРЗЕНОВ, Айыртау ауданының құрметті азаматы:
– Айыртау өңірінің барлық сыры мен қырын тарихшылар мен зерттеу­шілер күні бүгінге дейін толық зерттеп біткен жоқ. Себебі ауылды жерлерді аралап шығып, көнекөз қарияларды әңгімеге тартқанымда ешқандай кітапқа да, тарихи әдебиет беттеріне де тіркелмеген қызықты жайттарды естіп, таңғалмасқа амалым қалмады. Сондықтан мұның бәрі бүгінгі ұрпақ үшін маңызын еш жоғалтпақ емес.

Бұдан  кейін де Кәкімбек Салықов, Мұса Шорманов, Көкен Шәкеев сияқты жаз­ба ақындар мен суырыпсалма айтыс­керлер алмас қылыштай талантымен Айыр­таудың тұғырлы бесігі жайлы аянбай сыр шертті.
Жеріңде Айыртаудай жерің бар ма,
Шалқардай шалқып тасқан көлің бар ма?! – деп өз  өлкесін аламан айтыста паш еткен Мұсаның жырлары да бүгінгі Айыр­тау жайлы естіп-білгісі келгендерге тап­тыр­мас құнды дерек көзі бола алады.
Шалқар демекші, бүгінде туристерді табиғатымен өзіне  тартып, туристік клас­тер­ді дамыту көзделіп отырған Шалқар көлі де бірталай аңыз әңгімелердің ар­қауына айналған.
Шалқар көліне сұлу қыздың жібек ора­малы түсіп кетіп, соны аламын деген жігіт суға ағып кеткен екен-міс. Осыдан кейін қайғыдан қан жұтқан сұлу қыз сүй­ген жігі­ті­нің көз алдында мерт болғанына назала­нып, көзінің жасын көл етті деген де аңыз­дар бар.
Иә, Алаш елінің әрбір сайы мен өрі, қыры мен жазығы, тасы мен көлінің қай­сы­сын алсақ та, тарихтың тұмасынан сыр шертіп, киелі қазақ жерінің ұлылығын паш ете түсетіні ақиқат айнасына айналып отыр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста