Бізге жеткен Баянаула аңыздары

Бізге жеткен Баянаула аңыздары

Баянаула! Бұл өлкенің таңдай қақтырар сұлулығын көрген адам баласы Жаратқанның мейірімі тек қана осы өңірге түскен екен деген ойға берілері хақ. Адам қолымен қалағандай қабат-қабат тастарының өзі-ақ ертегілер еліне жетелегендей. Міне, осы өлкені отандық туризмнің орталығына да айналдыруға болады. Әр тасының өзі туған өлкенің тарихынан сыр шертетін мұндай мекен отандық, шетелдік демалып келушілер үшін таптырмайтын жұмақ жай. Жалпы, бұл жерге келушілер жазда Жасыбайдың жағасында суға түсіп, құмға қыздырынумен шектеледі. Осы жердің тарихынан, өткенінен сыр шертетін гидтер ұйымдастырса, келушілер жай ғана демалып қайтпай, бұл өлке жайлы терең біліп кетер еді.

Баянаула қалай пайда болды?
Аңыздардың бастауы осы Баянаула тауларының қалай жаратылғаны жөнінде. Бірде солтүстіктен мұз көшкіні басталып, соны бөгеуге Тәңірі тас толы қапты арқалап аттанады. Далада кездескен адамдар жел өтінен паналауға біраз тас қалдыруды сұраған екен, Тәңірі өтініштеріне құлақ аспапты. Сонда пысық, ақылды бозбала Асан қаптың түбін теседі. Сөйтіп, қаптың түбінен түскен тастар далада қала береді. Арада көп жыл өткен соң далада алып дәу келе жатады. Даланың шетін көрмек болып, шашылған тастарды үйе бастайды. Өзін көтере алатындай тау қалап, шаршаған дәу соның басына шықса, даланың шет-шегі жоқ. Ызаланған дәу тасқа отырып, қолымен бетін басып жылап жіберіпті. Саусағының арасынан тамған үш тамшы жерге түсіпті. Солығын басып қарағанда қандай ғажайып жасағанын көреді.
Үш тамшы жас тамған жерде үш көрікті көл пайда болған. Тастан қалаған тауларда өсімдіктер мен бұталар өсіп шыққан. Кереметті көруге жүгірген аң мен ұшқан құс жиналыпты. Дәудің өзі де Баянауыл тауларын тамашалауға мәңгілікке қалып қойған екен деседі.
 
Ақбет тау – махаббаттың құрбаны
Баянауылдың ең биік шыңы – Ақбетке байланысты ел аузында мынадай аңыз бар. Ертеде осы өлкеде Бүркітбайдың қызы Ақбет тұрыпты. Үй-іші жұтаң күй кешуі себепті әкесі қызын ұзатып, тұрмысын түзеп алмақ болыпты. Қызы болса кедей қойшы жігітті ұнатады екен. Ал әкесі мұны жақтырмайды. Әкесі көп ойланбай-ақ қалың малын төлеген қаусаған шалға қызын ұзатуға келіседі. Жас ғашықтар мұны біліп, қашуға уағдаласады. Алайда сырлары ашылып, жігіт өлтіріледі де, қыз үйге қамалады. Қыз көз жасын төгіп, қоштасуға сүйіктісінің зиратына баруға сұранады. Жеңгелері болса аяп, рұқсат етеді. Жігітінің басына келген қыз жүрегінің тек соған арналғанын айтып, басқа ешкімге жар болмауға ант етеді. Бұдан соң ғашығымен бірге таңды қарсы алатын шыңға шығып, төңірегіне соңғы рет көз салады да, құздан құлайды.


 Кемпіртас жайлы әпсана
Баянаула ұлттық паркіндегі ең танымал тас – Кемпір тас. Оны туристер Баба-Яга деп те атайды. Оған байланысты шығарылған аңыздар өте көп. Әлімсақта жергілікті тұрғындар бұл жерде ерекше жылқы тұқымын өсіріпті. Бұл аттардың бағасы қымбат болып, оларды ең батыл жігіттер көздің қарашығындай күзетеді екен. Алайда соған қарамастан, күнде бір жылқы жоғала беріпті. Түнде күзет қойылса да, бәрі ұры келгенше ұйықтап қала беріпті. Ақыры солардың арасынан жас батыр түнде ұйықтап қалмау үшін білегін кеседі. Түн ортасында жер айырылып, содан түрі қорқынышты кемпір шығады да, жылқы­лардың ішінен ең семізін таңдап, өзімен бірге жер астына әкетеді. Жас жігіт көргенін ақсақалдарға айтып, көбірек қару жинап, халқын сиқыршыдан құтқаруға бел байлайды. Жігіт түнде мыстанның келер уақытын күтеді де, жерден шыққан бетте алыса кетеді. Жігіт мыстанмен түнімен алысып, әбден шаршайды. Кемпір де әлсірейді. Өйткені таң білінісімен күші қайтатын. Таң атқан кезде кемпір жердің астына түсіп үлгермейді де, күн шапағы жердің жігін жауып, мыстанның жарты денесі мен басы тасқа айналып қатып қалыпты-мыс. Үлкендердің айтуынша, жер бетінде жаманшылық көбейсе, ол тіріледі екен. Сондықтан тасқа ақ ниетпен келу керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста