Қарт Қаратау құпиясы

Қарт Қаратау құпиясы

Қалың қатпарлы Қаратаудың соңғы сілемдері Сыр өңіріне жетіп жығылады. Қазақ даласының оңтүстік өлкесін бойлап жатқан тау – қашаннан да ұлтымыз үшін ұлық тұтқан киелі мекеннің бірі. Бағзы заманнан байтақ даламыздың көркін кіргізіп, ажарына әр берген, баурайында бір қауым елге нәр берген ол жайында құймақұлақ қазыналы қарттардан естіген әпсанамыз көп-ақ. Ескі көздер Әзіретті Қаратау, Әулиелі Қаратау, Қазыналы Қаратау дейтін еді. Рас, бұл жер талай көне заманның көзін көрді. Тіл бітсе, тарихтың талай құпиясы ашылар еді. Таудың әрбір тасы көп сырды ішіне бүгіп жатқандай. Кешегі жоңғар шапқыншылығы кезінде осы жерлерде қиян-кескі соғыстар болған. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген сөз содан қалғанға ұқсайды. «Қаратаудың басынан көш келеді, көшкен сайын бір тайлақ бос келеді» деген ащы запыранға толы өксігіміз де осы жерде айтылған. 30-жылдардағы аштықта да бұл мекен қазақ халқының зұлматтан аман қалуына көп септігін тигізгені белгілі.
Қарт Қаратау. Тіл ұшына осы бір сөз тіркесі еріксіз ора­ла береді. Таудың етегіне бара қалсаңыз, оның тас­та­рына қарай отырып, ескі заман еріксіз көз алдыңда көл­бең қағады. Расында да солай. Қаншама ғасыр өт­­ті. Бір кездері Қаратау заңғар көкпен таласқан биік бол­ған шығар-ау. Оны кімнің көзі көрген? Қазір тура жа­сы келген адам секілді шөгіп барады. Орташа биіктігі 1800 метр екен. Ең биік тұсы – Мыңжылқы. Оның өзі де аспанмен таласқан талай шыңның қасында өте пәс.
Қаратауды қазыналы қарияға теңеп жатамыз. Ел­дің басына қауіп-қатер алып келген талай қилы кезең өт­ті емес пе? Біздің білетініміз – берідегі қиян-кескі шай­қас­тар ғана. Ғалымдар бұл таудың жер бетінде пайда болғанына қаншама миллион жыл өткенін айтады. Ал одан бері талай мәрте жылғадан су ағып, сан рет ағаштар бүршік жарды. Қаншама ұрпақ алмасса да, Қаратау адам баласымен бірге жасап келеді.
Есте жоқ ескі замандарда ежелгі адамдар осы таудың баурайын мекен ет­кен де­ген деректер бар. Оның айқын куәсі – тас­қа қашалып салынған суреттер. Мұн­дай тарихи орындар 400 шақырымға созы­лып жатқан Қаратау қойнауында өте көп. Ғалымдар оларды қола дәуірі мен орта ғасыр аралығында бейнеленген деп жора­мал жасап жүр. Археологтер зерттеу­ге алған тастағы таңбалы суреттер қазір 1000-нан асады.
Жаңақорған ауданының қазіргі Талап ауылының тұсында да осындай киелі ор­ындар бар. Оңтүстік Қазақстан об­лы­сы Созақ ауданының Қызылорда об­лы­­сымен шектесетін аймақтарында да он­дай орындар жетерлік. Ғалымдардың ай­туынша, ши­майлы тастар тік, қия және ірі­лі-ұсақты қой тастарда бедерленген. Көш­пелі тай­па­лар өзінің өмір сүру дәстүрі жайлы кейінгі ұрпаққа аманат еткен секілді. Салт-сана, діни түсініктер, ырымдар және әдет-ғұрып қашап салынған көне туын­дыларда өз бейнесін тапқан. Аңшы­лық өнерді де сурет арқылы жеткізгісі келген екен. Қола дәуірінде қашалған тастарда соғыс арбалары көптеп кездеседі. Жер­гілікті халықтың ежелгі рухани өмірін ай­шықтайтын ерекше мәдени ескерткіштер біздің тамырымыздың тереңде жатқанын, біздің де өзге жұрт секілді тарихымыз қаншама дәуірлерге созылатынын айғақ етеді. Осыдан кейін Қаратауды қазыналы қартқа теңемей көріңізші.
Қазірге дейін Қаратау қойнауында жатқан 50-ге жуық қамал бар екен. Көбісі әлі зерттеле қоймапты. Жаңақорған ауданы тұсындағы Қатынқамал үңгірі жайында көпшілік жақсы біледі. Бұл жер – тарихи орын. Жаугершілікте қалың елге пана болды. Алайда осындай қамалдардың құпия­сы әлі ашылған жоқ.
Табиғаттың тамашасына көз салғыңыз келсе, Қаратаудың баурайына барыңыз, келбеті көркем көптеген көрікті жерлер­ді көріп, көңіліңіз көтеріліп қайтады. Жара­тылыстың сұлулығы мұнда да жетіп жатыр. Оны қолмен қашап жасаған мү­сін­шінің туын­­­дысы дерсіз. Алайда оның барлығы – он сегіз мың ғаламның төл туындысы. Бет­­­кейінің топырағы да басқаша, қоңыр және қызғылт қоңыр түсті, келген адам­ның көзіне ол бірден түседі. Сан алуан өс­ім­­­діктер де таудың келбетіне шырай қоса түседі.
Бұл жерді мекен еткен аң мен құс көп-ақ. Кезіндегі салқын көзқарас олар­дың кейбірінің тұқымын тұздай құрта жаз­дағаны рас. Солардың бірі – арқар. Ол мүйі­зі күнмен шағылысып, саят құрған пендеге өзінің сұлулығын паш ете түседі. Ғалымдар «оның негізгі шыққан жері – Қаратау» деп айдай әлемге жар салып жүр. Қаратау қойнауы одан өзге де аң мен құсқа толы. Жемтігін түзден іздейтін қасқыр да бар. Қырдың қызыл түлкісі де көзге ұшырасып жатады. Басқасы да көп-ақ. Олар да азайып бара жатыр. Адамның ашкөзділігі ғой бұл. Ертеңін ойламайды. Бүгінгіге мәз. Табиғаттың тартуына қол сұғып жатыр. Қашанға дейін? Қайдам? Әйтеуір, ет-жүрегің езіледі. Жаратылыстың байлығын сақтай алсақ қой, шіркін...
Бүгінгі күні елімізде туризм туралы әңгімелер айтылып жүр. Талай адам таң­­дай қағатын көрікті жерлер Қаратау қой­науында толып жатыр. Әзірге оны қолға алуға құлық танытпай отырмыз. Әйтпесе қазыналы көне таудың көпшіліктің кәдесіне жарайтын байлығы жетіп-артылады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста