«Көзіме бір көрінші, Ерейментау!»

«Көзіме бір көрінші, Ерейментау!»

Ереймен таулары ту сыртында есіліп аққан Есіл мен Нұра, батысында – Көкше, оңтүстігінде Аюлы-Нияздың сілемдерімен жалғасып, шығысындағы Ақкөл, Жайылма аумағына қарай созыла түсіп, адырлы далаға айналады. Төсінен топыр да өткен, топан да өткен осы шежірелі өңір кезінде кімдерге қоныс болмады десеңізші!

Асан Қайғы айтқан екен...
Арғы замандарда желмаясын желдіртіп, жер шолып жүрген Асан Қайғы бабамыз Ерейменнің тауларын көріп: «Шіркіннің ерейіп-ерейіп бітісін-ай!» – деген екен. Содан кейін бұл таулар Ерейген тау атанып, кейін патшалық Ресейге қараған уақытта санақ алушылар «ерейгенді» «ереймен» деп қате жазып, осыдан кейін Ереймен аталып кетіпті-міс. Шындық па, аңыз ба, ол жағы бір Тәңірге аян. Бірақ ел ішінде ертеден бар әңгіме.
Ерейментау атауы туралы екінші бір дерек былай дейді. Ерттеулі ат тау ішіне қашып, оны тауып алғандар қуанып: «Табылды, ерімен, ерімен жүр екен», – деп хабарлап, бұл таулар осыдан соң Ерімен, Ереймен атаныпты-мыс.
1969 жылы Ерейментау жеріне шығармашылық сапармен жазушы Сәбит Мұқанов келіпті. Тау-тасты аралап, табиғатымен танысқан жазушы: «Сендер жер­леріңнің атын Ереймен деп қателесіп айтып жүрсіңдер, дұрысында Ерментау болуы керек. Тау баурайында ермен деген шөп өседі, яғни ерменді тау деген ұғымды береді», – депті.
Ерейментаудың табиғаты да ерекше, жазы аптапты кел­се, қысы алай-түлей боранды келеді. Асан Қайғы ба­­бамыз: «Жел соғатын жеті есігі бар екен», – деп тегін айт­паса керек. Ерейментаудың жай күнінен желді күні көп.
Табиғатының ерекшелігі сол: Ерейменнің терістігіндегі Күншалған өңірінде ат құлағы көрінбейтін боран соғып тұрғанда, шығыс бетіндегі, Өлеңті бойындағы Бозтал мен Ажыда «үп» еткен жел білінбейтін кез жиі болады. Күншалғанда тізеден қар жатқанда, Өлеңті бойында қасық қар қалмай, төрт түлік мал біткен далада жайылымда жүреді. Жалпы, үлкендер Өлеңті бойының қысы сыртқы бетке қарағанда бір ай кеш түсіп, бір ай ерте кетеді деп отырады. Ерейментаудың терістік беткейінде жаздың шыжыған шілдесінің өзінде түнге қарай ауа салқындап, кәдімгідей бойыңды мұздатады.
Ерейменнің шығыс бетінде Үштаған, Көбей, Жамантұз деп аталатын үш тұзды көл бар. Көбей мен Жамантұздың тұзды батпағын халық ерте заманнан-ақ ем үшін қолданатын көрінеді. Яғни жаз айында барып «тұзға түседі». Бұл –  буын аурулары үшін таптырмай­тын ем. Ал Үштағанның тұзын ана бір жылдары, заман қияндаған тұста ел өңдеп, асқа да қолданған. Жал­пы, Үштағанның тұзы ерте заман­­дарда да асқа пайдаланыл­ғаны туралы деректер бар.
«Бүркіт ұстап басына шығар едім,
Көзіме бір көрінші, Ерейментау!» – деп даланың серісі Иманжүсіп жырлаған Ерей­мен өңірінде сонау замандардан-ақ аңшы­лық, саятшылық, құсбегілік қатты дамы­ған.
«Бүркіт ұстап басына шығар едім...»
Сонау Абылай заманында осы Ерей­ментау жерін қалың қанжығалымен бірге келіп қоныстанған 80 үйлі қарауыл руының ішінде Дүйсенбай деген адамның бір қыста 60 қасқырға түскен қыран бүркіті болыпты. Құсты атағын естіп, алғырлығына қызыққан Абылай хан оны Дүйсенбайдан қолқалап сұратады. Ханның қолқасынан аса алмаған Дүйсенбай бүркітті баласынан Көкшетауға, хан ордасына беріп жіберіп, егер хан «Не сұрайсың?» десе, «Ештеңе керек емес, тек маңайыңыздан қоныс бөліп беріңіз, риза­мыз» дегейсің деп, баласына ақыл беріпті. Дүйсенбай базынасын құп алған хан сол төңіректен бұларға қоныстық жер алып беріп, Ерейментаудағы қарауылдар Көкше өңіріне қарай көшіп кеткен екен.
Ерейментауда бертін, Бапан, Саққұлақ­тардың заманында жасаған, «құстың тілін білген» құсшы Жәнібек, оның баласы, өзі де құсбегі болған Бекше шешендер жайлы осы заманға жеткен небір аңызға бергісіз әңгімелер бар.
Бекше қаршадайынан тапқыр, ділмар, құстың бабын білетін, ағаштан түйін түйетін шебер кісі екен. Ол қыстың бір күні бір сауысқан мен ала қарғаны қолға ұстапты да, қыстай жем-суды қарғаға қоңыр тоқтының төбесінен, сауысқанға сары ала тушаның төбесінен шоқытып үйретеді. Көктемде шешен әлгі екеуін бірер күн әб­ден ашықтырып, аңға алып шығады. Бақы­тына орай көл бойында сары ала қаз, көл жиегінде қоңыр үйрек кездесе қалып, құсбегі ұрымтал жерден тастап жібергенде, сауысқан үйректі, қарға қазды бүре түсіпті. Қарғаға қаз ілдіріп, сауысқанға үйректі алдырған құсбегі Бекше осындай адам болған.
Тазысымен әйгілі өлке
Ереймен – көкқасқа тазыларымен де әйгілі болған өлке. Аққасқа-көкқасқалар­дың тұқымы Сұркиік атты тазы соғыс жылдары Ерейментаудың шығысындағы Ажы ауылында Айтжанның Мешітбайы деген кісіде болып, даңқы талай жерге жайылады. Сұркиік топты қасқырға жалғыз шауып ала береді екен. Сұркиіктің әдісі – қасқырға жетіп алған соң, бір бүйірге қарай шығып кетіп, көлденеңнен келіп омырау­мен соғады екен. Сонда төрт-бес домалап кеткен түз тағысы кәдімгідей есеңгіреп қалатын көрінеді. Тағы бір қасиеті – ит болып кісіге ырылдамайды және бөтен итпен таласуды білмеген. Ел ішінде Сұркиік туралы мынадай әңгіме бар. Соғыс уақы­тында ауыл аралап жүрген Сұркиік бір үйге кіре бергенде үй иесі әйел: «Кетші, әрі, өзіміз жеуге тамақ таба алмай отырғанда сен-ақ сүмеңдеп келе береді екенсің», – деп, көсеумен бір салыпты. Қайсыбір күні осы әйел әлдебір шаруамен Мешең үйіне келіп, босағадан аттай бергенде, ғұмыры адам баласына ит болып үрмейтін Сұркиік әйелге ұмтыла беріп «арс» ете қалады да, тұмсығының ұшы әйелдің омырауына сәл тиіп кеткендей болады. Осыдан кейін сол кісі ұшынып, кеудесіне жара шығып, ақыры содан қайтыс болыпты. «Қартайған шағын­да Сұркиікті бір жасөспірім бала ауыл маңынан көрінген жалғыз қасқырға қоса­ды. Жонға қарай жыта қашқан бөріге еркін жеткенімен, баяғыдай кеудемен ұрып құлататын қауқар болмаса керек Сұркиікте. Қасқырға үш-төрт мәрте ауыз салады. Бірақ тісі жоқ қызыл иек тұра ма, сарт етіп шығып кете берсе керек. Қасқырды ала алмасын білген тазы назаланып жатып, ай­да­лада көз жұмыпты. Мешітбай оны тауып алып, кәдімгідей қабір қазып жерлепті. Бала кезімізде Сұркиіктің «зираты» деген сол төмпешікті көзіміз көріп еді», – дейді Ереймен тарихын біршама зерттеген жазу­шы, ақын Сайлау Байбосын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста