Меккеден жеткен асатаяқ

Меккеден жеткен асатаяқ

Баянауыл ауданында Лекер атты шағын ғана ауыл бар. Бала кезімізде «Лекер деген кім екен?» деп ойлаушы едік. Бертін келе ауылдағы ақсақал, шежіреші қарттардан естіген әңгімелер арқылы Лекер атаның қажы болғанын, тіпті халық оны әулие деп танығанын білдік.
Ел ішінде аңыз болып тараған ол туралы төмендегі әңгіме қызықтырмай қоймайды. Бекболат баласы Лекер (Ақбура) Лекер әулие, диуана деген атпен бел­­гілі екен. Көнекөздердің айтуынша, ол кісі Бәкі баласы Бақтыбаймен қажылыққа барған. Бақтыбай деген кім дегенге келсек, ол Мұса мырзаның серігі, сенімді көмекшісі болған деген сөз бар.
Меккеге жол жүреміз деген уағдалы күні Бақты­байдың ауылына үстінде ақ көйлек, ақ дамбалы бар Лекер диуана келе қалыпты. «Бақтыбай, мен үй­ден жол қаражатымды алып, біржола шықтым. Ал сен дайын болсаң тездет. Алланың жұмсауымен Шалқы­ман­нан (бәйбішесі – Ж.Қ.) 20 тиын қарызға алдым, өзіме жетіп қалар», – дейді ол. Сөйтіп, жолаушылар жолға шығыпты.
Мекке жолындағы көк теңізге жетіп, кемеге мі­нейін десе, кеме иесі «жол кірең жоқ» деп, диуананы мін­гізбейді. Сонымен кеме кете барады.
Біраз жүргесін теңіз бетінде қатты дауыл тұрып, кемеге батып кету қаупі төнеді. Сол сәтте жолау­шы­лардың бірі: «Бағанағы диуананы бекер алма­дыңыз, сол кісі тегін адам емес сияқты еді», – дейді. Кеме ұзағырақ уақыт бөгеліс жасауға мәжбүр болады. Бір уақытта кеме басшысы алысқа көз тіксе, ақ көйлекті диуана судың бетін қара жердей кесіп, зулап келеді екен. Кемедегілер оның тегін адам емесіне көз жеткізіп, кемеге мінгізіп алыпты.
Меккеге келісімен-ақ Лекер әулие көпшіліктен бөлініп, өзі танитын жерге келгендей, шаһарды аралап жүре береді. Межелі уақыт жетіп, кері қайтар кез келгенде, Бақтыбай Лекер диуананы таба алмай қалады. Әрі-бері іздейді, – жоқ. Бірқыдыру уақыттан соң ғана Бақтыбай құмның үстінде демалып отырса, диуана сап ете қалыпты.
– Бақтыбай, сен мені тосып отырсың ба? Мен елге қайтпайтын болдым. Айтатын бір-екі аманатым бар, соны саған айтып үлгерейін деп асығыс жеттім, – депті ол. – Мен Шалқыманнан 20 тиын ақшаны қарыз­ға алып едім, міне, апарып бер. Және Исабай балама сәлем айт.
Бақтыбай ақшаны қалтасына салып, қараса, әулие ұшып кеткендей зым-зия. Тек құм үстінде асатаяғы қадаулы тұр.
Асатаяқты алып, Бақтыбай елге келе сала әулиеге арнап ас беру жабдығына кіріседі. Және ас үстінде әу­лиенің екі аманатын да орындап, 20 тиынды Шалқы­ман бәйбішеге, асатаяқты баласы Исабайға беріп, ауылына оралады.
Атасының асатаяғын ұстаған Исабайға да бабаларының бағы қонған деседі. Ол әулие Исабай қажы атаныпты. Оның Айтмұхамет (Айтмағанбет), Әлмұхамет атты екі ұлы болған.
Айтмағанбет әулие дүниеден 1967 жылы озған. Ел ішінде оның көзін көрген ақ­сақалдар бар. Соның ішінде шежіреші Нығмет Жәмінұлы айтқан мына бір жайтқа еріксіз таңғаласың.
– «1930-31 ашаршылық жылдары Ай­текең диуана біздің ауылға даланың еліктерін айдап әкеліп, сауғызып тұ­рыпты»,  – деп әкем айтатын. Ақ киім киіп, еліктерді үй малындай қотанға иіріп әкеліп сау­дыр­ғанда «желініне ұрмаңдар, ақы­рын-ақы­рын» деп зарлап, көзінің жасы сақалынан тарам-тарам болып ағып, ат үстінде жылап тұрады дейтін. Лекер әу­лиенің асатаяғын Исабайдан кейін Айтмағанбет диуана ұстады. Оның талай сырқатты таяғымен ұшық­­тап, жазып жібергенін көзімізбен көр­дік. Қасиетті асатаяқтың бір кездері қо­ңыраулары мен шылдырмағы болатын. Біреу ауырса, шамдары жанып, шылдыр­мақтар сың­ғырлап, белгі беруші еді. Аса­таяқпен бала кезімде мені де ұшықтап жазғаны есімде.
Ал төмендегі әңгімені Нығмет ақса­қалға марқұм Дәрім Смағұлов әң­гімелепті.
– Мұ­рын­тал колхозында ферма мең­герушісі болып қызмет еткен Дәрім ақсақал Сағын­бек диуана дейтін емшінің үйіне барса керек. Диуананың есігінің алдында сол кезде арба үстінде шаңыраққа керіліп бір әйел адам жатады. Үйге кірсе, төрде келген жолаушы мен пеш түбінде Сағынбек ди­уана отыр, басқа ешкім де жоқ. Ди­уананың бәйбішесі ет асып, шайын дайындап, қа­зан­­дық жақта жүр. Дәрім ата сәлем беріп, төрге жайғасады. Ешкім ештеңе демейді. Әлден уақытта үйге Айтмағанбет диуана кіріп келеді. Ол Сағынбек диуанаға бұрылып: «Осыншама неге асығыс шақырттың? Ат таба алмай, бөгеліп қаламын ғой деп, жаман тайға мініп әрең жеттім, күн де ыстық», – дейді. Дәрім ақсақал аң-таң бо­лып ойланып қалады, себебі Айтмағанбет әулие Сарыөлең ауылынан келіп отыр, ол Мұрынталдан ең азы – 80 шақырым. Ол кезде телефон деген атымен жоқ, сонда екі арадағы хабаршы кім?
«Сізді шұғыл түрде шақыртқаным, – дей­ді Сағынбек диуана, – өз қолымнан келмейтін, күшім жетпейтін сырқат адам­ның арнайы шыққанын иелерім сездірді.
Айтмағанбет диуана айтылған сырқат адамды: «Ой, байғұсым, ауырып қалдың ба, жазыласың, ештеңе етпейді», – деп, аса­тая­ғымен ұшықтап, құлан-таза сауық­тырып жіберіпті.
Иә, былай қарасаңыз, осының бәрі ертегі сияқты. Ертегі дейін десең, сол әу­лие­лердің өмірде болғаны рас, қайсы­бірі­нің ауылда зираттары жатыр, тіпті көзін көріп, шипасын алғандар да жоқ емес. Бәрі­нен қызығы – әңгімемізге арқау болып отырған қасиетті асатаяқтың бүгінгі күні осы Екібастұз қаласында екендігі. Айт­ма­ғанбет диуана көз жұмған соң, оған марқұм Мүбәрак Жабағин ие болған. Бір жылдары баз бір емшілер «Түсіме әулие атам кіріп, асатаяққа ие болуымды бұйыр­ды» деп, асатаяққа қолқа салып келгенін де құла­ғымыз шалған. Осындай көлденең көк аттылардың өтініштеріне қарамастан, асатаяққа бүгінде Мүбәрак ақсақалдың үйіндегі Рысжан апай ие болып отыр.
Бұл күні асатаяқтың бұрынғы сылдыр­мақтары мен шамдары жоқ. Тіпті аздап сынып, қайта жөндеуден өткен. Әйтсе де сырын жоғалтса да, сынын жоғалтпаған асатаяқтың бойында әлдебір тылсым күш бардай...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста