Осы жұрт Жауыртауды біле ме екен?

Осы жұрт Жауыртауды біле ме екен?

Арқаның атырабы аңызға сыңсып тұр. Зерттеген сайын зердеге тоқылар тарихы терең. Жер-су атауларының төркіні жыр-дастан, әпсанаға барып тіреледі. Тамсанасыз. Таңданасыз. Дала философиясына шүбә келтіру күнә екен...
Мәселен, кешегі – Жауыртау, бүгінгі металлургтер мекені – Теміртау. Құрышшылар мекенінде Жауыртау атанған шоқы бар. Оның тарихы «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырымен тамырлас. Көнекөз қариялар Жауыр­тау атауын оның сыртқы кескін-келбетімен емес, жы­рымен, аңызымен байланыстырады. Олардың айтуын­ша: «Айбас Қозының ел-жұртын іздеуге шығып, астындағы атының одан әрі жүруге жарамай, жауыр бо­лып қалған жері қазіргі Теміртау маңайы болса керек, содан Жауыртау атанған...». Сонымен, Жауыртау туралы жыр не дейді? Енді соған үңіліп көрелік.
«Жетпіс жыл баққан малының жеті жапырақ етін тісіне басуға қимайтын» Қарабай әкесі өлген Қозыны қомсынып, қаша көшетін аңыз бар. Ұзақ көш жолында қырық нары арып өліп, Қарабай Аякөзге келгенде, ноғайлы Шақшақ байдың баласы Қодар Баянға ғашық болады.
Кешікпей-ақ тоқсан мырзасын жал­шы­лық­қа берген Қодар Қарабаймен әмпей болып алады. Сонда әбден шарасы таусыл­ған Баян Айбас деген жігітті қанатты қара биеден туған Бақа айғырға мінгізіп, алыста қалған ғашығы Қозыға жібереді. Сә­лем­деме деп алтын сандыққа дом­бырасы мен моншағын, басындағы қар­қа­ра қадаған топысын салып берген екен.

«...Сол Айбас тоқтамастан тағы шапты,
Мәнісін тәмам жолдың оймен тапты.
Қыздың берген шідері түсіп қалып,
Шідерті деген өзен содан қапты.
Қыздың берген қарқарасы түсіп қалып,
Қарқаралы деген жер содан қапты.
Бір суыткан айғыры шығып кетіп,
Шұбар айғыр жорға деп қоя сапты.
Мінген аты астында жауыр болып,
Жауыртау деп жер атын қоя сапты...»

дейді ел аузындағы жыр.
Қарабайдың қырық нарын жалмаған ұзақ жол Айбастың арғымағына да оңай тимепті. Шексіз-шетсіз сары дала Айбас­тың өзін де, астындағы тоқпақ жал Бақа ай­ғырды да титықтатса керек. Алайда қан­шалықты қалжырап, қажыса да, Айбас Баян­ның өтінішін орындау үшін Қозы Көр­пештің елін бетке алып жүре берсе керек.
Бірақ, амал қанша, елсіз-күнсіз сары дала астындағы аттың титығына жетіп, бір жерлерге келгенде болдырып, тоқырап тұрып қалыпты. Айбас алған бетінен сонда да қайтпайды. Бақа айғырды Тоқырауын бойына тынықтырып алып, тағы да жүріп кетеді ғой. Ай жүреді, апта жүреді. Бір жер­лерге келгенде, мінген атының тұяғы сөгіліп, арқасы ошақтай жауыр болып, мүл­дем міністен қалған екен. Осынау жауыр аттың қалған жері содан бері Жауыр­тау атаныпты дейді қыр аңызы (Жар­тыбаев А.Қарағанды өңірі то­по­ним­дерінің мағыналық және құрылымдық сипаттары. – Қарағанды, 1998 ж.)
Айбастың атын арытқан Жауыртау бү­гінде Теміртау аталады. Теміртау 1945 жыл­ға дейін Самарқант қалашығы деп атал­ды. Ал 1945 жылдың аяғында Теміртау қаласы мәртебесін иеленді. Қарағанды об­лысына қарасты, Самарқант суқой­ма­сының жағасындағы қала. Бұл күнде Темір­тауда миллиондаған тонна құрыш пен болат өндіріледі. Әлемнің түкпір-түк­піріне жол тартады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста