Сырдың соңғы жолбарысы

Сырдың соңғы жолбарысы

Қазіргі күні қоршаған ортасы сүреңсіз тартқан Сыр өлкесінің кезінде шұрайлы өңір болғанына ешкім сенбес. «Дарияның бойы сыңсыған қалың тоғай болған» дейді көнекөздер. Ескіден жеткен әңгіме бүгінгі ұрпаққа аңыздай көрінетіні рас. Аға буыннан аманат болған әңгімеге алып-қосарымыз, кәне?.. Сол уақытта дария бойында жолбарыстың да желе жортқанына сенесіз бе? Азуы алты қарыс жыртқыш өткен ғасырдың 30-жылдарына дейін өмір сүрген көрінеді. Құралайды көзге атқан мергендер азулы аңды мылтықтың шүріппесіне оңды-солды байлапты-мыс. Содан жолбарыс «жәкеміздің» тұқымы тұздай құрып кеткен екен. Өкініштісі, қазір оны көзбен көрген кісілер мүлдем жоқ. Елдің аузында тек аңызға бергісіз әңгімелер айтылады.

Жолбарыстың мәрттігі
Арал өңірінде тұратын ағайыннан сыр тартсаңыз, жолбарыспен жүздескен адамдар жайында небір қызықты оқиғаларды тілге тиек етеді. Журналистік жолсапармен желе жортып жүргенімізде, аралдық Ағыбай Сәдуақасұлы ақсақалдан жыртқыш жайлы естігеніміз бар еді. Ағамыздың айтуынша, осы өңірде өмір сүрген Тұрсын деген кісі өрістен қайтпаған баспағын іздеп, дария бойына барады.

Жұрттан естігені бар, ол кісі жолбарыс қай тұстан шығып қалады деп сескенеді. Бір тұстан азулы аңның гүрілдеген дауысы естіледі. Ну тоғайдың ішінен бір сәтте жолбарыс шыға келеді. Ол Тұрсекеңе қарап айбат шегеді. Алдыңғы екі аяғын жоғары көтеріп, беймезгілде тоғайда жалғыз жүрген Тұрсынның бетінен салып жіберген-міс. Онда азулыға көрсетер қандай қауқар бар дейсің. Сол жерде шалқасынан құлай кетеді. Бір қызығы, жыртқыш жануар әлсізге күш көрсеткенім жарамас дегендей теріс бұрылып жүре берген көрінеді. Ол жолбарыстың көңілшектігі ме, әлде мәрттігі ме? Қайдам? Жолбарыс екеш жолбарыс әлсізге күш көрсетуді өзіне ар санай ма екен?
Жыртқыштың тырнағынан аман қалған жағдай тек бұл ғана емес. Осы өңірдегі бір аңшы киік, қабан сынды аңдарды аулаумен күнелтеді екен. Бірде ол жолбарысты атып алмақ болады. Қанша атса да, жыртқышқа оқ дарыта алмайды. Әбден ызаға булыққан жолбарыс бір сәтте аңшыны атымен қоса құлатады. Әлгі адамның кеудесін аяғымен бірер сәт басып тұрған аң оған тиіспестен кері қайтып кеткен екен.

Орыс аңшыларының ойраны
Көне Ақмешітке басшылық жасаған Орынбор корпусының командирі В.А.Перовский Ресей патшалығына мал түгіл, адамға шабуылға шығудан тартына қоймайтын жолбарыстардың көзін құрту жөнінде хат жолдағаны жайында нақты деректер кездеседі. «Арал өңірін бақылаушы Дамос мырза» жолбарыстар малды қойып, адам жеуге шықты» деп маған мәлім етті. Бүгінгі күнге дейін 28 адам жыртқыштың тырнағынан мерт болды. Олардың қатарында Қосарал портының командирі де бар. Осындай жағдайларға байланысты жолбарыстың көзін құртуға рұқсат беруіңізді сұраймын» делінген екен ол хатта. Ресей басшылығы бұл іске көздегенін мүлт жібермейтін ағайынды Петр және Николай Черкиязовтерді жұмсайды. Олар Арал теңізінің аумағын екі айға жуық кезеді. Бұл сәтте жыртқыштың тырнағынан мезгілсіз өмірден көшкен адамдардың саны одан сайын өсе түскен көрінеді. Осы сапарында ағайынды аңшылар жыртқышты аулаудың неше түрлі әдісін меңгереді. Дарияның жағасына баспақ байлап қояды. Түні бойы мөңіреген баспақты жолбарыстар төңіректейді. Оны жеуге келген жыртқыштарды аңшылар оңды-солды атады.

Жыртқыштың соңғы тұяғы
Желе жортқан жолбарыстар тек Арал теңізінің маңайында ғана болмаған. Жыртқыштар дария бойының кез келген жерінде кездескен. Облыс орталығынан 15 шақырымдай қашықтықта жатқан Бірқазан елді мекені тұсында жолбарыстың мекен еткені жайында деректер бар. Бұл жайлы жергілікті қаламгер Мұхамеджан Нұрхан ағамыз айтқан еді. Телікөл бойы мен Сарысу өңірінде де азулы аң жортып жүріпті. Көнекөздер кезінде Сарысуда атан түйе көрінбес қалың қамыс болғанын айтады. Осы маңайдағы мергендердің бірі жолбарыс аулауға бекінеді. Әйтсе де жолбарыс айласы мол аң емес пе? Анау-мынаудың көзіне түсе бермейді. Әлгі мерген көздеген нысанасына дөп тигізетін хас шебердің өзі болыпты. Аң аулауға түнгі мезгілде шығады. Айдың жарығымен азулы аңды ауламақшы болады. Сары қамысты қақ жарып жортқан жолбарысты оққа байлай береді. Аңшылыққа шыққан сол сапарында мерген жолбарыстың біразының көзін құртыпты.

Сыр бойындағы соңғы жолбарыс 1932 жылы атылған деген сөз бар.
Қазір Сыр бойында сыңсыған тоғай да, қалың қамыс та жоқ. Жолбарыстың да желе жортып жүргені тек аңыз күйінде ғана айтылады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста