Түйте әулие тасы

Түйте әулие тасы

Шамамен XVIII ғасырдың екінші жартысы – XIX ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген, ауырған адамның тамырын ұстап, үшкіріп, ем-дом жасайтын (тәуіп) Түйте әулиенің қонысы Баянауыл өңіріндегі әулиелі Қызылтауда болған деседі. Қариялардың айтуынша, Түйте әулиенің жын-перімен алысқан жеріне әлі күнге дейін шөп шықпайды екен. Ол әулиелі Қызылтаудан жырақ бір жерге бару үшін салт атқа мінбей, не арбалы көлікке отырмай, сол жерге лезде жетеді екен. Оның барар жеріне қалайша жылдам жететінін бүгінге дейін ешкім де түсіндіріп бере алмапты. Жұртта осыған байланысты «Түйтені періштелер үлкен жылдамдықпен көкке көтеріп алып кетті» деген түсінік қалыптасқан.
Арқаның белгілі екі өзені – Өлеңті мен Шідерті тасығанда жағалаулардағы ойпаңдау жазықты ұшы-қиы­рына көз жеткісіз ақ айдынға айналдырып жіберетін болған. Осы жер ертеден Ақкөл-Жайылма деп аталады. Түйте әулиенің көктемдегі қонысы (көк­теуі) мен күздегі қонысы (күзеуі) осы Ақкөл-Жайылмада болыпты. 
Түйте әулие қоныс қылуына байланысты Ақкөл-Жайылмадағы тоғыз көлдің бірі оның құрметіне ертеден Әулиекөл деп ата­ла­ды. Әулиекөлдің басында «Түйте әулие тасы» дейтін тас жатыр. Маңайын­да­ғы ел киелі деп санайтын осы тастың тари­хына Кө­лебе батырдың да қатысы бар көрі­не­ді.
Түйте әулие Сыр бойынан Сарыарқа да­ла­сына көш бастап келе жатқанында, жол үстіндегі көлді жайлап отырған елге кезігеді. Сұрастырып білсе, Қанжығалы Көлебе батыр ауылы екен. Малы бар, жа­ны бар ауыр көш алыс жолдан шаршаған. Еру жасап, дамылдап, көшті ауыл іргесімен алып өтуге рұқсат сұрап, хабаршы жібереді. Бірақ Көлебе ықылас бермейді. Сонда батырға жолығуға Түйте әулие өзі келіпті. Екеуара әңгіме жараспай тұрғанында көзсіз ер Көлебе: «Әулие болсаңыз, астым­дағы атымды шідерсіз шідерлеп беріңізші!» – депті. Түйте тұлпардың құйрығынан қыл суырып алып, аяғын тұсап тастайды. Тұл­пар тырп етпейді. Тегін адам еместігін түсінген Көлебе Түйтені үйіне түсіріп, қонақ қылады. Көшке еру береді. Таңертең ұй­қы­дан тұрып, сыртқа шықса, аты тапжылмай кешегі орнында тұр екен. Тәнті болған Көле­бе батыр: «Сіз шын әулие екенсіз. Біздің ауыл үстінен өткеніңіздің белгісі болсын», – деп бір дәу тасты көтеріп әкеліп, тұсаулы ат тұрған жерге қадапты. Разы болған Түйте әулие батырдың үйінің жаны­на қолындағы таяғын шаншып кетіпті. Әулиекөлдің жағасындағы Түйте тас пен әулие тал аңызы осыдан шыққан.

Бұл аңыздың екінші нұсқасын Түйте әулие тасы жатқан Қаражар өңіріндегі қаз­ба жұмыстарының жетекшісі, археолог Тимур Смағұловтың айтуынша, Түйте әулие – заманында көріпкелдігімен аты шыққан адам. Бірде Түйте әулие Көлебе батыр екеуі Баянауылдан шығып, Әулиекөлге жақын жерде түнейді. Көп ұзамай Түйте әулие аялдаған жерді екі кесек тас жарып шыққан-мыс. Бертін келе жергілікті тұрғын­дар қоршап қойған сол жерге адамдар ар­найы келіп тәу етеді. Алыс жолдан келген жолаушылар бұл жерге тиын-тебен тастап, «жолымыз ашылады» деп ырым етеді.
Жоғарыдағы аңызда аталатын «Көлебе батыр қартайған шағында Песчан база­рын­да 1–2 жасар түйені көтеріпті» деген де сөз бар. Бір бай: «Түйемді көтеріп, базар шетіне шығарған адамға жүлде беремін», – дегенде, жастардан батылы жетіп, ешқай­сысы ортаға шықпапты. Сонда Көлебе ба­тыр­­дың жауы­рыны бүлкілдей бастапты. Бәсті тамашалап отырған інілерінің бірі: «Мына шалдың кәрі жыны қозайын деп отыр», – дегенде, Көле­бе батыр: «Мына түйе басын шайқамауы үшін қайырып ұс­таң­­дар», – депті де, бауырына кіріп, көтеріп әкет­кен екен.
Түйте әулиеге қайта оралсақ, әулиенің жерленген жеріне қатысты түрлі дерек бар. Соның бірін екібастұздық өлкетанушы Серік Жақсыбаев былайша тілге тиек етеді:
– Семей қаласының статистикалық бас­қар­масының хатшысы, «Семипалатинский листок» газетінің редакторы, 1906 жылы Семей облысынан сайланған Ресейдің Мем­лекеттік думасының мүшесі, Сібірге жер аударылған, Жаяу Мұса Байжановпен қарым-қатынаста болған, Николай Яков­ле­вич Коншиннің Семей қаласында шы­ғып тұратын «Записки Семипа­ла­тинс­кого подот­дела Западно-Сибирского отде­ла импе­ра­тор­ского русского гео­гра­фи­чес­кого общес­тва» деген журналының 1903 жылғы алғаш­қы санында жарық көрген «О памят­ни­ках старины в Семипалатинской области» деген мақаласында: «В Аккулской волости около озера Аулиеколь есть неболь­шой курганчик, под которым погре­бен, по рассказам киргиз святой Туйтэ», – деп жазылған. Түйте әулиенің мүрдесі осы Коншин айтқандай, қазіргі Әулие көлдің жағасында екендігін Екібастұз қала­сы­ның әкімдігіне қарасты Екібастұз ауыл­дық округінің тұрғындары да айта­ды.
Түйте тәуіп туралы Мәшһүр Жүсіп еңбек­терінде де көп жазылады. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының дерегіне сүйенсек, Түйте әулие Сілеті өзенінің бойына жерлен­ген.
Өткен күннен сыр бүгіп, бұл күні Ақкөл-Жайылма өңіріндегі Қаражар ауылында (атақты Естай ақынның ауылы) Түйте әулие тасы жарқырап жатыр. Талай адамның қызы­ғушылығын тудырған тас бойында бір тылсым күш бардай...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста