Үңгірдегі құпия кітапхана қайда екен?!

Үңгірдегі құпия кітапхана қайда екен?!

Үңгірдегі көне кітапхана туралы алғаш рет Арқада, соның ішінде Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылында тұратын жазушы, зерттеуші Кәмел Жүністегі ағамыздан естіген едік. Ғұмырының саналы кезеңдерін өзінің туған жері мен елінің тарихын зерттеуге жұмсаған Кәмекеңде сол үңгірді алғаш көрген адамдар жыртып әкелген кітаптардың бірнеше парағының көшірмесі бар. Басқа дерек жоқ. Өзі бас болып, бірнеше рет 100 шақырымға жуық жерді кезіп, әлгі үңгірді іздегенімен, жоғын әлі тапқан жоқ. Ал Аюлы тауының баурайынан сол құпия кітапханаға кездескен аңшылар бүгінде өмірден өткен.
«Құпия кітапхананы үңгірден көрген адамды іздеп барғанымда, ол әл үстінде жатыр екен. Тілден, құлақтан қалыпты. Ештеңені анықтап біле алмадым. Әлгі кітапханадан ол адам екі-үш бет жыртып әкеліпті. Кітапхана мұқабасы кәдімгі былғарыдан жасалған, арабша жазылған кітаптарға толы екен. Шамамен мыңға жуық кітап болған көрінеді. Бірақ оның айтқанына ешкім кезінде жете мән бермепті. Мен естігенде кеш болды. Енді сол үңгірді іздеп жүрмін. Ол – рухани мол қазына. Оған дау жоқ. Мұны айтып отырғандағы ойым – сол үңгір туралы білетіндер болса, солармен байланыссақ, ұлтымыз үшін мол қазына болғалы тұр », – дейді зерттеуші. Ал аңдаусызда құпия кітапхананың үстінен түскен аңшылар екеу болған. Біреуі ертеректе қайтқан екен. Ол кітапхана туралы белгілі болғаннан бері тоғыз жылға жуық уақыт өтіпті. Алайда әлі күнге жаңа, қосымша бір дерегі табылмай тұр. Кәмекеңнің күйінетіні – соны естіген ел ішіндегі бір азаматтың соған ден қоймағандығы.
Аюлының тарихын, онда өмір сүрген батыр-бағландар, би-шешендер туралы бұл өңірде Кәмел Жүністегінен артық біле қоятын адам кемде-кем. Ақсақал өзі мұ­рын­дық болып, көне кітапхананы іздеуден қажыған емес. Бірақ бұл бір адамның ғана қолынан келетін іс емес. Ол үшін кәдімгідей экспедиция құрып, айлап іздеу қажет. «Азаматтарға айтсаңыз, барлығы тамсанып, таңданады да қояды», – дейді зерт­теуші ағамыз. Оның үстіне қазір бұ­рын­ғыдай қылшылдаған жас та емес. 70-тің ортасына таяп қалған.
Бұл үңгірдің ғажаптығы да сонда, онда кітаптар бейберекет шашылмаған. Кәдімгі кітапханадағыдай сөрелерге қаз-қатар тізіліп жинақталған. Мұқабасы – таза былғары, түптелуі де тамаша. ХХІ ғасырға дейін сыр бермеген парақтарына қарағанда, аса құнды сапалы қағаздарға жазылған. Түптелуі де өз ісінің білгір мамандарының қолынан шыққан болуы тиіс. Бұл – кітаптың ішінде, жазылған дүниесін айтпағанның өзіндегі құндылығы. Ал оның ішінде қандай рухани дүниенің тұнып тұрғаны бір Аллаға ғана аян. Ол кітап қай данышпан, қандай ғалымға, я қандай бек-патшаға тиесілі болғаны беймәлім. «Тегін адамның таз болмайды» де­ген­дей, кез келген қарапайым адамның мұнша кітап жимайтыны тағы белгілі. Неге үңгірге апарып жасырғаны да – құпия. Мүмкін, кеңес өкіметі ақырып атқа қонған кезде ұрпаққа мұра болып қалсын деп, бір ғұлама жасырды ма, кім білсін?! Әзірге оның бәрі – жұмбақ. Үңгірдегі құпия кітапхана табылмайынша, бұл жұмбақ­тардың жауабы да жоқ. Кәмекең өзіне қосшы болар топ болса, бүгін-ақ атқа қонуға  әзір.
Бабалардан мұра болған мынау дархан даланың құпиясы көп. Ұшқан құстың қанаты, жүгірген аңның аяғы талатын байтақ жеріміздің тарихы тылсым секілді көрінеді кейде.
Әлем зерттеушілері әлі күнге Атлантида қала-елін іздеп әлек. Ал бізге Отырар кітапханасы маза бермейді. Отырар қаласында жерасты жолдары болған дейді кәрі тарих. Ескі Отырардың бір ұшы  Аюлы үңгіріндегі құпия  кітапхана болса ше деген ой басымызға келгенін де несіне жасы­райық. Қияли ой. Бірақ қисынға келетін ой....

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста