Алаштың азаматтық кодексі

Қылмыскерді ұстау біршама жеңілдеді

  • Қылмыскерді ұстау біршама жеңілдеді

    Қылмыскерді ұстау біршама жеңілдеді

 Еліміз адам құқығын қорғау мен құқықбұзушылықтардың алдын алу шараларына науқандық жұмыс ретінде қарамайды. Оған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында құқық қорғау қызметкерлеріне жүктелген міндет пен жауапкершілік дәлел. Ал, осы міндетті алматылық полицейлер қалай орындап жүр? Биылғы жылдың алты айында мегаполистің құқық қорғау саласында қандай өзгерістер болды? Бұл туралы Алматы қаласы ІІД мамандары айтып берді.


«100 нақты қадамның» отызыншы қадамында жергілікті атқарушы органдарға есеп беретін жергілікті полиция қызметін құру міндеттелді. Яғни, бақылау бұрынғыдан екі есе күшеюі тиіс. Ішкі істер басқармасының қалалық, аудандық бөлімдерінде жергілікті полиция қызметінің сапасын жоғарылату мен беделін көтеру бойынша жүйелі шаралар атқарылды. Жеке құрам арасындағы заңдылықтардың сақталуын қадағалап, кәсіби біліктіліктерін арттыру міндеті де ұмыт қалмады. Тағы бір негізгі мақсат – полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз етіп, халық пен құқық қорғау органдары арасындағы қарым-қатынасты нығайту, қарапайым тұрғындар сенімін күшейтуге мән берілді.


Қаладағы қоғамдық тәртіпті сақтау үшін тәулігіне 2000-нан аса полицей қызметкері еңбек етеді. Ішкі істер министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігі бірлесе Алматы қаласы ІІД қызметінің тиімділігін арттыру мен қылмысты ашу ісін жеделдету, халықтың құқықтық білімін арттыру бойынша кешенді шаралардың жоспарын құрған. Жоспарда бейнебақылау құрылғыларымен қамтамасыз ету мәселесін шешу де қарастырылған. Мысалы, қазіргі кезде қала бойынша бақылау камераларының саны 62 мыңға жетеді екен.


Осындай жүйелі түрде жүргізілген жұмыстың оң нәтижесі де бірден байқалады. Қылмыстар саны азайып әрі қылмыскерді құрықтау бұрынғыға қарағанда жеңілдей түсіпті. Оған осы жылдың 6 айлық қорытынды көрсеткіштері дәлел. Алматы қаласы ІІД берген ресми мәлеметке сүйенсек, 2017 жылдың 6 айында 101 413 ұсақ құқықбұзушылық тіркеліпті. Мәселен, қылмыстың ашылуы 28,9%-ке артыпты.


Кәмілет жасына толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жеке шаралар ұйымдастырылды. Жыл басынан бері 10 рейдтік тексеру жасалған. Баласын қадағалаусыз жіберген 117 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігі тақырыбында 116 қоғамдық-саяси, 159 спорттық-мәдени іс-шаралар ұйымдастырылған екен. Соның ішінде ең ауқымдысы – Алматыда өткен Бүкіләлемдік 28-қысқы Универсиада. Шараның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 7800 құқық қорғау қызметкері жұмылдырылды. Оның ішінде мың әскери және 1400 қорғаныс қызметкері бар. Бұдан бөлек, жарылыс бойынша техника мамандары мен 150 кинолог қалашық аумағында күндіз-түні талмай еңбек еткен. Сонымен қатар, 2 мыңнан аса бейнекамерадан тұратын бейнебақылау жүйесі орнатылып, оның 182-сі ІІД жедел басқару орталығына қосылған екен.


Алматы қаласының криминалды деп саналатын аудандарында қатаң тексеру мен «Құқықтық тәртіп», «Қару», «Тұрмыс», «Жасөспірім», «Жаяу жүргінші», «Есеп», «Мүгедектер тұрағы» деп аталатын жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Полиция қызметкерлері «Негізгі міндетіміз – қоғамдық тәртіпке жауап беру. Ал қоғам тыныштығын сақтауға кез келген азамат мүдделі болуға тиіс. Яғни, өзара сенім мен ынтымақтастық керек. Сонда ғана тұрақтылыққа қол жеткізе аламыз», - дейді.


Г.Сембиева




Көрілген: 266    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 14.11.2017, 23:13

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30