Алаштың азаматтық кодексі

Полиция қызметі кәсіби деңгейге көтерілу үшін ғалымдардың әлеуетін пайдалану қажет

  • Полиция қызметі кәсіби деңгейге көтерілу үшін ғалымдардың әлеуетін пайдалану қажет

    Полиция қызметі кәсіби деңгейге көтерілу үшін ғалымдардың әлеуетін пайдалану қажет

 Бүгінде құқық қорғау органдарында қордаланған мәселе шаш етектен. Түрлі реформалар жасалғанымен, полиция қызметі кәсіби деңгейге көтеріліп, олар халықтың шын мәніндегі қорғанына айналды деуге әлі ертерек. Тіпті, елдің қорғанына айналмақ түгілі, ішкі істер бөлімдері ғимараттарын биік қабырғамен қоршап, сіз бен біздің емес, өз қауіпсіздіктерін күйттеп кеткендей. Бәзбір оқыс оқиғаларға дайын болмауы немесе полицияның оғаш әрекеті туралы бейнежазбалардың әлеуметтік желілерде жиі тарауы құрылымға деген құрметті арттырмасы анық. Құқық қорғау органдарына қатысты осы секілді бірқатар мәселелер жөнінде Талғат Балашов өз ойымен бөлісті.

Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының профессоры Талғат Балашовтың айтуынша, біздің елдегі құқық қорғау жүйесінде ғалымдардың әлеуеті дұрыс пайдаланылмай тұр.

Талғат БАЛАШОВ, Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының профессоры:

–Үйлестіру жұмыстары әлсіз. Мәселен, заңға жергілікті полиция қызметіне қатысты өзгерістер енгізілгенімен, одан ешнәрсе өзгере қойған жоқ. Қалада да, ауылда да халық ұрылардан көрген қорлығын қайда барып айтарын білмей, басы қатып жүр. Арыз-шағымын арқалап полицияға жүгінгендер көбіне өздері әуресарсаңға түсіп, қайтып бармастай болуда. Мұның себебі құзырлы орган жұмыстарын үйлестірудегі олқылықтарда. Министрлік жергілікті полицияның қызметіне дұрыс бағыт беретін стратегияны анықтап, нұсқаулар беріп, қажетті әдістемемен қамтамасыз ете алмауда. Бұл ең алдымен полицияның кадр дайындау саясатына байланысты. Министрлікке қарасты мамандандырылған оқу орындары жеткілікті болса да, әлі күнге мамандар тапшы. Министрліктің статистикасы бойынша, учаскелік полицейлердің орташа айлығы 140 мың теңге шамасында. Мемлекет арнайы оқытып, қосымша әлеуметтік, құқықтық жеңілдіктер беріп отырғанын ескерсек, бұл салыстырмалы түрде аз емес. Сонда да бітіруші түлектер қызметке тұрақтамайды. Ертеңгі күні құқық қорғау органдарына қызметке орналасатын курсанттар мен ЖОО-да заңгерлікті оқып жатқандардың адамгершілік, моральдық қасиеттерін дамыту керек. Оларға жұмысқа орналасатын кезде берілетін мінездемелер көбіне формальды. Сондықтан, оларды азаматтық, әскери деп бөле-жармай, болашақ құқық қорғау мамандарының әрқайсысына жеке іспарағын ашу керек. Өйткені, жас мамандар адамгершілік, моральдық тұрғыдан осында ерек¬ шеленеді. Өкінішке қарай, кейбір қыз-жігіттер қызметке тұрғаннан кейін сондағы стереотипті дүниелерді ғана бойына сіңіреді. Олар оқып жүргенде бәрін тәжірибеден үйреніп аламыз деп ойлайды. Бұл қате түсінік. Терең білімі мен моральдық жоғары тәлім¬ тәрбиемен шыңдалған адам қызметке барған кезде өз ісіне жауапсыздық, парақорлық сияқтыларды бойына сіңірмес еді.

Кез келген реформаны жасамас бұрын, бірінші қаржы бөлініп, оның түп негізін, бағытын, қоғамның оған деген сұранысын жан-жақты зерттеу керек. Осы мәселеге келгенде ЖОО Әрбір қылмыс түріне байланысты «қорытынды» жасап, мәселенің шешімін табу жолын іздейтін аппарат болуы керек. Оған ЖОО-лар да тартылғаны жөн. Егер тапсырыс түсіп, қаржы бөлінсе ертеңгі күні ЖОО-дан сұраныс болады және соның нәтижесі бойынша жергілікті полициялар да әдістемелік нұсқаулықтармен қамтамасыз етілер еді.


 




Көрілген: 792    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.11.2017, 15:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31