Алаштың азаматтық кодексі

Прокурорлар шын мәнінде маңызды істерге көңіл бөле бастады

  • Прокурорлар шын мәнінде маңызды істерге көңіл бөле бастады

    Прокурорлар шын мәнінде маңызды істерге көңіл бөле бастады

 Елбасының «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасының 26-шы қадамында сот рәсімдерін оңайлату және сот процестерін жеделдету үшін азаматтық-құқықтық даулар бойынша прокурордың сот ісіне қатысуын қысқарту көзделгені белгілі. Бұл шараларды жүзеге асыру үшін жаңа Азаматтық процестік кодекстің 54-бабына өзгертулер енгізіліп, 4 санат бойынша сотта азаматтық дауға прокурордың міндетті қатысуы шектелді. Олар – баспанадан шығару, жұмысқа қайта қабылдау, еңбекақы өндіріп алу, өмір мен денсаулыққа келтірілген залалды өндіру туралы істер. Қазіргі күні жеке-құқықтық даулар бойынша бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарға прокурор қатыспайды.


2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы прокурордың қатысуымен бірінші сатыдағы соттарда қаралған азаматтық істердің саны 21%-ға (63 мыңнан 49 мыңға дейін) азайса, апелляциялық сатыда 11%-ға дейін (9 мыңнан 8 мыңға дейін) төмендеген. Бұған дейін прокурорлар баспанадан шығару жайлы азаматтық дауға міндетті түрде қатысатын. Ал қазір елімізде жеке меншік институты толық қалыптасты, тұрғын үйлер еркін сатылады және сатып алынады. Азаматтар мәмілелерді өздері дербес жасай береді.

Міне, осындай мәмілелерді заңсыз деп тану тұрғын үйден мәжбүрлеп шығаруға әкеп соғатыны жасырын емес. Сондықтан прокурордың мемлекет өкілі ретінде мұндай дауларға кірісуі талап етілмейді. Сонымен қатар жұмысқа қайта қабылдау және еңбекақы өндіру дауларын қарауда да өзгерістер бар. Прокурорлардың бұл бағытта мәселені сотқа жеткізбей шешуі тиімді екенін тәжірибе көрсетіп отыр.

Елімізде еңбекақы бойынша барлық қарыздың үштен бірі, яғни 6 миллиард теңгенің 2 миллиарды соттың араласуынсыз, прокурорлардың ұйғарымы негізінде төленген. Қазіргі уақытта жеке азаматтардың арасындағы дауларға, яғни жұмыс беруші заңды тұлға мен жұмысшы арасындағы еңбекақы өндіру және жұмысқа қайта қабылдау істері жөніндегі сотқа прокурор қатыспайды.

Бұдан бөлек, өмір мен денсаулыққа келтірілген залалды өндіру туралы ­даулар бойынша азаматтар өз мүдделері мен құқықтарын сотта өз беттерімен қорғай алады. Егер де тараптар өздерін қорғай алмайтын болса, онда прокурор қорытынды беру үшін процеске міндетті түрде қатысады.

2016 жылы прокурордың қатысуы­мен қаралған істердің саны 63 мыңнан 49 мыңға, 21,3 пайызға азайған. Бұл бір­қатар оң мүмкіндіктерге жол ашады. Біріншіден, жарыспалық қағидасы қамтамасыз етіледі. Тараптардың бұ­рын­ғыдай прокурорлардың қол­дауы түріндегі артықшылығы болмай­ды. Олар өз мүдделерін өздері қор­ғап, шағым беру құқықтарын да өздері жүзеге асырады.

Екінші жағынан мемлекеттің жеке дауларға кірісуі мейлінше төмендеді.

Прокурорлар шын мәнінде маңызды істерге көңіл бөле бастады. Олар мына санаттағы істер:

Бірінші санат – бұл мемлекет ­немесе қоғамның мүддесіне қатысты істер. Яғни адам құқықтарына ­қа­тысты, мысалы, жаппай жұмыстан босату, электр энергиясы мен басқа да тарифтерді негізсіз көтеру. Мемлекет мүддесіне қатысты, негізінен бюджет қаражатын шығындау және оның түсіміне байланысты істер. Салық пен кеден түсімдері, мемлекеттік сатып алу және басқа да сомаларды өндіріп алу талаптары.

Екінші санат – адам өз құқын өзі қорғай алмауы. Әзірге мұндай істер қаралған жоқ. Мұндай адамдар өз мүдделерін өкілдері арқылы қорғауға мүмкіндігі бар. Қорытынды беру үшін прокурор сот процесіне міндетті түрде қатысады.

Үшінші санат – егер сот немесе прокурор азаматтық іске прокурордың қатысуы міндетті деп таныса, онда ол іске қатысады. 2016 жылы мұндай санаттағы 240 іс қаралған.

Прокурорлардың азаматтық істерге қатысуының азаюы азаматтық-құқық саласындағы түйткілді мәселелер мен олардың туындау себептеріне терең талдау жасауға мүмкіндік беріп отыр. Мысалы, сот дауды тек қойылған талап шеңберінде ғана қарауға құқылы, ал прокурор сотта анықталған кез келген кемшіліктер бойынша қадағалау актісін қабылдап, кінәлі тұлғаларды жауапқа тарта алады. 2016 жылы прокурорлар процесте анықталған заң бұзушылықтар бойынша 248 қадағалау актісін қабылдап, 33 қылмыстық іс қозғаған. Тәртіптік жауаптылыққа 370, әкімшілік жазаға 203 адам тартылса, 4 тұлға қылмысы үшін сотталған. Мысалы, Батыс Қазақстан облысында прокурорлар 30 жүргізушінің ішімдік ішкен күйінде автокөлік жүргізгені дәлелденсе де әкімшілік істің қозғалмағанын анықтаған.

Келешекте прокурорлардың аза­мат­тық істерге қатысуын одан әрі қысқарту жоспарлануда. Мәселен, балаларға қатысты, әрекетке қабі­летсіздік, туберкулез, жүйке ауруына, нашақорлық, маскүнемдік дертіне шалдыққандар, адамды қайтыс болды немесе хабар-ошарсыз кетті деп тану істері бойынша олардың ­туыстары мен өкілдері, қамқоршы орган, медициналық мекемелер сот процесіне қатысады. Сондықтан прокурордың қатысуының қажеттігі жоқ.

Сонымен қатар жеке даулар ­бойынша кассациялық наразылық келтіру туралы өтініштерді қараудан бас тарту жоспарланып отыр. Тараптар Жоғары Сотқа өздері шағымда­нуға құқылы. Жаңа Азаматтық-процессуалдық кодекс бойынша күшіне енген сот шешімі Жоғарғы Сот төрағасының ұсынысымен қайта қаралуы мүмкін. Мұндай жағдайда Бас Прокурор­дың өз бастамасымен кез келген сот шешіміне наразылық келтіру құқығын сақтау керек.

Қорыта айтқанда «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» заман талабынан туындаған мәселелерді тиімді түрде шешуге мүмкіндік береді.


Қ.Раисов,

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының

4-департамент бөлімінің бастығы




Көрілген: 281    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 13.11.2017, 17:59

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30