Сот істерін қарауда «Бұйрық өндірісі» жаңа институты енгізілді

Сот істерін қарауда «Бұйрық өндірісі» жаңа институты енгізілді

 Алдағы уақытта сотта істерді қарау кезінде «Бұйрық өндірісі» институты қолданылады. Сондай-ақ теріс қылықтар және ауыр емес қылмыстарды қарау мерзімі қысқартылады. Бұл туралы  таяуда Парламент Мәжілісінде ҚР бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді.
 ҚР Парламенті Мәжілісінде «ҚР Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды. Жиында Марат Ахметжанов аталған заң жобасындағы жаңалықтарға тоқталды.
«Заң жобасындағы тағы бір жаңалыққа тоқталсақ, «Бұйрық өндірісі» деген жаңа институтты енгізіп жатырмыз. Жеңіл-желпі қылмыстарды қарау мерзімін азайтуды ұйғардық. Адам кінәсін мойындап тұрса, дәлелдер жеткілікті болса, айыппұлға келіссе, сондай-ақ еш дау көтермесе, ондай жағдайда «Бұйрық өндірісі» қолданылады», - деді ол.
ҚР Бас прокурорының орынбасары бұл институттың көмегімен уақыт үнемдеуге болады деген пікірде.
«Қылмыстық теріс қылықтар бойынша сот үкімін қоса алғанда, мерзімі 6 тәулікке дейін болады. Ал ауыр емес қылмыстар бойынша негіз пайда болған кезден бастап тергеу 5 күнде аяқталады. Бұл жерде де біз прокурордың және соттың мерзімін азайттық. Енді істі прокурордың тексеру уақыты 3 тәуліктен 1 күнге қысқарады, сотта істі қарау — 15 күннен 3 тәулікке дейін шегереді. Сонымен қатар қылмыстық теріс қылықтарға тоқталсақ, олардың құқықтық табиғаты қылмыстан басқа болып саналады. Бұлар бұрын әкімшілік құқық бұзу болған. Оларды қылмыстық істер сияқты тергеп-тексеру жасаудың ондай қажеті жоқ. Ондай істерді сол жерде хаттама жасап, сотқа бірден жолдаған дұрыс. Прокурор сотқа қатысады, сонда өз қорытындысын береді. Онша ауыр емес қылмыстар болса, сотқа тек қана прокурор арқылы барады", —деп түсіндірді Бас прокурордың орынбасары.

 

 Алаш айнасы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста