Бар жандүниесімен ұстаз еді...

Бар жандүниесімен ұстаз еді...

Ақтоғайдан білім іздеп қалаға,
Алғаш білім кілтін ашқан жан ана.
Еңбегіңіз қырық жыл ұстаз болған,
Үлгі өнеге үлкен-кіші, балаға.
 (Әбдімәжит Өтеш)
Қазақ халқының кемеңгер тұлғасы ұлы Абай өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде адам бойында қалыптасатын ең қасиетті нәрселердің бірі парасатылыққа бірнеше рет қайталап оралады. «Парасатылықтың мәні- ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек, білім, оның ішкі нәрі, сыртқы шырайы және әрі» деген болатын. Ал осы қасиеттердің қай-қайсысында санасына сіңіріп, бойына ұялата алған адам ғана тұлға деңгейіне көтеріле алады. Осындай парасат иесі, өмірінің барлығын ұстаздық етуге арнаған, ұстаздардың ұстазы, тұлға деген атқа шын лайық адамдардың бірі де бірегейі Жамбыл обылысы, Сарысу ауданы, Ақтоғай ауылының тумасы, математик, ардақты ана, аяулы ұстаз Күлжан Тәйкешқызы дер едім.

Иә, қырық жыл ұстаздық етіп, бүкіл саналы ғұмырын болашақ ұрпаққа тәрбие беру жолына сарп еткен Күлжан анамызды еске алғанда көз алдымызға тек оның жақсылықты жар салып жүретін ақпейіл мінезі мен аналық қамқорлығы келеді. Жастық шағы сұрапыл сұм соғысқа дәл келген Күлжан анамыз бұл өмірге бей-жай қарамай, бар мен жоқтың қадірін біліп өсті. Соғыстың алдыңғы жылдары Орта Азия университетінің жұмыс факультетіне оқуға ауылдан жастарды шақыра бастады. Бір жылы сол шақыру тізіміне  көп оқуға, көп білуге жаны құштар, алға қарай талпынып тұрған жас бойжеткен Күлжан апайда ілікті. Оқыса ғана халқына пайдасы тиетінін біліп, Орта Азия Мемлекеттік университетінің жұмыс факультетін, одан кейін Жамбыл қаласының педагогикалық училищесін үздік бітіріп шығады. Кеңес дәуірі кезіндегі жастардың бір ерекшелігі – қазіргі кездегі оқу бітірген жас мамандарға ұқсап жылы жерден орын іздеп қалаға қалуға тырыспайтын, ауылына келіп бар алған білімін өз туған жеріне қызмет етуге арнаушы еді. Бойында ауылға деген ерекше ыстық ынтазарлық бар Күлжан анамыз да бар өмірін өз туған жеріне қызмет етуге арнаған еді. Тумысынан білімге құмар жас ұстаз Ақтоғай ауылында орта мектепте сабақ беріп жүріп КазПИ-дің математика факультетін сырттай оқып білімін шыңдайды. Сабақ беріп қана қоймай, сол ауылдың жастарын білімге, өнерге баулып өсіреді. Өз шәкірттерін ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелеп, өміріне азық болатын білім берді. Кеңес одағы кезінде оқушылар егер емтиханнан өте алмаса, сыныптан сыныпқа көшірмейтін. Ол уақытта бір сыныпта 1-2 жылға дейін үлгерімі нашар бала отыра беретін. Сыныптан сыныпқа өте алмай қалған үлгерімі нашар балаларды Күлжан анамыз үйіне әкеліп ерінбей уақыт бөліп емтиханға дайындайтын, ал ол балалар емтиханды міндетті түрде жақсы тапсырып, тіпті, өз қатарларын қуып жететін. Күлжан анамыздың ерекшелігі – әрбір баланың жеке қасиетін дамытуға көп көңіл бөліп, сабырлылық, іскерлік танытып, шәкіртті сабақтан қорықпайтындай, өз бетінше қызығып оқитындай жағдай жасайтын. Күлжан апайдың ұл-қыздары мен шәкірттері бүгінде елге сыйлы, ғылымға, білімге, әдебиетке, жалпы рухани кеңістікке өз үлестерін қосып жүрген танымал талант иелеріне айналған. Мәселен, Ильясов Шамсия – аудандық ауылшаруашылығын басқарған басшы, Төлеутай Несіпбаев – ғылым докторы, профессор, Илья Жақанов – атақты композитор, өнер зерттеушісі, Қосылған Күзембаев – химия ғылымдарының докторы, Мұқұшев Мәжит – тау-кен инженері, Түгелбаева Күләш пен Біргебаев Ақтай – Алматы қаласында жоғарғы оқу орындрында доцент, Бердібек Иманбеков – байланыс саласының бастығы, т.с.с

Ел ертеңіне нық сеніммен қарайтын іскер маман Күлжан анамыз бар жандүниесімен ұстаз еді. Мектепте өтетін қандай игі іс-шаралар болмасын, алдыңғы қатарда жүретін. Сонымен қатар неміс тілінде өз ана тілінде сөйлегендей жетік сөйлейтін. Күлжан апай осы ұжымда қырық жыл қызмет жасап ел алғысына бөленеді.
Күлжан анамызды айтқан кезде ол кісінің балалары жайлы айтпай кету мүмкін емес. Ең қызығы ұстаздық  отбасынан бастау алған секілді. Кезінде, өзі  математик болса, жеті баланың үшеуі – математик, екеуі ауыл мектебінде білікті ұстаз мамандығын  абыройлы меңгеріп жүр.

Тұңғышы Абай – ауыл-шаруашылығы саласының маманы болса, Мамығы – сауда саласында жүмыс істейді, Аманжан – университет оқытушысы, ал қызы Жарқын – Мәскеу қаласындағы «Халықтар достығы мен ұлттық мәдениеттердің дамуын қолдаудың «Астана» қорының» президенті, ортаншы ұлы Әбдімәжит Алматы қаласындағы маңдайалды білім ордаларының бірі №178 физика-математика пәндерін тереңдете оқытатын лицейдің директоры, республикамызда физика-математика бағытындағы мектептердің дамуына белсенді ат салысып, мектептердегі оқу-тәрбие жұмыстарын жаңа бір деңгейге көтеріп жүрген республика көлемінде кеңінен танымал математик, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, білікті ұстаз, іскер басшы. Кіші қызы Айжан өз ауылында ұстаз болып жұмыс істесе, кенже ұлы Рашид КазГУ-де доцент, физика математика ғылымдарының кандидаты, Рессей университетінің түлегі.
Міне осындай әр салада жемісті еңбек етіп жүрген балалары аяулы анасың қайтыс болғанына бір жыл толған асында, аудан көлемінде математиканы жетілдіруге ықпал ететін «Күлжан Тәйкешқызы» атындағы аудандық математика пәніне арналған олимпиаданы өткізді.

Олимпиадаға  аудан әкімінің орынбасары Олжас Көкей, аудан әкімдігінің білім бөлімінің басшысы И.Баймағанбетов, Сарысу ауданы мектептерінен 80 ұстаз және 10-11 сыныптардағы  математика пәнінен қабілеті бар 56 оқушы қатысты.
Олимпиада кезінде Алматы қаласының маңдайалды білім ордасынан Күлжан апайдың ортаншы ұлы Әбдімәжит ағамыз бастап келген озық тәжірибелі ұстаздар аудан мұғалімдерінің әдістемелік шеберліктерін жетілдіруіне ықпал етіп, жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында мұғалімдерге арналған аймақтық семинар өткізді. Тәжірбие алмасқан коучинг сабақтары барысында аудан ұстаздары атынан «оқушыларды тестке дайындауға арналған түрлі әдіс-тәсілдерді жинақтап бағыт-бағдар алдық», осындай іс шара жалғасын тапса деген тілектер айтылды.
Іс-шара барысында Күлжән Тәйкешқызының балалары және олимпиадаға қатысушылар мектеп ауласына  арша ағашы көшеттерін отырғызды. Мектепке №178 лицейдің мұғалімі Бақыт Ықыласов өз қолымен өрнектеп жасаған үлкен шахмат тақтасын  тарту етті. Жарыстың нәтижесінде  жеңімпаздарға диплом және ақшалай бағалы сыйлық табыс етіліп, басқа да қатысушыларға сертификат берілді.

Жүзінен шуақ, әр сөзінен жылылық төгіліп тұратын ұстаздың алдын көру бақыты бұйырған кез-келген шәкірттің бүгін ұстазын сағынуы, оған жүрекжарды жылы лебізін білдіруі – заңдылық. Кең дастархан басында бар өмірін білім саласына арнаған Күлжан Тәйкешқызының жақсы сөздерін қазіргі ата-әже болып отырған өзінің шәкірттері сағына еске алды.
Ұстаз бақыты – кез-келген адамның маңдайына қона беретін бақ емес. Осы бақ Күлжан Тәйкешқызына қонған десек артық айтқандық емес. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста