Жаңа заманның жаңа тұлғасы ұстаздар

Жаңа заманның жаңа тұлғасы ұстаздар

Білім беру жүйесі - қай кезеңде болмасын қиындығы мол күрделі сала. Қазіргі таңда өсіп келе жатқан ұрпақты жан - жақты білім беріп тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. "Жақсы мұғалім-мектептің жүрегі"- деп Ы. Алтынсарин айтпақшы, әрбір мұғалім мектептің жүрегі, ал оқушы оның тамыры.
Бүгінгі таңда еліміздің өркендеп өсіп, қияға қанат қағып, самғауы үшін ең бірінші білім, ғылым керек.
Бүгінгі күннің басты мақсаты – мұғалімді заманауи әдістемелер мен технологиялармен жаңаша жұмыс жасауға бейімдеу. Осы мақсатта әр мектеп басшылығы қарамағындағы ұстаздар қауымын заман талабына сай шыңдауға тырысуда. Олай дейтінім барлық аймақтарда Кембридждік тәсілдермен оқыту негізіне көшу үшін деңейлік курстар ұйымдастырылуда.
Біздің бүгінгі мектеп партасында отырған шәкірттеріміз – баға жетпес ұлттық байлығымыз, еліміздің ертеңі. Ертеңін ойлаған әрбір азамат дәлірек айтсам әрбір ұстаз өз біліктілігін шыңдай түсуге міндетті.
«Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек. Оларды сүйеніш, қолғабыс есебінде қолдану керек» - деп А.Байтұрсынов атамыз айтқандай қазіргі мұғалімдер рухани байлықты бойына жинаған, заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан- жақты дамыған маман болғаны жөн.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде сөйлеген сөзінде: «Жаңа формацияға жаңа педагог қажет»- деп атап көрсетті.
Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді.
«Педагог шеберлік орталығының оқытудағы Кембридж тәсілі негіздерін бойынша» шығармашыл пән мұғалімдеріне арналған 3 айлық курсты оқып, сертификатталған мектебіміздің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі А.С.Ерсаиновадан тәлім алып, Кембридждік әдістің теорияларын меңгеріп, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері 7 модульді практикалық түрде қолданып, оның артықшылдықтарына көз жеткізіп жүрмін. Тиімді жақтары мол. Оқушы шығармашылығын, логикасын, дүниетанымын арттыруға таптырмас құрал.
Ұстаздың кəсіби шеберлігінің негізі, біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы. Екіншіден, пəнді жетік білуі, ойын оқушыларға жеткізу үшін жан жақты, терең дайындықпен баруы, оқуышлар бойына əдеп, əдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіруі, моральдық нормаларды білуі. Үшіншіден, оқыту мен тəрбиелеудің əдіс тəсілдерін міндетті түрде меңгеру. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Күнделікті іс тəжірибеде мұғалімнің кəсіптік білімін көтеруіне мектеп ішінде де жағдай жасау керек.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,»- дейді. Ендеше еліміздің ертеңін тәрбиелеп жатқан ұстаздар шабыт беруші Ұлы тұлға болса нұр үстіне нұр болар еді.

ШҚО. Ұлан ауданы Каменка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Алымханова Салтанат Кабдылкамитовна.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста