Үлкен өмірге қадам басуға дайындық

Үлкен өмірге қадам басуға дайындық

Ізгіліктің ордасы - Мектеп ана Араға жылдар легін салып, кеше ғана бүлдіршін болып мектеп табалдырығын аттаған ұл-қыздарымызды санаулы уақыттан соң жүйрік уақыт түлек етіп ұясынан ұшырғалы отыр. Мектеп қашан да жақсылық пен ізгіліктің , парасаттылық пен адамгершіліктің және руханиятқа толы ойдың, таным мен тәрбиелі істердің ордасы болған.
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласындағы №39 жалпы орта білім беретін мектепте 11 жыл білім нәрін, тәрбие тағылымын бойына сіңірген перзенттеріміз көзді ашып жұмғанша азамат болып, үлкен өмірге қадам басуға дайындық үстінде. Біздің балаларымыз білім алып отырған №39 орта мектеп- қаладағы дәстүрі бекем, білім мен тәрбиені егіз қондыра білетін қара шаңырақ. Биылғы жылы осы білім ордасынан 11 «А» сыныбында оқитын 27 түлек қанат қақпақшы. «Ата- ананың көз қуанышы – баласы»,- дегендей, біз ата-аналар өз балаларымыздың осы мектептен сапалы білім, саналы тәрбие алғанына өте ризамыз. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»- дейді халық даналығы. Бірінші сыныпқа келгенде мектеп табалдырығын имене аттаған ұл-қыздарымыз осы мектептен білім алды, оқушылық өмірлерінде ұлағатты істердің ұшқынын бойына сіңірді, тәліммен жүрегін суарды, байыпты бағдарын бағыт етіп ұстанды, білім көкжиегін бойына дарытты. Алғашқы әліппені үйреткен ұстазы Рахымжанова Айгерім Төлеубекқызы және эксперимент сыныптарына ағылшын пәнінен ағылшын тілін тереңдетіп оқытқан Қасымханова Нағима Кенжеханқызы сияқты ұстаздар балаларымыздың әрбіреуін жеке тұлға ретінде қалыптасуына жол ашты, жақсы мен жаманды ажыратуды үйретті. Төрт жыл білім берген ұстаздары өз балапандарын бесінші сыныпқа да жеткізді. Осыдан бастап үздіксіз еңбек етіп, екінші анасына айналған Сауле Каттабайқызы Амирбаева жеті жыл сынып жетекшісі, пән мұғалімі, сенімді дос, ақылшы жан бола білді. Балаларға осындай жаны ізгі, жүрегі кең, дархан пейілді, білімді ұстаз білім мен тәрбие бергеніне өте риза болып келеміз. Жақсы адамдарды көрсең, жаның жадырап, мына өмірде жүрегіңе, осындай адамдардың барлығына қуанып, шаттанасың. Менің бүгінгі қалам тербеп, көпшілік назарын аударғым келіп отырған ерекше осындай жан, ұлағатты ұстаз, педагог- психолог, тәлімгер, сынып жетекшіміз Амирбаева Сауле Каттабайқызы- әрбір баланың жеке дамуына, өздігінен ізденуіне, білімді игеруге, бастысы, адами қасиетті бойына дарытуға көп еңбек еткен, әр баланың жүрегінен орын таба білген, қандай жұмыс түрі болмасын бар ынтасымен, керемет іскерлік қабілетімен, өзінің қарапайымдылығы және адамгершілік қасиеттерімен әділдігімен танылып жүрген жан. Сауле Каттабайқызының ата- аналар жиналысын өткізуі, сабақ беруі, тәрбие сағаттарын өткізуі ерекше. Барлық жан дүниесімен беріліп қызықты да, тартымды қылып өткізген іс- шараларына қызыға қатысып үлкен әсер алып шығамыз. Бізден де, балаларымыздан да қатаң тәртіп пен білімді, қадағалауды талап етіп отырады. Ата-аналармен үнемі тығыз қарым- қатынаста жұмыс істеді. Балаларымыз үшін ол кісінің орны ерекше, анасынан кейінгі ақылшы серігіне айналғанына бәріміз де куәміз.
11 «А» сыныбы мектеп- аналарынан, ұлағатты ұстаздарынан білім мен тәрбиені қатар алды, жақсыны үйренді, оң-солын таныды, келешек өмірге бой түзей бастады. « Адамның адамшылдығы... жақсы ұстаздан» демекші әр кезде сүйікті ұл- қыздарымыздың болашағына бізбен қатар алаңдап, сол болашақтың басты қаруы болып табылатын білім атты асыл күшті олардың бойына осы ұстаздар қауымы: Мамыкова Айнур Ахметханқызы, Бакумбаева Гайния Рахымғазықызы, Хихматалиева Лаура Советқызы, Ашмухаметова Шынар Нурмухаметқызы, Сагадиева Раиса Магауияқызы, Рахимжанова Гульмира Толеубекқызы, Капышева Алмаш Ануарбекқызы білім мен тәрбиені сіңіре білді. Ұстаздардың еңбегі ұшан- теңіз. « Ұстаздың бүкіл мақтанышы- шәкірттерінде, өзі шашқан ұрықтарының өсіп- өнуінде » соның айғағы: сыныпта 27 оқушының екеуі «Алтын белгіге» бітіргелі отыр. Олар: Сайлауова Баян және Құдайбергенова Аида. 11 жыл білім нәрін саналарына тоқып, үздік білімі, тәрбиелі мінез-құлқымен ұстаздардың ықыласына бөленген екі оқушыны ерекше атауға болады. Сонымен қатар 6 оқушы үздік аттестатқа үміткер болып, өз білімдерімен сынға түспекші. Махметов Темирлан, Нұрмухаметова Анель, Куркембаева Арай, Қаңтарқызы Гүлнұр, Нұрекенова Азиза, Нұрсынқанова Айнур сияқты ұл-қыздарымыздың үздіксіз еңбектері жанса екен деп тілекші болудамыз. Ғылыми тәжірибелік конференцияның республикалық, халықаралық конференцияға қатысуға жолдама алып отырған оқушыларды да ерекше атағымыз келеді. Үмбетова Мадина /қазақ әдебиетінен/, Махметов Темирлан /физика және география/, Куркембаева Арай /биология/ балаларымызға сәттілік тілейміз.

Ал Асанова Шарбану болса Бразилияда өткен халықаралық конференцияға қатысып, жүлделі 1- орынды қанжығасына байлап қайтты. Шарбанудың жоғарғы оқу орнына түсуге мүмкіндігі кеңнен ашылып тұр. Осы жетістіктерді ұстаздар қауымының маңдай тері, ерен еңбегі деп танимыз. Сыныпта білім алып келе жатқан әрбір бала өзіндік қыры мен сыры бар, өнері мен ерекшелігі бар. «Ұстазы талантты болса, шәкірті талапты болады». -дейді халық даналығы. Шетінен сегіз қырлы бір сырлы балалар. Үздік оқушыларымыз білім бәйгелерінде көзге түсті. Олар өздерін тек білімді шәкірт ретінде дәлелдейді. Күйдің шебері атанған Махметов Темирлан дүйім Қазақстанда өткен талай байқауларда жүлдегер атанды. Республикалық «Ақ берен -2015» байқауында бас жүлдеге ие болды. Спорт әлемінде көзге түсіп, өздерінің мықтылығын дәлелдеген балаларымыз Айгельдин Арман тайквандо, Гатауллин Даниль, Төлеуов Айдын, Демесинов Закария, Нарынбаев Даулет футбол құрама командасында болса ал, Ақылтаев Талғат, Калижанов Қайрат, Лауенов Айбек грек-рим күресіне ал, Аманжолов Дархан қазақша күреске қатысады. Осы балаларымыздың келешекте әлемді де таңғалдыратындығына сеніміміз мол. Қала деңгейінде өткен барлық сайыстар мен байқауларда 11 «А» сынып оқушылары өз шеберлігін, өз қабілетін, өз білімін көрсете білді. Әрине, бұл ұстаздар сіздердің еңбектеріңіз, мектеп – ана сіз көрсеткен сара жол!!!
Біз ата- аналар қауымы, сүйікті де, қасиетті мектебімізге, мектеп басшысы, біліктіде, іздемпаз ұстаз Абылкасимов Қайрыбек Ануарбекұлына және мектеп директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары ұлағатты ұстаз, әр оқушының және ұстаздардың жүрегінен орын таба білген жанашыр тұлға Сепсекенова Айжан Заданқызына, тәрбие жөніндегі орынбасары жаста болса, бас маман Тасқынбаев Арыстанбек Ерболұлына және осы мектептің ұстаздар қауымына, алғашқы ұстазымыз Рахымжанова Айгерім Төлеубекқызына, сынып жетекшіміз Амирбаева Сауле Каттабайқызына шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздер шынында да тамаша дәстүр жалғастығын сақтай біліп, заманауи біліммен қаруландырушылардың өз қоғамдарыңыздағы алғашқы легінде бола білдіңіздер. Сіздердің еңбектеріңіз болашақтың қарлығаштары- сүйікті перезенттеріміз үшін атқарылғандығын біз жақсы түсінеміз. Осы үшін де Сіздерге мың алғыс!!!
«Мұғалімдік мамандық- бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер- ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады»- дейді В.А.Сухомлинский.
Ендеше қасиетті қара шаңырақ №39 орта мектеп ұстаздары балалардың жан дүниесіне үңіле білетін, оқушыларды білім нәрімен сусындыратын, білімді де дарынды тұлғаларға алғысымыз шексіз!!!


Амирбаева Сауле Каттабаевна ШҚО Семей қаласы №39 «ЖОББМ» КММ География және тарих пәндерінің мұғалімі жане 11 «А» класс оқушылары әртүрлі іс-шаралардағы фотолар
 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста