Құқықтық реформа

Алдыңғы орында – адам құқығы

  • Алдыңғы орында – адам құқығы

    Алдыңғы орында – адам құқығы

Еліміз Тәуелсіздік алғалы бері адам құқығын қорғауға ерекше көңіл бөліп келеді. Осы мақсатта талай заңнамалар қабылданып, халықаралық заңдық құжаттарға да қол қойылды. Өйткені адам құқығы – ең жоғары құндылық, оны сақтау алдыңғы қатарлы озық елдердің қатарынан орын алуымыздың кепілі.

Еліміздің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына жете маңыз беруінің айқын бір көрінісі Ата Заңымыздың 1-бабында адам құқықтарын сақтау нормасы бекітіліп, 30-бап тугелдей азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына, мүдделеріне арналған. Бұл демократиялық ашық қоғамда өмірдегі барлық құндылықтардың ішінде адам құқықтары мен бостандықтары ғана ең маңызды болып саналатындығын білдіреді. Адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау тетіктерін іске асыруға, олардың орындалуына кепілдік беруді күшейтуге Елбасымыздың сара саясатының арқасында ерекше назар аударылды. 1994 жылғы 12 ақпанда Елбасымыз Адам құқықтары жөніндегі республикалық комисияны құру туралы Жарлыққа қол қойды. Осылайша елімізде Адам құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті жанында Адам құқықтары жөніндегі комиссия құрылған болатын. Ол адам құқықтарының тұңғыш арнайы ұлттық мекемесі болды. Оның қызметінің негізінде адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып табылатын Елбасы саясатын жүзеге асыру басты мақсаты болды. Осы кезден бастап Адам құқықтары жөніндегі комиссияның жаңа ережесі бекітілгеннен кейін ол Мемлекет басшысының жанында жұмыс істейтін болды. Бұл оның мәртебесінің маңыздылығын көрсетеді, сол себепті комиссияға іс-қимыл жасауға жеткілікті түрде құқық та берілген. Комиссия қоғамдық пікірді, қолданыстағы заңнаманы зерттеп, Мемлекет басшысына адам құқықтары саласындағы жағдай, азаматтық қоғамның сұраныстары туралы мәлімет берді. Сонымен қатар, комиссия адам құқықтары саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге белсенді атсалысып, осы салада халықаралық ынтымақтастықтың күшейтілуіне көмектесті. Адам құқықтары жөніндегі комиссия адам құқықтарын қорғаудың мемлекеттік тетігін жетілдіруге бағытталған бірқатар маңызды шешімдердің қабылдануына өз үлесін қосты деп нық сеніммен айта аламыз. Бұл Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ елімізде адам құқығын қорғауға жете көңіл бөлінгенін білдіреді.

Елімізде әр адамның толық құқығын жүзеге асыру үшін көптеген істер жасалынып жатыр, экономикалық, әкімшілік және ювеналды соттар нәтижелі жұмыстар атқарып жатыр, қылмыстық сот ісі заңда қарастырылған жағдайларда сайланған қосшы билердің қатысуымен жүзеге асырылады. Елімізде іс жүзінде өлім жазасы жойылған. Өз сөзінде еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев бірнеше рет айтып өткендей, «біздің басты жетістігіміз Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген халықаралық стандарттарға сай келетін адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары болып табылады»!

Жалпы еліміздің құқық саласында жасалынған өзгерістердің барлығы ең алдымен халқымыздың құқығы бұзылмай, керісінше құқықтық сауатын арттырып, өмір сүру сапасын жоғарылатуға бағытталған! Бұл құқықтық мемлекетіміз үшін зор жетістік!

Жайық Жанболатов, Қапшағай қалалық сотының судьясы.

 




Көрілген: 136    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.05.2018, 00:30

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31