Құқықтық реформа

Медиацияның маңызы артып келеді

  • Медиацияның маңызы артып келеді

    Медиацияның маңызы артып келеді

Мдиация құқық саласына жасалған тиімді өзгерістердің бірі болып отыр. Құқықтық, демократиялық мемлекет құру жолына бағыт алып өркениет көшіне ілескен тәуелсіз Қазақ елінің заңнамаларында бірқатар өзгерістер енгізілуде. Себебі, қазіргі халықаралық құқықтық қарым- қатынастар, демократияның талаптары, құқықтық құндылықтар, Қазақстан Республикасында заңдарды ізгілендіру, азаматтарды сөзбұйдаға салынушылық пен қағазбастылықтан арылту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау ескерілген.


Сондай өзгерістердің бірі ретінде медиацияны айтуға болады. «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2011 жылы 28 қаңтарда қабылданып, қазір кеңінен қолданысқа енгізіліп келеді. Медиацияның қолданылу ауқымы уақыт өткен сайын артуда. Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қатысуымен азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы iстер бойынша қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында қаралатын даулар (дау- шарлар) және атқарушылық iс жүргiзудi орындау кезiнде туындайтын қатынастар медиацияның қол- данылу саласы болып табылады. Медиация рәсiмi жоғарыда көрсетiлген қатынастардан туындайтын дауларға (жанжалдарға), егер мұндай даулар (жанжалдар) медиация рәсiмiне қатыспайтын үшiншi тұлғалардың және сот әрекетке қабiлетсiз не әрекетке қабiлетi шектеулi деп таныған адамдардың мүдделерiн қозғаса немесе қозғауы мүмкiн болса, қолданылмайды. Сондай-ақ, тараптардың бiрi мемлекеттiк орган болып табылатын кезде, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларға (дау-шарларға) медиация рәсiмi қолданылмайды. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша медиация рәсiмi қолданыл- майды. Медиация деп тараптардың ерiктi келiсiмi бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешiмге қол жеткiзуi мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуiмен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсiмiн айтады


.- Медиацияның негізгі мақсаттары: дауды (дау-шарды) шешудiң медиацияның екi тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткiзу және тараптардың дауласушылық деңгейiн төмендету. Қазір елімізде уақыт өткен сайын медиация әдісін қолдану көбейіп келеді. Қуанарлығы да осы!


Еркенұр Ерзия


 




Көрілген: 1128    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.05.2018, 00:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30