Судьялардың жүктемесін жеңілдетуде көмекшінің маңызы зор

Судьялардың жүктемесін жеңілдетуде көмекшінің маңызы зор

Соңғы кездері қоғамымызда "судья көмекшісі" деген лауазым жиі сөз болуда. Негізі бұл қызмет кейбір елдердің соттарында бұрыннан бар. Судьялардың жүктемесінің ауырлығы осыған дейін сан рет сөз болғанын ескерсек, аталмыш қызмет түрінің маңыздылығын сезіне түсеміз. Яғни көмекшінің болуы ең алдымен судьялардың жұмысын жеңілдетеді. Қазылардың әрбір іске тыңғылықты дайындалуына ықпал етіп, әділ шешім шығаруына жағдай жасайды.

Өйткені, көмекшілеріне сот процесін ұйымдастырудың көзге көрінбейтін ұсақ міндеттерін тапсырған судьяның іске қатысты заңдарды қайталауға мүмкіндік туады. Сонымен қатар, судьялардың көмекшісі сот ісінің ыстығы мен суығын қатар көріп, қазылық жұмысқа әбден төселгендіктен, олардан кейін мықты судья шығары талассыз. Тәжірибе жүзінде судьяның барлық сот ісін жүргізуімен танысқан оның көмекшісі,осы іске төселгендіктен, кейін қайта даярлауды қажет етпейді. Осындай қажеттілігін сезінгендеіктен. қазақстандық сотқа жаңа лауазымды енгізу мәселесі көптен бері қызу талқыға түсіп жүр.

Осы орайда бүгінгі күні “Сот төрелігінің жеті түйіні” бағдарламасы аясында енді тәжірибеге енгізіліп, кейбір сотттарда қолға алынған  “Судья көмекшісі” пилоттық жобасы қазақстандық сот жүйесін халықаралық қалыпқа тағы бір қадам жақындатады деген сенім бар. Бүгінгі күні сот саласында жасалып жатқан жаңашылдықтар мен Елбасы тарапынан қойылып отырған талаптар судьяның қызметіне деген жауапкершілікті жоғарылата түскені байқалады. Сондықтан судьяның талапқа сай болуы үшін, көмекшінің ауадай қажет екені айтпаса да түсінікті. Ең бастысы осы көмекшілікке болашағынан үлкен үміт күттіретін, ізденгіш, судьялыққа ізбасар бола алатын, сот қызметінің қыр-сырына қанық, жастардан құралуы. Ал Судья көмекшілерінің қызметі төрт бағытта жүзеге асуы тиіс. Яғни, көмекшілер судьяларға бірінші, құқықтық ұйымдастыруға, екінші ақпараттық бағыттағы жұмыстарды, үшінші құжаттармен қамтамасыз ету шараларын, төртінші процессуалдық бағыттағы қызметтерді жүзеге асыруға қолғабыс ететін болады. Бүгінні күні сот саласын алға сүйрейді деп отырған бастамадан күтер үміт мол!

Тагай Мейірман, Алматы қаласы Бостандық аудандық №2 сотының жетекші маманы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста