Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы қайта қарала береді

Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы қайта қарала береді

Кейде біздің басқарушы элитамыз үшін тарихи оқиғалар «өтті, кетті, бітті» деп самарқаулықпен бағаланып жатады. Ал көптеген елдерде, әсі­ресе Еуропа елдерінің саясаткерлерінің осыдан бір ға­сыр, кейде тіпті сан ғасыр бұрынғы оқиғаларды тап бүгін көрініс беріп жат­қандай ортаға салып талқылайтыны бар. Мәселен, поляктар осыдан 70 жыл бұрынғы Катынь оқи­ғасын еларалық кездесулерде жиі тілге тиек етіп, Ресей әкімшілігінен осы қас­тандықты мойындауын және өтемақы төлеуін талап етуде. Украиндар Екін­ші дүниежүзілік соғыс кезіндегі КСРО тарапынан оккупация жасалғанын, сон­дай-ақ украин халқына қатысты қолдан аштық ұйымдастырылғанын мо­йындатуды көздеп отыр. Ал жапондар АҚШ әкімшілігін Хиросима мен Нага­саки қалаларын бомбылағаны үшін кешірім сұратқызғысы келеді. Қы­тай тарапы сан ғасырлар бойы жапондардан көрген езгісін ешқашан ұмыт­пақ емес. Айналып келгенде, тарихты қайта қарап отыру болашақ үшін қажет. Әсіресе, көмескіленген саяси стереотиптерден ада көзқарастардың жаңғыруы адамзаттың дамуына септігін тигізері сөзсіз.
Екінші дүниежүзілік соғыстың бір жеңімпазы – доллар
Соғыс дегеніміз – тайталас, сайыс, бә­секе. Бәсекеде біреу жеңіп, біреу жеңі­леді, кейде бәрі бірдей жеңіліс табады. Ендеше, Екінші дүниежүзілік соғыс кімге жеңіс әкеліп, кімнің ұпайын түгендеді? Бұл сауал да тарих ғылымы үшін аса маңызды.
АҚШ-тың Екінші дүниежүзілік соғыс­қа реніші жоқ сияқты. Себебі Екінші дүние­жү­зілік соғыстан кейін Франция, Англия, Гер­мания, Нидерланды, Белгия сынды отар­лаушы державалардың барлығы өз ық­палынан толық айырылып, ортада АҚШ пен КСРО ғана қалған жаңа жүйе пайда болды. Бұл соғысқа дейін АҚШ-тың гео­­саясаттағы маңызы жоқтың қасы еді. Яғни соғыстан кейінгі әлемдік саяси және экономикалық жағдайларды сараптай оты­рып, «бұл соғыста АҚШ жеңіске жетті» деген тұжырым жасауға болады. Фашизм мен социализмнің текетіресі нәтижесінде, 1944 жылы доллар алғаш рет әлемдік валюта ретінде жарияланды. Міне, содан бері АҚШ-тың маңдайына біткен бағы, доллары үстемдігін жоғалтқан жоқ. Оның үстіне осы соғыстың нәтижесінде, АҚШ территориясында Халықаралық банк (кейіннен Әлемдік банкке айналды) пайда болды. Бұл жағдай әлемдік саяси сахнада АҚШ-тың жеңісін біржола бекітті. Мәселен, егер осы уақытта доллардың орнына КСРО валю­тасы әлемдік айналымға шыққан жағ­дайда қазіргі геосая­си жағдайлар өзгеше көріністе болатыны – анық жағдай. Немесе сол кездері КСРО өзін-өзі оқшаулап алмай, әлемдік экономикамен байланысқа түскен жағдайда доллар мен алтынның орнына валюта есебінде жүре алатын көмірін ұсынғанда жағдай басқаша дамуы мүмкін еді.
Соғыс тарихын қайта жазу: қарсылар мен жақтастар
Соғыс тарихын қайта жазып шығуды ерекше талап етіп отырған елдердің қатарына Эстония, Латвия, Литва сынды Бал­тық бойы елдері, сондай-ақ Украина мен Грузия, Молдавия мен Румынияны жат­қызуға болады. Мұнымен қоса, осындай пиғылын ашық айтпаса да, іштей қол­дайтын бірқатар еуропалық мемлекеттер бар. Молдовандар КСРО билігінің бір ұлтты қолдан екіге бөліп, Румыния мен Молда­вияға ажыратып тастағаны үшін қын­жылыс білдіреді. Сұрқия саясаттың құрбандары бұл қасіреттің орнын толты­руға әлі де үміт­ті. Қазір молдавандар арасында Молда­вияны Румынияға қосуды қол­дайтын­дар­дың саны ерекше артып келеді.
Соғыс тарихын қайта жазуды талап етушілердің қатарында Эстония да бар. Эстониялық соғыс ардагерлерінің көбінің Мәскеуде 9 мамырда өтетін жыл сайынғы әскери парадтарға келуден ерікті түрде бас тартуының өзі көп нәрсені аңғартатындай. Жалпы, Эстония өзінің бұл соғыстағы өз үлесін фашизммен емес, «тәуелсіздігіміз үшін күрестік» деп жаңаша тәпсірлей бастады. Нәтижесінде, Латвия мен Эстония­да дәл осы соғыста гитлершілерге қарсы күрескен ардагерлер де, партизандық жасақ құрып, КСРО-ға қарсы күрескен ардагерлер де бірдей құрметтелуде.
Екінші дүниежүзілік соғыстың нәти­желері қайта қаралуына Германияның өзі кет әрі емес. Себебі олар әлемге орны толмас қасірет әкелген зұлматқа жауапты жалғыз халық болып қалғысы келмейді. «Айран ішкен құтылды, шелегін жалаған тұтылды» демекші, мемлекеттерді сыртынан пішіп, бөліске салған державалардың қатарында сопиып жалғыз Германия тұрған жоқ екені белгілі. Оның үстіне, сол кездері Еуропаның тең жартысында фашистік идеологияның ұшқыны бар еді.
Бұл мәселеде Ресейдің ұстанымы – айқын. Өткен жылдары Кремль «Екінші дүниежүзілік соғыстық қорытындысы қай­та қарауға жатпайды» деп ресми түрде жариялаған болатын. 2005 жылы АҚШ се­наты «Ресей Федерациясы Эстония, Лат­вия, Литва елдеріне заңсыз оккупация жасап, агрессиялық жолмен тәуелсіздігін тар­тып алғаны үшін кешірім өтінуі тиіс» де­ген қарар қабылдаған еді. Мұндай мә­лім­деме Ресей­дің қытығына тиетіні екі бастан белгілі. Дегенмен Ресейдің ресми билігі бұл жағдайды мойындамаса да, ғылыми қа­уымдастық тарапынан Ре­сейдің агрес­сия­лық пиғылы деректі түрде әшк­е­реленіп қой­ған. Ендеше оған кім жауап беруі тиіс?
Екіншідүниежүзілік соғысты қайта қа­рау­ды талап ететіндер БҰҰ-ны реформалау­ды қолдайды. Себебі аталған ұйымның әу баста антигитлерлік мемлекеттердің басын қосатын мекеме болды. Сол уақытта фашизммен күресуші бірқатар елдер бірлесіп осы мекемені құрған болса, сол елдер БҰҰ ше­шімдерінде доминантты рөл ойнап отыр.
Айтпақшы, екіншідүниежүзілік соғыс та­рихын қайта жазып шығу мәселесіне ба­рынша қарсылық білдіруші елдердің қата­рында Израиль де бар. Себебі Израиль мемлекеті – Екінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде пайда болған мемлекет.
Соғыстан не түюге болады?
Жалпы, адамзат қауымы қаншама зұлмат оқиғаларды бастан кешсе де, қате әрі қатерлі идеологиялар үшін нақты кімдер жауапты болатыны жөнінде анықтама жасап үлгерген жоқ. Мәселен, соғыс аяқталғаннан кейін фашистік идеоло­гияның адамзатқа әкелген барлық қасіреті бір ғана Гитлердің мойнына іліне салады. Ал оның саясатына демеу болған саяси топтар мен мемлекеттер, генералдар мен офицерлер, қала берді, оны көтермелеп, қолдау білдірген барша қоғам өкілдері жауапкершіліктен жалтарып кетті. Мұндай логикалық ақаулық қазір де жоқ емес. Бір ғана мысал, жуырда АҚШ әкімшілігі Ирактан ешқандай да жаппай қырып-жою қаруының табылмағанын мәлімдей отырып, бұл операцияның қателік болғанын да жоққа шығармады. Енді қарап отырсақ, АҚШ-тың Иракка кіруінен есепсіз адам шығыны орын алды, экономикалық зар­дабы мен моральдік қысымы – өз алдына бөлек әңгіме. Соның барлығы бір ғана Джордж Буштың қателігі ретінде, мейлі тіпті «республика­лық­тардың» ғана қатесі ретінде қабылдануы – абсурд.
Яғни бірқатар философ ғалымдардың қазіргі әлемдегі демократиялық сайлау жү­йесінің де толық жетілмеген жүйе ретінде атауымен де келісуге болады. Логикалық тұр­ғыдан қарағанда, халық қателесіп Гитлерді сайлап алған болса, оның жасаған қа­сіреті үшін сайлаушы халық жауап беруі тиіс қой. Бұл жағынан келгенде, Екінші дүние­жүзілік соғыстан бері Жапония мен Гер­манияның мемлекет басшысын сайлау ба­рысында үміткерлерді тек партиялардың ұсы­нысы бойынша ғана таңдап алуы жөн-ақ.

Сарапшы пікірі:
Марат ШИБҰТОВ,
саясаттанушы:
– КСРО дәурен құрып тұрған шақта бұл соғыс талқылауға жатпайтын тақырып болғандықтан, оған саяси баға беру процесі енді ғана басталғандай. Демек, бұл соғыстың адамзат алдындағы саяси мәні мен мағынасы әлі талай талқыға түсіп, ғылыми-зерттеулерге арқау болары анық. Сондықтан бұл тақырып біз үшін де жат емес. КСРО-ның құрылтайшы елі болмасақ та, ертеңгі күні КСРО-ның агрессиялық іс қимылдарына, оккупацияларына бізді де кінәлі етіп шығуы ғажап емес. Сондықтан біздің тарихшыларымыз өз мүддемізді қорғауда мұқият болуы қажет.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста