Қылмыс

18 жастағы Назерке Әріпті өлтірген такси жүргізушісіне үкім шықты

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Алматы қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты 18 жастағы бойжеткенді өлтірген такси жүргізушісін 21 жылға соттады.


Сот жабық режимде өтіп жатыр. Ер адамға "Кісі өлтіру" бабы бойынша айып тағылған.


"Үкім шығарылды, енді шағым түсіреміз. Ол осының алдында жаза мерзімі біткенге дейін түрмеде отырған жоқ. Жақсы тәртібі үшін босатқан, сол себепті бұл жолы да солай істемейді дейтіндей кепіл жоқ", — дейді қаза тапқан қыздың анасы Сәуле Сарбаева.


Бойжеткенді зорлады деген айып айғақтардың жоқтығынан дәлелденбеді. Алайда қыздың анасы айтқандай, екі ай жоғалып кеткен бойжеткеннің денесінің "сау тамтығы қалмаған".


Назерке Әріп 10 шілдеде Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Туыстары оны Алматыға кетті деп ойлайды. Іздеу екі ай жүргізіліп, қыздың денесі бейіт басынан табылған. Бойжеткенді 6 қыркүйекте жерледі. Оны зорлап өлтірді деген күдікпен 33 жастағы такси жүргізушісі ұсталды.


Күдікті үш рет сотталған. Бұдан бұрын кісі өлтіргені үшін түрмеге түсіп, жақсы тәртібі үшін босап шыққан.


Sputnik


 


 




Көрілген: 711    Пікірлер: 0

жұма, 29.12.2017, 11:00

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
28 Наурыз, 00:56
Медиация институты

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30