Қылмыс

WhatsApp арқылы таралған балалардың ұрланғаны туралы ақпарат жалған боп шықты

  • WhatsApp арқылы таралған балалардың ұрланғаны туралы ақпарат жалған боп шықты

    WhatsApp арқылы таралған балалардың ұрланғаны туралы ақпарат жалған боп шықты

Талдықорғанда балалар ұрланды деп жалған ақпарат тарату күдігімен 3 адам ұсталды. Бұл жайында ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


 «Соңғы уақытта WhatsApp арқылы балалар ұрлануда деген хабарламалар таратылуда. Ол шындыққа еш жанаспайды. Алаңдауға ешқандай себеп жоқ. Азаматтарға көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке түрткі болатындығын ескерткім келеді.


Бүгінгі күні Талдықорғанда балалар ұрланды деп жалған ақпарат тарату күдігімен 3 адам ұсталды», – деді Алмас Садубаев.


Сонымен қатар ол кәмелетке жасы толмағандарға қатысты қандай бар бір құқыққа қайшы әрекеттер туралы ақпаратты білген болса, онда оны өзімен байланысты адамдарға емес полицияға хабарлау қажет екендігін атап өткен.


«БАҚ өкілдері мұндай ақпаратты жарияламас бұрын оның анықтығын ІІМ мен ІІД баспасөз қызметтерінен анықтап алуды өтінемін. Азаматтардың, әсіресе балалардың өміріне қауіппен байланысты жалған ақпарат ел халқының арасында дүрбелең туындатуы мүмкін», – деді департамент басшысы.


ҚазАқпарат.




Көрілген: 396    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.12.2017, 22:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Наурыз, 00:56
    Медиация институты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31