Қылмыс

Әжесін өлтірген жігіт 8 жылға сотталды

  • Әжесін өлтірген жігіт 8 жылға сотталды

    Әжесін өлтірген жігіт 8 жылға сотталды

Қостанай облысында әжесін өлтірген жігіт 8 жылға сотталды, деп хабарлайды Baq.kz.


Ағымдағы жылдың 7 ақпанында Жітіқара ауданының Жалтыркөл ауылында ішімдік ішкен 34 жастағы ер адам өзінің 87 жастағы әжесін ұрып-соғып, салдарынан кейуана қайтыс болған.


Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдегендей, ол сол күні далада ағаш бұтап, қар тазалаған. Жұмыс барысында ішімдік ішкен. Жұмысын аяқтап, үйге кірген жігітке әжесінің керуетінің қасында еркек адам жатқандай көрінген. Оған тап берген сотталушы жәбірленушіні соққының астына алып, басынан ұрған. Біраздан кейін ұрып-соғып жатқан адамның әжесі екенін байқаған. Кейуананың халі нашар екенін көрсе де немересі жедел жәрдем шақырмаған.


Келесі күні ғана ол әжесінің жансыз жатқанын көріп, көршілеріне хабар берген.


Қостанай облысының Жітіқара аудандық сотында ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі бойынша қаралған қылмыстық істе айыпталған 34 жастағы ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, оған 8 жылға жалпы тәртіптегі колонияда бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.


Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.




Көрілген: 207    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 20.04.2017, 17:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31