Қылмыс

Ажырасқан әйелін қайтара алмаған ШҚО тұрғыны оның әпкесі мен анасын пышақтап тастады

  • © delfi.ee

    © delfi.ee

Өскемен тұрғыны өзімен ажырасқан әйелін кері қайтару үшін оның әпкесі мен анасына пышақ жарақатын салды. Бұл туралы NUR.KZ порталы altaynews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.


45 жастағы Арбоб есімді азамат Тәжікстаннан Қазақстанға көшіп келіп, елімізде отау құрады. Ер адам егіз қыздардың әкесі атанғаннан кейін ішкілікке салынған.


Әйелі Ольга оның ішіп алып, соққыға жығатынынан әбден қиналғандықтан, Арбобпен ажырасып тынады. Арбоб әйелін тіпті перзентханадан шыққаны жаңа болса да, ұрып-соққан екен.


Балаларымен бірге анасының үйіне көшіп барған Ольганы бұрынғы күйеуі бір ай өткесін іздеп барады. Ол туыстарынан қомақты ақша алып, пәтер сатып алатынын әйеліне айту арқылы Ольганы қайтарып алғысы келген екен. Алайда анасы ер адамды қызына жолаттырмай қояды.


Бірнеше айдан кейін Ольганың әпкесі анасымен бірге Арбобтың үйіндегі тоңазытқышты алып кетпек болғанында, мас күйдегі Арбоб енесіне және әйелінің әпкесіне пышақ соққыларын жасайды.


Ол екеуінің ажырасуына енесінің кінәлі екенін айтумен болады. Ольганың анасы арпалыс кезінде полицияға хабар беріп үлгерген. Ал ашуы басылған Арбоб не істегенін түсінгеннен кейін өзіне пышақ соққысын жасайды.


Ольганың әпкесі емханада тіл тартпай кетті. Ал анасы тірі қалды. Аман қалған бұрынғы күйеуі болса сотта жауапқа тартылмақ. 




Көрілген: 457    Пікірлер: 0

жұма, 05.01.2018, 11:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30