Қылмыс

"Әкем қан-жоса болып жатты". Күйеуі ата-анасын атып тастаған келіншек мән-жайды айтып берді

  • ©

    © "Мой город"

Оралда күйеу баласы атып тастаған 60 жастағы әжейдің қызы Надия Давлетшина оқиғаның қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды "Мой город".


Оның сөзінше, әйел бұрынғы күйеуі Рустам Әбдірахмановпен сегіз жылдан бері тұрмайды.


"Бірге тұрмаймыз, тату-тәтті айырылыстық. Үйленгеннен кейін бір жыл өте ата-анаммен Оралда тұра бастадым. Рустам Ақсайда анасымен қалған. Ильдар атты ұлымыз бар, сегізге толды. Араларына түскен жоқпын, демалыста үнемі алып кететін. Бірақ соңғы рет демалыстан кейін ұлымызды ұрлап әкеткен, үш апта қайтара алмай жүрдік. Бұған мектепте оған бәрібір ештеңе үйретпейді деген сылтау айтты", - дейді Надия.


Әйелдің сөзінше, мұндай болатынын ол мүлде күтпеген.


"Әдеттегідей үйге жиналдық. Үйге біреу келіп, анам есікті ашуға кеткен. Аузын ашып үлгерген жоқ, оқ атылды. Есікке жүгіріп бардық, анам қансырап жатты. Бұрынғы күйеуім болса мылтықты әкеме бұрып, тағы атты. Ұлымды алып дәретханаға жасырындық. Үрейім қашты, сәлден соң сыртқа қарағанымда әкемнің іші ақтарылып жатқанын көрдім. Соған қарамастан, есікті жауып үлгеріпті. Жедел жәрдем мен полиция шақырдым. Ұлым қалшылдап кетті, бәрі көз алдында болды ғой. Көршілерім айтады, бұрынғы күйеуім оқ атқан соң мылтықты қойып, біреумен телефон арқылы сөйлесіп кетіп қалған. Ұлымызға келген деп ойлаймыз. Ол тастап кеткен сөмкеде баланың киімдері мен пышақ табылды. Неге олай еткенін білмеймін, кеше сотта бізді ресми түрде ажырастырған. Бірақ бұл екі жақтың келісімімен болды ғой. Алайда ол сот отырысына келмеген болатын", - деп жылады әйел.


Надияның айтуынша, біраз уақыттан кейін полиция оның бұрынғы күйеуін ұстаған. Ер адам еш жерде жұмыс істемеген және мүгедектігіне байланысты тіркеуде болған.


"Бостандыққа ешқашан шықпайтындай, барынша қатал жазаланғанын қалаймын", - дейді ол.


Еске салайық, 10 мамырда Оралдағы Строитель ықшамауданыда ер адам енесі мен қайын атасын атып тастаған. Егде әйел оқиға орнында көз жұмды. Жарақат алған қария ауруханаға жеткізілді. Оған алты сағатқа созылған ота жасалды. Қазір оның жағдайы ауыр.


Тengrinews.kz

 




Көрілген: 246    Пікірлер: 0

жұма, 11.05.2018, 17:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30