Қылмыс

Ақмола облысында атышулы ауыл әкіміне қатысты қылмыстық іс басқа бапқа ауыстырылды

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Ақмола облысындағы Курск ауылдық аймағының бұрынғы әкіміне қатысты қылмыстық іс басқа бапқа ауыстырылды. Владимир Рагозный бұған дейін ауылдасы Баржақсы Жәмішевті «өз-өзін өлтіруге итермеледі» деген күдікке ілінген еді.


Естеріңізде салсақ, оқиға осыдан екі ай бұрын болған. 47 жастағы азаматты туысқандары шалажансар халде әкімнің жеке көлігінен тапқан еді. Жәмішев сол күйі есін жимастан көз жұмды.


Полиция сол кездегі Курск ауылдық аймағының басшысы Владимир Рагозныйға қатысты жерлесін «өз-өзін өлтіруге итермеледі» деген бап бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын.


Бірақ марқұмның туысқандары мұнымен мүлдем келіспеді.


Енді Қостанайда жасалған сот-медициналық сараптаманың қорытындысы дайын болып, қылмыстық іс қайта қарастырылды. Сөйтіп, ол «Өлімге әкеліп соққан ауыр дене жарақаттары» деген бапқа ауыстырылды.


Сондай-ақ, бұл күдікке онымен бірге болған тағы бір азамат ілігіп отыр.


ktk.kz


 




Көрілген: 469    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.05.2018, 09:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30