Қылмыс

Ақтөбе-Орынбор тасжолында КамАЗ жүргізушісін белгісіз біреулер атып кетті

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Ақтөбе-Орынбор тасжолында 52 жастағы КаМАЗ көлігінің жүргізушісін белгісіз біреулер атып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«19 сәуір күні Ақтөбе-Орынбор тасжолының 35 шақырымында КаМАЗ көлігінен 52 жастағы жүргізушінің мәйіті табылды. Ол оқ жарақатынан көз жұмған. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіру» бабы бойынша іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тергеуге байланысты өзге ақпарат құпия ұсталады. Ал облыстағы тасжолдарда патрульдік қызмет күшейтілді. Құқық қорғау органдары жағдайды бақылауда ұстап отыр»,- деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.


Айта кетейік, жол бойында оқ ату дерегі Ақтөбеде бұрын да тіркелді. 6 сәуір күні Мәскеуден Қырғызстанға бағыт алған шағын автобусқа оқ атылып, жолаушының ақшасы мен алтын бұйымдарын тонап кеткен болатын. Жолаушы ауруханада ем қабылдап, еліне жіберілді. Ал тергеу жалғасып жатыр.  




Көрілген: 300    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.04.2018, 16:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31