Қылмыс

Ақтөбеде 15 жастағы оқушыны зорламақ болған педофил табылмай жатыр

  • © dnoticias.pt

    © dnoticias.pt

Ақтөбеде таңертең сабаққа шыққан оқушы педофилдің құрбаны бола жаздады. Бұл туралы NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі хабарлайды.


Ер адам 15 жастағы қызды қараңғы подъезден сүйреп, үйдің артына апарған. Педофил қызды жұлқылап шешіндіріп үлгергенімен, ойын жүзеге асыра алмайды.


Көмек сұраған қыздың дауысын сабаққа бара жатқан басқа оқушы естіген. Көмек шақырып жүрген екінші адамды көрген педофил қыздың телефонын тартып алып қашып кеткен.


Оқиға 19 қазан күні болған. 8 наурыз көшесіндегі «18а» тұрғын үйдің арты ретро саябақпен шектеседі. Үйдің артында саябаққа шығатын жол


болмағандықтан, көп адам жүрмейді. Ер адам ойын сол жерде жүзеге асырмақ болған. Педофилдің кім екені әлі күнге дейін белгісіз.


Ересек адамның құрбаны бола жаздаған оқушы қорқып отыр.


«Кім екенін біле алмай жатыр. Біз қорқып отырмыз. Мұны көрген қызымның жағдайын сұрамасаңыз да болады. Әбден қорқып қалған. Әйтеуір, аман қалды. Енді тезірек педофилдің ұсталғанын тілейміз», - дейді қыздың анасы.


Полиция педофилдің фотороботын жасап шығарған. 30-40 жас шамасындағы азиат нәсілді адамның кім екені әзірге анықталған жоқ.


Педофил оқушының «iPhone 5» маркалы ұялы телефонын қолды қылған. 




Көрілген: 313    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 23.10.2017, 20:16

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
3 Қараша, 19:11
Тінту тәртібі қандай?

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30