Қылмыс

Ақтөбеде 40 жастағы педофил інісінің қызын алты жыл бойы зорлаған

  • © tengrinews.kz

    © tengrinews.kz

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында 12 жастағы қызды алты жыл бойы зорлап, азғырып келген ер адамға қатысты үкім шығарылды, - деп хабарлайды Timeskz.kz.


Сотта 40 жастағы ер адамның 2016-2017 жылдар аралығында інісінің асырап алған қызын зорлағаны анықталды. Қыз бұл сұмдықтың бәрін шешесінен жасырып қалған.


Сотқа дейінгі тергеу барысында қыздың 6 жастан бастап зорланғаны анықталған. Құқық қорғау органдары педофилді ұстап, қамауға алған.


Сот ер адамды кәмелетке толмаған адамға қатысты күш қолданып жыныстық қатынас жасады және жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланды деген тоқтамға келіп, ҚР Қылмыстық кодексінің 120 және 124-баптарының негізінде 17 жылға бас бостандығынан айырды.


Ол жазасын барынша қауіпсіздік деңгейіндегі атқару жүйесі мекемесінде өтейді.


Сонымен қатар, сотталушы балаларға қатысты қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды. Келтірілген моральдық шығынды (1 миллион теңге) өтеу туралы азаматтық талап-арыз толықтай қанағаттандырылды.


Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Тengrinews.kz

 




Көрілген: 1100    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 31.10.2017, 09:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қараша, 19:11
    Тінту тәртібі қандай?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30