Қылмыс

Ақтөбеде 40 мың доллар пара бермек болған прокурорға үкім шықты

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Ақтөбеде жұмысына салғырт қарағаны үшін жүріп жатқан тергеуді тоқтатпақ болып, пара беруге оқталған прокурорға үкім шықты. Есентұр Қадыров 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Прокурор болып жұмыс істеген Есентұр Қадыровқа қатысты тергеу жұмыстары өткен жылы 14 қарашада басталды. Сотталушы тергеу кезінде қамауға алынып, кейін ол бұлтартпау шарасы - үйқамаққа ауыстырылды.


Бұған дейін хабарлағанымыздай, соталды тыңдауы кезінде сотталушы Есентұр Қадыров тергеуде өзін айыптайтын айғақ табылмағанын айтып, істі тоқтатуды сұрады.


Судья Ербол Әбдіхалықов сот отырысын жалғастырып, бейнематериалдарды қарады. Бейнематериалда 40 мың долларды көліктен тәркілеу, санау, саусақ ізін анықтау жұмыстары жүргізілді. Сараптама қорытындысы кезінде ақшадан сотталушы Есентұр Қадыровтың саусақ ізі анықталмады.


Бүгін судья Ербол Әбдіхалықов Қылмыстық кодекстің «Пара беру» бабы бойынша сотталушы Есентұр Қадыровты 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.


Айта кетейік, 37 жастағы Есентұр Қадыровтың 2 баласы бар. Ол Қырғызстанда дүние келген.


 




Көрілген: 356    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.05.2018, 14:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31